» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім) на казахском языке
Өртейiн деп отқа көмдiм,
От жүрегiм жанбады.
Жанды апарып жарға бердiм,
«Пара ғой» деп алмады.

Жан, тәнiмдi, иманымды –
Асылымды бойдағы,
Аямадым жиғанымды,
Сонда да көз салмады.

Жар қараса, тiрiлушi ем,
Қарамаса, мен – өлiк.
Рахым етiп қылмады-ау ем,
Ендi үмiтiм қалмады.

Сөйтсем, онда сыр бар екен,
Байқамаппын мен оны.
Қосылайын өлсе деген,
Амалы екен – алдады.

Өлiп едiм, жар бiрiгiп,
Бiр бейiстi таңдады.
Ләйлi, Мәжнүн қарсы шығып,
Ерулiктi қамдады.

Тiрiлiкте қосылысқан,
Шын жар емес, ойнас ол.
Ондай асық – шынға дұспан,
Ол бейiске бармады.

Жар сипатын бiлсеңiз де,
Нәпсiң өлмей, деме жар.
Айла, алдау сөзiңiзге,
Шын хақиқат қанбады.

«Сен – Жарым» деп алдаған еп,
Тиедi оқ боп кеудеңе,
Өкiнедi уайым жеп,
Кiм аныққа нанбады

Автор: nurgul95 | 140 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Өртейін деп отқа көмдім өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Өртейін деп отқа көмдім, шәкәрім құдайбердіұлы Өртейін деп отқа көмдім өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Өртейін деп отқа көмдім, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке