» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі) на казахском языке
Шын асықтың әрбiрi,
Өлiп топырақ болды да,
Жаралыстың тағдыры,
Жаратты менi орнына.

Жарының нұры қосылған,
Мол керемет менде бар.
Жалғыз жарға шоқынған,
Қайда мендей пенде бар?

Менiң жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры.
Оны сезер сiз емес,
Көзге таса бұл сыры.

Жасырып тұр жар өзiн,
Бас көзiмен қарама.
Жүрегiңнiң аш көзiн,
Жардың сырын арала.

Көрем десең жарымды,
Мас бол, жүрек тазала.
Өртеп жiбер барыңды,
Қарсы ұмтылып қазаға.

Көрсең, оған бас ұрып,
Етегiнен айрылма.
Не көрнеу, не жасырып,
Нәпсi ісiне қайрылма!

Бұл сәлемдi есiңе ал,
Егер жетсең тiлекке.
Жар қанжары маған бал,
Сұқсын сорлы жүрекке.

Талай асық жаралсын,
Жар ағызған қанымнан,
Жер жүзiне таралсын,
Жүрегi таза естi жан.

Сайтан қашып асықтан,
Асыл озып жасықтан,
Бейiс болсын бұ жалған,
Кеудеден кетiп сасық қан

Автор: nurgul95 | 127 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Шын асықтың әрбірі өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Шын асықтың әрбірі, шәкәрім құдайбердіұлы Шын асықтың әрбірі өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Шын асықтың әрбірі, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке