алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)

 Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)

Жүректен аққан қанымнан,
Жиiркенбе – нұр деп бiл,
Сайраған бұлбұл зарынан,
Нұрланады қызыл гүл.

Гүлге асық боп сайраған,
Қызыл тiлдi қайраған,
Iшiнде оты қайнаған,
Мұңлы, шерлi мен – бұлбұл.

Қайық қылып денемдi,
Ақыл билеп кемемдi,
Ой сырқырап жөнелдi,
Шетсiз судан өтер бiл.

Жарға жетсем болғаны,
Суалған көңiл толғаны,
Басыма қыдыр қонғаны,
Ақсам-дағы миллион жыл.

Басқаны сенен бiлмесем,
Қайғырмасам, күлмесем,
Дүниенi көзге iлмесем,
Кiм мендей ер, кiм әдiл?

Жендет, көзiң маған сал,
Иманым мен жанымды ал,
Жаңа жан мен иман сал,
Қайта жарат, рахым қыл.

Бұл мен емес, шын менi
Жарат, жоғалт өзгенi,
Тазарт мына дүниенi,
Бұл адамнан қалсын тұл.

Әлемдi мен билесем,
Зұлымдықты сүймесем,
Залымды ұндай илесем,
Нәпсi болса маған құл.

Дұспаным атса маған тас –
Жар жiберген көз бен қас.
Ұстап сүйiп болам мас,
Бал ғой менi сөккен тiл.

Күншiл, менi күндесең,
Бұл сөзiмдi мiн десең,
Тiлiңдi кесем үндесең,
Мейлiң жыла, мейлiң күл

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы