Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты

Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
Ғылыми жобалар
Толық

Дүниеге ерлігімен танылған

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман.
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.
Жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.1941 жылы 22 мауысымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Неміс басқыншылары шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі – кеше ғана елі 105 жылдығын атап өткен қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау мекенінде дүниеге келген. Анасы-Рәзия, әкесі-Момыш.
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды, Талғардың тік иықты
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
Қалтыраған атынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы,
Даңқ туын майдандағы көтерген .....
Шығармалар
Толық

Ұлылар ерлігі –ұрпаққа үлгі

Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерлік- жігерін сынайтын ұлы емтихан.
Б.Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған қанды майдан жылдарының аяқталғанына 71 жыл. Адамзат үшін аз уақыт болмаса да , тарих үшін көп емес. Алайда, мыңдаған ананы бауыр еті баласынан,талай жанды сүйгенінен , қаншама бауырды бір-бірінен айырған бұл соғыстың қазақ тарихында алар орны ерекше, салған жарасы терең, соғысты көзімен көрген ата-әжелеріміздің еске түсіргенде көзіне еріксіз жас келуі осының белгісі.
«Ердің туы – намыс» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай сол замандағы КСРО елдерін жаулап алу мақсатында басталған сұм соғыста біздің ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз намысты қолдан бермей , біздің болашағымыз үшін аянбағанына, қасық қаны қалғанша Отанын қорғанына тарих куә. Барша адамзаттың жадында сақталған бұл соғыс артында өшпестей орны толмас өкініштерді қалдырды. Бізге , қазіргі жас ұрпаққа, қаншама боздақтарды қыршынынан қиып, талай елді-мекенді жермен жексен қылған сұм соғыс жылдарын еске алудың өзі үрей туғызады. Біздің бейбіт аспан астында алаңсыз өмір сүріп жатқанымыздың бағасының қаншалықты қымбат екенін тарих беттеріне зер салып қарасақ, еріксіз сезінуге болады. Фашистік Германия ашқан бұл соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмап, талай шаңырақты шайқалтты, талай боздақтар өмірдің қызығын көрместен, бақилық боп кетті.....
Шығармалар
Толық

Тарихи деректерде Томиристің ерлігі қалай сипатталған (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар
Сабақ тақырыбы: Тарихи деректерде Томиристің ерлігі қалай сипатталған
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Батырлардың бас идік ерлігіне!

Соғыс берді аналарға жесірлік,
Дей алмаймыз «Санамыздан өшірдік»
Боздақтардың қаны судай төгілген
41- де көрмеді жұрт не сұмдық?
- Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты. Табаны күректей 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы ел басына ауыр сын болып төнді. қаншама ана баласынан айырылып қалғанымен, қанша бүлдіршін тұл жетімге айналғанымен қайғы жамылған ел-жұрт еңсесін түсірмеуге тырысты. "Бәрі майдан үшін, бірі Жеңіс үшін!" деген жалынды ұранның заңға айналған тұсы еді.талай боздақтар қанқұйлы жауға қарсы аттанды, талайы майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Соның ішінде ерекше атап өтетін халқымыздың батыр ұл-қыздары да бар. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО бойынша 11600-ден астам адам ерлігі ұшін Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соның 497-і қазақстандықтар, ал қазақтар 97 болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгер К. А. Семенченко еді. ....
Шығармалар
Толық

Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері біраз уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлауы керек еді, дегенмен де аталарымыздың қатары азайып, барларының өзі қартайып, уақыт өз әмірін жүргізуде.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Сол аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні.....
Шығармалар
Толық

Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Шығармалар
Толық

Ер ерлігі – бізге үлгі

Адамзат баласы айрықша атап өтетiн есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Соның ішінде Мамырдың 9-ы ең шоқтығы биiк жасампазы, ең салтанаттысы, бiрегейi. Ұлы Жеңiс мерекесi - бір жағынан қуанып, бір жағынан ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күн ретінде атап өтіледі. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi басып кіріп соғыс ашқан фашистiк Германия 1945 жылғы мамырдың 9-ында тізе бүгіп, жеңіліске ұшырады. Рейхстагқа Жеңіс туын қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірде тігіп желбіретті. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды! Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр- қайратының, ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді. Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге біркісідей көтеріліп, елін жерін қорғап қалды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Біздің ел тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жетті.
Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендерімен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, солардың ішінен облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олар Таштемір Рустемов, Ботабай Садықов, Зиямат Хусанов, Владимер Вишневецкий. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып, соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты....
Шығармалар
Толық

Аталар ерлігі ұмытылмайды

1941 жыл. 22 маусым. Фашистік Германияның жер шарын қанға бояғысы келген қанқұйлы әскері КСРО-ның шекарасына баса көктеп кірді. Сол күннен бастап аты тарихта қанмен жазылған үлкен соғыс басталды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол КСРО-ны қысқа мерзім ішінде жаулап алуға ұмтылды және әскерлері де мұздай қаруланған еді. Бүкіл Еуропаға қанды шеңгелін мықтап салды. Жалғанды жалпағынан басқан, өздеріндегі күшті еш нәрсеге теңгермеген, жауыздықтың шегіне жеткен фашистер талай қаланның маңын молаға толтырды, талай елді босытып, халықты аяусыз езгіледі. Талай мемлекетті балшықтай жаншып, шалшықтай шашып жіберді. Сол кезде алдарындағы басты мақсат – Совет Одағының уыздай ұйыған тыныштығын бұзып, қызын күң, ұлын күң ету болды. Бүкіл Совет Одағының халқы соғысқа жұмылған жұдырықтай қарсы тұра алды. Әрине, сол кездегі жеңістің өзі батыр аталарымыз бен апаларымыздың өмірімен өлшеніп тұрды. Бұл соғысқа не үшін, кім үшін баратынын анық аңғарған совет жауынгерлері өлімге қасқайып қарсы тұра білді. Оның ішінде, қазақ халқының да үлесі ерекше болды.
«Он оқтың тоғызы Қазақстанның үлесіне тиді» деген сөздің өзі көп нәрсені аңғартса керек. Кәмлеттік жасқа толған қазақтың ұлдары мен қыздары өз еріктерімен соғысқа аттанып жатты. 1931-1932 жылдары 3 миллион қазақ қолдан істелген ашаршылықтан қырылса да, соғысқа 1 миллион 200 мың әскер қоса алды........
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі

Соғыс. Бұл сөзді естісем бойымды қорқыныш билей бастайды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қазақстан тарихында да «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған, 1941 жылы басталған соғыс бүкіл дүние жүзі үшін оңай болған жоқ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл соғыста қаншама адам мерт болды. Неміс фашистері 4 жыл бойы Кеңес Одағына өз үстемдігін жүргізбекші болғанымен, күйретпекші болғанымен, елін сүйген ержүрек батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Жерім деп, Отаным деп, ұрпағым деп өз жанын қиюға дейін барған батырлардың ішінде қазақ ұл-қыздары аз болды ма?! «Соғыс» деген сөзді ести салысымен ұл демей, қыз демей барлығы да Отан қорғауға ат салысты. Сол қиын кезеңде соғыс атаулыны жеңу үшін тылдағы халықтың өзі ерлікке, Жеңіске өз үлестерін егіс даласында, зауытфабрикаларда, үйде өз үлестерін қосып отырды. Ұлы Отан соғысында атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалып, ұрыс даласына жіберіліп отырды.
Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Қазақ халқының ер мінезді қыздары Отаным деп өз жанын құрбан етуге де дайын болды. Оның бірден-бір дәлелі кешегі жас шағын соғыста, елім, жерім деп өткізген Әлия мен Мәншүк секілді әпкелеріміздің ерлігі айқын дәлел болып отыр. Германияның КСРО–ға жасаған бұл соғысы қаншама ананы баладан, қаншама әйелді ер азаматынан, қаншама баланы әкеден айырды емеспе?! Сұм соғыстың зардабынан қаншама адам азап шеккен еді ғой!.......
Шығармалар
Толық