» » » Шығарма: Ер ерлігі – бізге үлгі

Шығарма: Ер ерлігі – бізге үлгі

Шығарма: Ер ерлігі – бізге үлгі казакша Шығарма: Ер ерлігі – бізге үлгі на казахском языке
Эргешова Шахсанам
10 сынып, №12 мектеп-гимназия,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы.
Жетекшісі: Абдулакимов Улугбек Юлдашбекович

Адамзат баласы айрықша атап өтетiн есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Соның ішінде Мамырдың 9-ы ең шоқтығы биiк жасампазы, ең салтанаттысы, бiрегейi. Ұлы Жеңiс мерекесi - бір жағынан қуанып, бір жағынан ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күн ретінде атап өтіледі. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi басып кіріп соғыс ашқан фашистiк Германия 1945 жылғы мамырдың 9-ында тізе бүгіп, жеңіліске ұшырады. Рейхстагқа Жеңіс туын қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірде тігіп желбіретті. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды! Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр- қайратының, ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді. Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге біркісідей көтеріліп, елін жерін қорғап қалды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Біздің ел тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жетті.
Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендерімен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, солардың ішінен облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олар Таштемір Рустемов, Ботабай Садықов, Зиямат Хусанов, Владимер Вишневецкий. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып, соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты. Олардың ерлігін Отан алдындағы перзенттік борышты қалтқысыз орындаудың үлгісіне балаймын. Соғыс жылдары сайрамдықтар осы парызды жанқиярлықпен орындаудың небір үлгісін танытты. Солардың ішінде мектебімізге есімі берілген Кеңес Одағының Батыры атағын алған аталарымыздың бірі Таштемір Рустемов. Оның Отан соғысындағы қаһармандық ерліктері мен
Отанымызды қорғаудағы жанкештілігі үшін мақтаныш тұтамыз. Таштемір Рустемов 1906 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келді. Әскерге шақырылғанға дейін Қарабұлақ ауылында жұмыс істеді. Майданға алғашқылардың бірі болып аттанып, 312ші Смоленск атқыштар дивизиясының 1083-ші полкы құрамында шайқасқан. Ол қызмет ететін алтыншы атқыштар ротасына Смоленск облысының Борисовка деревнясын қайтару жөнінде бұйрық берілді. Қардай бораған миномет және пулемет оқтарының астында Таштемір Рустемов сым шарбаққа алғашқылардың бірі болып жетіп, неміс траншеясына секіріп түседі. Ол гранаталармен, автоматтың оғымен жаудың 19 солдатын, 1 офицерін жер жастандырады, осылайша 4 атыс нүктесін жойып жібереді. Біздің жауынгерлерімізге жол ашады. Оның ең соңғы ерлігі өзінің жерлесі Шымберлеевпен бірге жау окобынан 50 кездей жерде жатқанда жасалды. Біздің жаяу әскерлерді жау жағы пулеметтен атқылап, оқ нөсерінің астына алған. Сол кезеде Таштемір иығымен алға жылжып:"Бәріміз бірдей оққа ұшпайық. Жақындау жылжып барып, граната тастайын!" - дейді. Сөйтіп алға қарай жөнеледі. Таштемір Рустемов жақындап қалғанда оқ атылады. Ол бірнеше қадам жасап барып, жау пулеметінің оқтығын кеудесімен жабады. Біздің жауынгерлер неміс траншеясына секіріп түседі. 1944 жылғы маусымның 3-інде Таштемір Рустемовке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді . Оның ерлігін анасына жіберілген қара хаттан көруге болады.
Осындай ерлік жасаған әр бір ердің есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды.
Соғыс аяқтала салысымен елге аман оралған сарбаздар жаңа майданға - еңбек майданына бел шеше араласты. Ауданымыздың экономикасы мен мәдениетін өркендетуге үлкен еңбек сіңірді. Бұл күндері ел басына күн туып, толарсақтан саз кешкен сол бір ауыр жылдары Отан үшін от кешкен Жеңістен кейін қиындықтарға да қабырғасы қайыспай, туған жерді түлеткен майдангер аталарымыз бен еңбек ардагерлерін әрдайым құрметтейміз, атақабыройын асқақтатып, мақтаныш етеміз. Жеңіс күнін бұл күндері ауылымызда жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл күнге барлық жақсылық жарасады деп білемін. Бейбiт өмiр үшiн ардагер ата-әжелерге алғыс айтамыз, оларға өлең арнап ән шырқаймыз, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоямыз. Қанды қырғын қайта тумасын,ешқашан соғыс болмасын. Соғысты өз көзімізбен көрмесек те оның қаншалықты қайғы қасірет әкелетінін жас жүрегімізбен сезіп білеміз. Ұлы Жеңісті жақындатқан әрбір жауынгердің ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Олар өз өмірін жарқын болашақ үшін қиды. Бүгінгі жас ұрпақ, біздер, олардың сенімін жақсы білім алып, халыққа адал қызмет етіп, Отанымыздың көркейіп дамуына үлес қосу арқылы ақтаймыз. Осындай ерлері көп елде тұратынымды мақтан етемін!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 22 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Соғыс – күйретуші күш
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс – күйретуші күш
Шығарма: Сұм соғыс еш болмасын!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сұм соғыс еш болмасын!
Шығарма: Сұрапыл жылдар
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сұрапыл жылдар
Шығарма: Отан қорғаған қорғаушылар
Шығармалар жинағы
Шығарма: Отан қорғаған қорғаушылар
Шығарма: Ұлы Жеңіске Кентаулықтардың қосқан үлесі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Жеңіске Кентаулықтардың қосқан үлесі
Шығарма: Батырлар әкелген бейбітшілік заман
Шығармалар жинағы
Шығарма: Батырлар әкелген бейбітшілік заман
Шығарма: Есімізде сақтаймыз мақтанамыз!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Есімізде сақтаймыз мақтанамыз!
Шығарма: Желбіре жеңіс жалауы!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Желбіре жеңіс жалауы!
Шығарма: Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін
Шығарма: Адамның өмірін жалмаған соғыс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Адамның өмірін жалмаған соғыс
Шығарма: Болмасын соғыс, болмасын!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Болмасын соғыс, болмасын!
Шығарма: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж
Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Шығарма: Жеңіс күні
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс күні
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ер ерлігі – бізге үлгі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ер ерлиги – бизге улги на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ер ерлігі – бізге үлгі, шығарма Ер ерлігі – бізге үлгі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Ер ерлиги – бизге улги на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен , Шығарма: Ер ерлігі – бізге үлгі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы