Экономика | ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Кіріспе
Халықты әлеуметтік қорғау реформалары кедейлік мәселесін шешу және адамның өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты бағыты болып табылады.
Еліміздің дамуының әр кезеңінде әлеуметтік қорғау деңгейі оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады.
. Сайып келгенде, мемлекеттік басқарудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету,халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан әлеуметтік бағытталған мемлекет болып табылады. Ал бұл дегеніміз, ол мемлекеттік басқару органдары белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі қажет және әлеуметтік мәселелерді шешуге экономиканы бағыттау.
Соңғы жылдары әлеуметтiк процесстерге көп көңiл бөлiнуiн қазiргi кезеңдегi бiздiң қоғамымыздың дамуының мазмұны мен оны басқару формасының күрделенуiмен түсiндiруге болады. Сондықтанда осы процесстердiң өту ерекшелiктерiн, олардың қоғам өмiрiнiң әр түрлi сферасындағы, әр түрлi масштабта, оны басқарудың әр түрлi деңгейiндегi байланысын терең түсiну қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы кәсіпорындар инвестициясының тиімділігі

Кіріспе
Кез келген елге шетелдік инвестициялардың ағыны және олардың эффективтілігі жағымды инвестициялық климаттың бар болуымен анықталады.
Инвестицияның климатты үлгілеу (модельдеу) – мемлекет саясатының шетел инвестицияларын пайдалану және тартудағы маңызды звеносы. Себебі ол, біріншіден шет ел инвесторына әсер ететін факторлардың жүйелік көрінісін береді, екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға, үшіншіден, шет ел іс-әрекет ынтасын сезінуге мүмкіндік береді. Елдегі жағымды инвестициялық климатты қалыптастыру – бұл көрсеткіштердің толық жүйесін құратын, сол кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық климаттың салыстырмалы анализді бағалау негізі болып табылатын әртүрлі шаралар кешені:
1. елдегі нарық потенциалының сипаттамасы; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселередің бірі қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда – лизинг.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы еңбек биржасы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-дағы жұмысшы күші миграциясының негізгі және өзекті мәселелері

Кіріспе.
Қазіргі кезде халық санының көбеюіне байланысты жұмысшы күші де көбеюде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы бері көп уақыт өткен жоқ.Мүмкін сол жайтқа байланысты болар, біздің елде жұмысшы күші миграциясы өзге елдермен салыстырғанда қатты дамымаған. Осы курсты таңдауымның себебі, осы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясының мәселелерін, өзекті проблемаларын кішкене ғана болса да шешу. Оның Қазақстандағы жағдайын, өзге елдердегі миграция жағдайын және осы мәліметерді салыстыру арқылы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясын дамыту. Курстық жұмысты жазу кезінде тек қана жұмысшы күші миграциясын қарастырып қана қоймай, онымен байланысты (мысалы: халық саны, білім деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, және т.б.) көрсеткіштерді қарастыру. Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, рекреациондық (үзіліс, дем алу мерзімі) және туристік т.б. нысандары бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Кіріспе
Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы айтарлықтай жақсарды. Қазір шет елдерде Қазақстан Республикасын Орта Азиядағы қарқынды дамушы мемлекет ретінде танымал. Ондағы шикізат көздерімен, атап айтсақ, мұнай-газ, қара, қоңыр көмір, түсті металлдарымен және т.б табиғи ресурстарымен әйгілі. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы да өз дамуын жоғарғы тартыста көрсетуде. Осы аталғандардың ішінде шағын және орта бизнестің үлесі жоғары.
Совет Одағы ыдырағаннан кейін елімізде қалыптасқан жұмыссыздық, кедейшілік және де қылмыстың тежелуіне көп көмегін тигізді. Белгілі бір орта деңгейлі мамандырылған қызметкерлер саны өсті, коммерциялық қарым-қатынас нығая түсті, сәйкесінше, еліміздегі тұтынушылық нарықтық қабілет те қалыптаса бастады.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік экономиканы дамытушы жүйелердің негізгі тармағына айналды, яғни бұл бизнес түрі динамикалы дамушы, әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда өзекті буынға айналды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің жағдайы мен экономикалық маңызы қарастырылады.Кез келген салада алдын ала бағдарлама жасау арқылы белгіленген мерзімге дейін сол көзделген шараларды орындау керек. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады.Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру үшін оның қазіргі жағдайын біле отырып дамуына талдау жасалады. Қазіргі кезде кез келген бизнесті дамыту үшін оған қосымша қаржы көздері керек, ал ол қаражаттарды тек несиелеу арқылы ала алады. Сондықтан жұмыстың екінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асырылуы және оның шетел тәжірибесінің әдістерін қолдану шаралары қарастырылады. Соңғы бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуындағы проблемалар мен оның перспективалары заңнамаға сәйкес қарастырылады. Кез келген экономикаға қатысты іс әрекет ҚР Заңнамасында тіркеліп, тек заң жүзінде ғана жұмыс істеу керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-да антиинфляциның түсінігі

Кіріспе
Қазақстан таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал оған қол жеткізу едәуір дәрежеде қаржы секторының тұрақтылығына байланысты. Осы орайда қаржы жүйесінің алдында тұрған негізп міндеттер туралы айтып өтсек.
Қаржы жүйесінің және Ұлттык банктің алдына:
— инфляция қарқының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін колдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыруға;
— ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіруге;
— компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестері шамалы инвесторлардың, акционерлердің және құрылтайшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған зан жобасын әзірлеуге;
— мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты баскарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған міндеттер койылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-ғы маркетингтік қызмет көрсету

Кіріспе.
І.Маркенгті қызмет көрсетудің маңызы және ұйымдық құрылымы.
Мемлекеттік кәсіптердің басым көпшілігі өздерінің кәсіби шеңберіндегі міндеттерін атқарумен айналысады да, кызмет нәтижелерін есеп берінен кезде ғана қорытындылайды. Бірақ олар өз ісінің нәтижелілігіне айырыша мүделілік таныта коймайды. Мысалы, өрт сөндіруші — өрттің, ал аурухана дерттің көбейгеніне мүдделі емес. Ал бұған керісінше, коммерциялық байланысты. Осылайша аталған мекемелердік кай-кайсысы болсын, өз кәсіптерінің калайда белгілі бір тиісті нәтиже беруіне мүделі. Әрбір әрекет немесе кәсіп кашанда ізгі ниетпен басталады. Әйтсе де онық нәтижелілігі, сәттілігі тек ішкі ұйымдастырудан ғана емес, кейде тіпті сыртқы факторларға катысты болуы мүмкін. Мысалы, сыркат адам дәрігерге сауығамын деген үмітпен келеді Дәрігер де оған тілектес. Бірақ кажетті дәрі-дәрмек пен медициналық кұрал-жабдықтық жоқтығына байланысты дәрігер максаты орындалмай калуы мүмкін. Сейтіп, көрсетілген клзмет күткен нәтиже бермейді. Бірақ соған карамастан, дәрігерлік көмек көрсету — емдеуге кажетті кәсіп ретінде өз жұмысын жалғастыра береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-ғы лизингтік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Кіріспе
Ғылыми-техникалық үрдістің өндіріс және айналым саласындағы дамуы мемлекетімізде қалыптасып отырған эконмикалық жағдайлардың күрделі өзгерістерге ұшырауына әкелуде. Бұл болса өз алдына елімізде қалыптасушы халық шаруашылықтың материалдық-техникалық базалары мен әртүрлі меншік нысаны бар, негізгі қорлық субъектілердің дамуына жаңа қалыптасқан салттан тыс тәсілдердің енгізумен негізделеді.
Бәрімізге белгілі біздің республикамызда кіші және орта бизнесті дамытуға көптеген реформалар қабылдануда. Азаматтық құқықтағы осы шараларды бекітуге арналған өзгерістер кәсіпкерліктің бұл түрін реттеуге және дамытуға көп серпіліс берді. Азаматтық кодекіске жаңа түсініктер мысалы: лизинг, франчайзйнг, траст т.б. енгізілді.
Тақырыптың маңыздылығы Қазақстан өндірісінің дамуына елеулі кері ықпал тигізетін тәндік және моральдық, тұрғыда ескірген қорлар, артта қалған технологиялық ресурстар көлемімен байланысты келеусіз жағдайларды шешуге бағытталған.....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы