Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау казакша Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
I. Лизингтің теориялық негіздері
1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы
1.2. Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері
1.3. Лизингтің субьектілер үшін артықшылықтары мен кемшіліктері
II . ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау
2.1. Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау
2.2. «Алекс» ЖШС –ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау
III .Кәсіпкерлік қызметті жандандырудағы лиизнгті дамыту жолдары
3.1.ҚР-дағы лизингтік операцияларға қатысты туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары
3.2.«Алекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде лизингті пайдалануды жақсарту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселередің бірі қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда – лизинг.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі. Өндірісте жоғары ғылыми техникалық құрал жабдықтарды негізе отырып, шығаратын өнім сапасын , оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында, отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың өндірген өнімдері, халықаралық сапа талаптарына жоғары бәсекеге төтеп беруі қажет. Міне бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы – лизинг арқылы шешуге болады.
Еліміздегі лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Ол бір жағынан лизингтік компания өз қызметін жандандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс бастылық мәселелерін шешсе, екінші жағынан лизинг беруші компаниялардың қызметін пайдалану арқылы, еліміздің көптеген кәсіпорындары өз құрал жабдықтарын жаңартуға және сол арқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік алды.
Лизингке әр түрлі салықтық жеңлдіктер жасалған. Лизинг беруші мен мпортталған негізгі құрал мүліктері қаржы лизингі үшін, және оны лизинг алушыға жалға беру, қосымша құн салығынан босатылады. Лизинг алушы өзіне қажетті құрал жабдықтарды біршама арзан бағамен импортауға мүмкіндік алды. Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал тізімі тікелей Қазақстан республикасында Үкіметімен бекітілген. Сондай-ақ лизинг бойынша сыйақы да қосымша құн салығынан босатылады.
Лизингік қатынас дамыған және дамушы елдерде қолдану аясы кеңейуде. АҚШ және Европа елдеріндегі лизинг ең тиімді, жоғары икемді қаржы механизмі ретінде қарастырылады. Лизинг механизімінде өзіндік артықшылықтар бар. Лизингтік қатынастың дамуы жалпы экономиканың дамуына бірнеше бағытта әсер етеді:
- лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда .
- лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болғандықтан, капиталған салымдар көлемін көбейтеді.
- лизинг негізгі құралдарды тез арада жаңартудың бір түрі (қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігі арқасында )
- лизинг қаржылық қызмет көрсету нарығында қосыша бәсекелестік туғызады . Лизингтің пайда балуы мен қаржыландыру бағасы төмендейді, қарылық қызмет нарығы кеңейеді. Лизинг көбінесе банк несиесінің баламасы болып табылады. Кәсіпорындарға банк алдындағы міндеттемесінің көбеймеуіне жол береді.
- сондай-ақ лизинг , өндірушілер үшін өндірген өнімдерін өткізудің бір жолы болып табылдаы.
Лизинг қосымша қасиеттерінің артықшылығы бұрынғы Аристотель кезіндеде мойындалған, яғни оның айтуы бойынша: «Байлық пайдаланудан құралады, оған меншік құқығынан емес», басқаша айтқанда пайда табу үшін міндетті түрде меншігінле болуы қажет емес, тек пайдалну құқығы болуы қажет. Ал пайдалну құқығы - бұл лизинг бастысы қасиетінің бірі .
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өнеркәсіптік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойды. Олар жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену, төлемдердің уақтылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарлануынан өткізу нарығының қысқаруы, шикізат материалдарды жабдықтаушыларды іздеуідегі қиындықтар және қаржы ресурсатарының шектеулілігі. Мұндай жағдайда кәсіорындардың өміршеңдігін сақтап қалу мақсатында мынадай қасиеттерге ие болуы керек: жоғары икемділік, ассортиментінің тез өзгеру қабілеттілігіне. Қазақстан нарықтық экономикаға өте дағдарысты жағдайда өтті. Яғни , олар инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, бағаның өсуі және инфлияциялың жоғары қарқыны, өндіріс көлемінің төлемдері, сондай- ақ сауда экономикалық байланыстың үзілуі.
Ең басты мәселелердің бірі, негізгі құралдардың физмкалық, моральдік тұрғыдан тозуы, оның ішінде Қазақстанның басты салаларындағы негізгі құралдардың тозуы. Қазіргі кезде Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шет елден жаңа техникамен жарақтануға мүдделі болып отыр. Жоғары саплы, бәсеке қабілетті өнім шығаруға техникалық құрал жабдықтары ескірген. Кәсіпорндар да оны жаңартуға қаржы тапшылығын сезінуде.
Бұл мәселердің ең тиімді жолдарының бірі лизинг болып табылады. Экономикамыздың барлық салаларында физикалык- моральдік тозған негізгі құралдарды тез арада жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық Қаржы корпорациясының қабылдаған «Лизингті дамыту» бағдарламасының негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелсін шешуде лизингтің маңызды роль ойнайды.
1.Лизингттің теориялық негіздері
1.1. Лизинг түсінігі, мәні мен маңызы
«Лизинг» түсінігі шет ел және отандық әдебиеттерде де кәсіпкерлік қызмет тәжрибесінде де кең қолданылады . Лизинг мәнін дұрыс түсінбеудің арқасында және әр түрлі көз қарастар мен тұжырымдар лизингтік қатынас жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Лизигтің қаржы-каммерцияалық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Жобамен қазіргі экономикалық, қаржылық әдебиеттерде 100-ден астам анықтамалары бар. Ол анықтамаларды талдай отырып, біз лизингті тар және кең мағынада түсіндіре аламыз, келесі белгілеріне сүйеніп: лизинг келісім шарттарының экономикалық-құқықтық мазмұны, келісім мерзімі, лизинг келісімінің обькетілер шеңбері, келісім шартқа қатысушылардың саны мен құрамы .
Лизингтік қызметті біздің елде инвестициялық қызметтің бір түрі болып саналады, яғни негізгі құралдарды сатып алып, оны лизингке беру. Басқаша айтқанда лизинг- бұл лизинг беруші тарапынан уақытша бос қаржысын лизинг алушы эканомикасына салу, яағни инвестициалау болып табылады . Келісім шарта көрсетілген негізгі құралдарды лизинг беруші сатушыдан сатып алып, оны лизинг алушыға құнынайлап өтеу негізінде пайдалану құқығы мен кәсіпкерлік мақсатына қолдануға беріледі. Лизинг берушгі негізгі құралдарды сатып ала отырып , сол құралдардың болашақта лизинг алушымен пайдалануын қаржыландырады, ал сосын өз шығындарын лизингтік төлемдер арқылы толтырып отырады. Нәтижесінде лизинг берушінің инвестициялық қызметі негізінде лизинг алушының негізгі құралдар құрамы толығады. Әлемнің көптеген елдерінде лизингтік қызмет инвестициялық бағытталғандығы мен сипатталады. Лизинг механизімінің мәнін түсінуде әр елде түрліше өзгешліктер бар. Көп жағдайда лизингті аренда түрінде түсінеді немесе құрал-жабдықтың ,көлік құралдарың, өндіріс обьектілерінің ұзақ мерзімді арендасы ретінде түсінеді. Бұлай лизингке анықтама беру оның мән мағынасын толық ашпайды. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан рекшелінеді. Лизинг алушы – бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал жабдықты ғана емес, сонымен бірге меншік құқығымен байланысты міндеттер жүктеледі: мүлікке төлем, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер, оларды сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге төлемдер. Лизинг затына меншік құқығы лизинг берушіде қалады. Лизинг алушы арендатор сияқты әр айда оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг алушы міндетттерінен босатпайды. Сонымен бірге арендаға алғанда екі жақты келісім шарт жасалады, ал лизингке алғанда екі немесе оданда көп жақты келісім шарт жасалады. (№1-2 сызба )
Экономикалық қарым-қатынаста лизинг көп жағдайда қаржылық операция түрінде қарастырып, қор салымының бір түрі деп түсінеді. Кез келген лизинг келісімінің негізгі өзегі –қаржылық, несиелік операциялар болып табылады.
Аренда беруші аренда келісімі Аренда алушы
1-сурет— аренда келісім –шарты
Жабдықтаушы сатып алу келісімі Лизинг беруші аренда келісімі Лизинг алушы
2 –сурет— лизинг келісімі
«Лизинг» термині ағылшынның «to leasе» деген етістігінен шыққан , мағынасы «арендаға алу». Лизинг терминінің көптеген анықтамасы бар, бірақ ол анықтамалардың барлығы лизинг формаларын толық сипаттай алмайды. Лизинг қаржы – коммерциялық , құқықтық, техникалық аспкетілерге ие.
Әртүрлі саладағы мамандар ( юристтер, коммерснттар мен кәсіпкерлер, маркетолог, банкир, сыртқы экономикалық сала қызметкерлері ) лизингті инвестициялық - банктік немесе аренделық кейде іскерлік қызметке жатқызады .
Лизинг- іскелік қарымқатынастың бір түрі, өйткені лизинг шаруашылық тәжрибеге нақты енген өнім өткізудің, инвестициялаудың басты формасы. Мұндай тар және біржақты анықтамалар мен лизинг- бұл аренда , қаржыландыру, несиелеу, тауар өткізулизингтің көп жақты табиғаты мынадай жаңа жұптардың құрылуына себепші болып отыр. Олар: лизинг –несие , несие –аренда, аренда –сату, лизинг –сатып алу , жалдау –сатып алу, сату -қарсы лизинг, сатып алу- лизнг.
Сондықтан кейбір жағдайда лизинг сауда – қаржылық немесе қаржылық – экономикалық операция ретінде жүреді. Австралиялық бизнесмен Вольфганг Хойлер өзінің «Европадағы бизнесті қалай жасау керек» деген кітабында мынадай сұрақ қойған: «Лизинг – аренда келісім шарты ма, әлде несие келісімі ме?» - жауап: «Жалпы лизинг ерекше келісім, жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды.»
Е. Кабатов, Е. Чекмаров, В. Перов сияқты «Лизинг» түсінігін кеңінен талқылаушылардың көзқарасы бойынша, лизинг – бұл күрделі, кешенді келісімдік қатынас, өйткені онда екі немесе оданда көп келісімдер қамтылады ( сату –сатып алу және мүлікті жалға беру келісімдері) .
Е.Чермаковтың тұжырымы бойынша: мүлікті жалға беру – лизинг мәнінің өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлікті сату – сатып алуқатынастары атқарады. Экономикалық мәні бойынша лизинг – қаржылық операцияның жаңа түрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір уақытқа қайтару негізінде арендаға алатын болсақ, онда біз оны негізгі құралдарға жасалған тауарлық кредит ретінде қарастыруымыз керек.
Өз қаржылық рессуртарын пайдалану мен банктік несиенің баламасы ретінде, лизинг – капиталға салымды қаржыландырудың өзіндік ерекше формасы болып таьылады. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынға бірденнен көп қаржылық шығындалмай ақ қажетті мүлікті сатып алуға және негізгі құралдарды үздіксіз жаңартып отырудың мүмкіндік береді.
1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері
Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шет елдік тәжрибе мен теорияда айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. Лизинг түрлерін көрсеткенде оның жіктелу белгілеріне сүйенеміз.
Жіктемелік белгілеріне жататындар:
- қатысушылар келісімге құрамы
- лизингке берілетін мүлік түрі
- оның өтімділік деңгейі
- амортизация жағдайы
- қызмет көрсету көлемі
- операция өтететін нарық секторы
- салықтық және амортизациялық жеңілдік қатынасы
- лизингтік төлемдер сипаты
Қазқстан заңдық актілеріне сәйкес лизингтің негізгі екі түрі көрсетілген: ішкі және халқаралық.
Ішкі лизингтің жүзеге асырғанда лизинг беруші және алушы, сатушы (жабдықтаушы) ҚР резиденттері болуы керек. Ішкі лизинг ҚР заңымен реттеледі. Халқаралық лизингті жүзеге саырғанда лизинг беруші немесе алушы ҚР бейрезиденті болуы мүмкін.
Егер, лизинг беруші ҚР резиденті болса, онда лизинг заты ҚР резиндетінің меншігі болып саналып, лизинг келісім шарт ҚР заңнамасымен реттеледі. Ал керісінше жағдайда халықаралық келісім шарт сыртқы экономикалық қызмет аясында реттеледі.
Қазіргі ауқытта дамыған елдердің шаруашылық тәжрибесінде лизингтің көптеген түрлері қолданылады. Олардың әр қайсысы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Кеңінен тарағандары:
- оперативті (қызметтік) лизинг
- қаржылық (капиталды) лизинг
- қайтарымды лизнг
- іскерлік лизинг (үшінші жақтың қатысуымен)
- тікелей лизинг
- сублизинг
Аталған келісімдердің барлығы лизингтің негізгі екі формасының түрлері болып саналады, олар: оперативті және қаржылық. ҚР « Қаржылық лизинг» туралы заңына сәйкес лизинг негізгі үш түрі көрсетілген, оперативті, қаржылық, қайтарымды (мәні бойынша қаржылық лизинг бір түрі болып табылады). Аталған лизинг түрлерінің кең тараған түрлерін қарастырып өтейік.
I.Оперативті лизинг – бұл ағымдағы аренда келісімі, әдетте мұндай келісім мерзімі, алынған мүліктің амартизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан келісім бойынша белгіленген арендалық төлем мүліктің толық құнын өтей алмайды, нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді. Оперативті лизингттің негізгі ерекшелігі – лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқықығы бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен алынған мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағыда басқа қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сонбықтан лизингтің бұл түрін кейде қызметтік деп атайды.
5
Жалға беруші Өндіруші
(Лизингтік компания) 2
4
1 3
Арендатор
(Жалдаушы)
3-сурет – оперативті лизинг
1) құрал жабдықтарды алуға өтініш
2) алынған құрал жабдыққа төлем
3) құрал жабдық
4) жалгерлік төлемдер
5) келісім мерзімінің аяқталуымен құрал жабдықты қайтару
Оперативті лизинг обьектілері болып тез ескіретін құрал-жабдықтар (компьютер, көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) кіреді. Жалпы оперативті лизинг талаптары лизинг алушыға тиімді, өйткені лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтату құқығы оған ескірген, тозған негізгі құралдарын жаңа технологиялық құралдар мен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Кемшілектері : басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары арендалық төлем, алдын ала аванс төлеу талабы, арендалық келісім шартта келісімді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы тармақтың болуы.
II.Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай ақ мерзімдік төлемдер-сатып алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату, жалдаушыға техникалық қызмет көсету жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімде мерзімі біткенде, мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша сатып алу қарастырылған.
Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизигмүлік иесінің тәуекелін төмендетеді. Мәне бойынша банктің ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда), келісімді орындай алмай жатса, жалдаушыны «банкрот» деп жариялау құқының болуы және т.б.
Қаржы лизинг обьектісіне тұрғын үй (жер ғимарат, құрылғылар), өндірістің ұзақ мерзімді құралдары. Қаржы лизингі қайтарымды және іскелік лизинг түрлерінің негізі болып табылады.
Жалға беруші Өндіруші
(лизингтік компания) (Жалдаудаушы)
Жалдаушы
4-сурет – қаржы лизинг механизмі
1) құрал жабдықты алуға өтініш
2) құрал жабдыққа төлем
3) құрал жабдық
4) жалгрлік төлем
III.Қайтарымды лизинг – екі келісімді білдіретін жүйеден тұрады. Мұнда құрал жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісім шартын жасайы. Әдетте сатып алушы ретінде коммерциялық банктер , инветициялық , сақтандыру, лизингтік компаниялар болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде құрал жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді, тек қосымша қаржыландыруға ие болады. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады, кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында.
1
Лизингтік компания Кәсіпорын
2
5-сурет – қайтарымды лизинг процесі
1) Құрал жабдық құны
2) Ареналық төлем
IV.Іскелік лизинг - лизингтік келісімде үшінші жақтың (инвесордың) қатысуын қарасырады. Әдетте үшінші жақ банк, сақтандыру, инвестициялық..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 28 | 22.01.2019



Загрузка...
Читайте также

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумы, Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизнгтік операцияларды талдау дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін