Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе
Лизингтің теориялық аспектілері
1.1 Лизингтің пайда болу мәні
1.2 Лизингтің жіктелуі
1.3 Лизингтік операциялардың түрлері
Қазақстан Республикасында лизинг бизнесі
1.1 Қазақстанда лизингтік қызметті талдау
1.2 Қазақстан Республикасында қаржы нарығындағы лизингтік компаниялардың қызметіне талдау
1.3 Лизинг Қазақстан экономикасын көтеру құралы ретінде Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары
1.1 Қазақстанда лизинг дамуының проблемалары
1.2 Қазақстанда лизинг бизнесін дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
15 жыл бұрын Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін жариялағанда, ол жаңа туған сәбидей өз өмірін жаңа парақтан бастады. Осы 14 жыл ішінде мемлекетіміз талай белестер мен асулардан өтті. Ол өз істерінде әр тәуелсіз мемлекет сияқты дамуды көздеді. Сол істерінің түпкі мақсаты мемлекетідің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жаңа жоғарғы деңгейлерге жеткізіп, ары қарай болашаққа сенімді қадам басу болып табылады.
Сенімді қадам басу қадам басу дегеніміз – ол мемлекет басшыларының немесе халықтың болашаққа, әйтеуір бір күні жағдайымыздың жақсаруына сенімі емес, нақты уақыттағы істеріміздің болашақта оң нәтижелі болатынын ұйымдастыру.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық тұрақтылығын ұстап қана тұрмай, оның дамуы. Осы жолда мемлекетіміз халықаралық тәжірибеден экономиканың дамуына оң әсер етелді дегеннің бәрін іс жүзінде қолдану.
Тарихтан бәрімізге белгілі, Қазақ елі бөлке бөлініп шыққанда, оның экономиканы алға тартушы, дамуын қолдаушы өндіріс орындары, заводтары мен фабрика, цехтары тозған, ескіріп біткен болды және талан – таражға түсті. Бұл жағдайдың бәрі уақыт өте келе экономикаға теріс әсерін тигізді.
Мемлекет өндіріс орындарын, завод, фабрикаларды жаңғырту үшін жекешелендіруге дейін барды. Бірақ бұның да оңды нәтижелері аса көзге көрінбеді. Сол себепті мемлекет тікелей емес, жанаматүрде араласуға бет бұрды. Нәтижесінде мемлекет қаржы органдарына, ықпал ету арқылы өндіріс орындарын дамыта бастады. Яғни екінші деңгейдегі банктер, басқа да қаржылық компаниялар мен инвестициялық – инновациялық бағдарламалар арқылы. Бұл бағдарламалар экономика дамуына оң әсер ете бастады.
Оның ішінде ерекше көзге түсіп отырған – лизингтік компаниялардың қызметі болып табылуда.
Сондықтан, бүгінгі курстық жұмыста:
• Лизингтің теориялық аспектілері;
• Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайы, оың проблемалары мен оларды шешу жолдары;
• Лизинг қызметіне катысты нарықтық жағдайлар
аталып өтіледі.
I –Тарау Лизингтің теориялық аспектілері
1.1. Лизингтің пайда болу мәні
Лизинг дамуы біздің дәуірімізге дейінгі 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған 20-шы ғасырдың 60 жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция. Швейцария тәрізді елдерде өркен жайып, біртін келе Шығыс Европаның көп елдерінде кеңінен дами бастады. АҚШ-та алғашқы кезеңде лизингтің ауқымды қолданылған саласы қоршаған ортаны қорғауға мамандандырылған құрал-жабдықтарды болды. Қазіргі таңда лизинг арқылы Европа елдерінде кәсіпорындағы қолданыстағы техникалық жабдықтардың 30%, Австралияда 33% несиеленеді. Сонымен қатар, бұл елдерде лизинг операцияларының көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны 15-20% шамасында болып келеді. Бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, іргелі елдердің қатарынан орын алу барысында мемлекеттік пен шағын және орта бизнес саласы өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатнастарын жолға қою мәселесін көкейтесті мәселелердің санатында Жапония, Германия, Бельгия, Италия тәрізді елдерде барлық кәсіпкерлердің 90%-дан астамы шағын және орта бизнес субъектілеріне тәуелді. Көптеген елдерде аталмыш сала жалпы ішкі өнімнің 50%-нан астамын құрайды. Осы орайда кәсіпкерлік ортаның басталмашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау барысында көптеген шет елдердегі мемлекеттерде тәрізді бұл салаға лизинг құралы ұтымды пайдаланады.Лизинг сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жалға беру» деген түсінікті білдіреді.
Лизинг жеке және заңды тұлғаларға белгілі мерзімге келісім – шарт бойынша берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизингке алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизингке беруші – бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизнгтік келісім-шарт негізінде лизингке алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бір мезгілде басқа лизингктік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизингке алушы – лизингктік келісім – шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингктік келісімге қатысушы тұлға.
Лизингке беруші лизингке алушыға негізгі капитал элементтерін келісім - шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлем ақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, төлемдік қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ, басқа жағынан алып қарағанда лизингке беруші және лизингке алушы да ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылық мәнін жоғарылатады.
Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тыйым салынған негізгі құралдардың жіктелуіне жататын кез келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер саналады.
Бағалы қағаздар және табиғи ресурстардың басқа кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез келген тұтынылмайтын заттар лизингтік келісім – шарттың негізі болып есептелінеді. Лизинг объектісі ретінде ғимараттар,мен құрылыстарды, жер учаскелерін және т. б. Тұтынылмайтын заттардыды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.
Лизинг объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделтілген амортизация коэффициентіне сәйкес «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік құнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.
Лизинг объектісінің сатушылар үшін оның артықшылықтары мыналар:
• лизингтің көмегімен сату арнасын каналын ұлғайту мүмкіндіктері;
• лизинг – тұтынушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресте жеңісті қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі;
• дайын өнімдер қорын азайту жолы және капиталдың айналымдылығын жылдамдату мүмкіндігі;
Лизинг арқылы өндіріске инвестор ретінде ақша қаражаттарын салу арқылы лизингтік бизнеске қатысушылар үшін де лизингтік операциялардың артықшылықтары бар.Оларға лизинг беруші тұлғаларды жатқызуға болады.
• лизинг берушілердің тәуекелділіктері төмен. Себебі, лизинг объектісі келісімге кепіл бола аады. Яғни, лизинг беруші лизингке берілген мүлікке меншік құқығын сақтайды;
• өндіріс салаларына мемлекеттік қолдау болған жағдайда отандық бюджет қаражаттарын тарту;
• көрсеткен қызметтері үшін белгілі бір мөлшерде пайда алады.
Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын көптеген Ресей экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды біріктіретін сала деп қарастырады.
Кез келген лизингтік келісімнің негізі қаржылық, нақты айтқанда несиелік операция болып табылады
Мүлік иесі лизинг беруші оны пайдаланушыға лизинг алушыға қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті толық құнына сатып алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен ол соманың орнын толықтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің экономикалық мәні – ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы лизинг берушінің лизинг алушыға берген несмесі. Сонымен, сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бірақ екеуінің арасында өзгешеліктер бар. Бұл өзгешелік ең алдымен, меншік қатнастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінге шегіндіріледі.
Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны иелену құқығынан алшақтандырылады, яғни уақытша пайдалануға берілген меншік құқығы лизингті берушіде сақталынады, ал оны пайдалану құқығы лизингті алушыға өтеді. Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы лизинг берушіде алдын ала келісілген лизингтік төлемдер төлейді. Лизингтік келісім – шарт мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша пайдалануға берілген объект лизинг берушінің меншігінде қалады.
Ал, коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі. Келісім – шарт мерзімі ақталғаннан кейін келісім объектісі лизинг берушіге заттай формада қайтарылады. Лизингтік келісім компенсациялық сипатта да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лизингтік төлемдер жалға алынған құрылғылардың көмегімен өндірілген өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.
Лизинг – негізгі қорларды ұзақмерзімді арендаға ұсыну. Лизингтік компаниялар құралдарды арендаға беру үшін сатып алады: ал арендаға алушы тұлға өз кезегінде шартта келісілгендей құралды өз иелігіне пайдаланадыжәне оны қолданғаны үшін құралдың бағасын төлеп отырады.
Банктердің несиелік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден айырмашылығын келісім – шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала ,беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы арасындағы лизингтік келісім – шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім – шарттар жиынтығы.
Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатысады:
• Лизинг – лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға;
• Лизинг алушы - лизинг келісім – шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға;
• Мүлікті сатушы жабдықтаушы – лизинг берушімен сату – сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға;
• Банк немесе басқа да несиеелік мекеме – лизинг объектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады.
• Сақтандыру компаниясы – лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірег ол шетел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Лизингтік төлемдер – лизингке берушінің мүліктерді сатып алуға кеткен қаржылық шығындарын қайтаратын және белгілі бір сомада пайда алуға мүмкіндік беретін механизм болып табылады. Осыған байланысты лизинг төлемдердің жалпы сомасына төмендегілер кіреді:
• келісім –шарттың барлық мерзімінде лизинг мүліктің толық немесе жақын құнын қайтаратын сома;
• лизингке берушінің көрсеткен қосымша қызметтері үшін төленетін сома ( мысалы, лизинг мүліті сақтандыру және т.б.)
• лизингтік келісім – шартта көрсетілген т.б. шығындар, мысалы, мамандарды оқыту, лизингтік мүлікке техникалық қызмет көрсету оған күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б.
Сонымен бірге, лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктерге салынатын салықты ескеру қажет. Себебі, мүлік лизингтік келісім – шарттың барлық мерзімі ішінде лизингке берушінің балансыпда болады. Лизингтік төлемдері анықтау негізінде төлеу мерзіміне тәуелді лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері жатыр.
Сөйтіп, лизингтік төлемдердің жалпы сомасы тұрақты өлшем болып саналмайды, ол лизингтік мүліктің құнын қайтару жылдамдығына тәуелді. Яғни, лизингтік мүліктің құны аванс төлеу немесе алғашқы төлемдерді көбейту жолдарымен неғұлым тез өтелсе, онда лизингтік мүліктің қалдық құнына есеплінетін өсім ақы сомалары да аз балоды.
Сондай – ақ экономиканың нақты секторын дамыту шеңберінде қаржылық лизингті кең түрде қолдану төмендегідей жағдайларға мүмкіндік береді.
1. Өнеркәсәптік өнімдер өндіру көлемін жоғарлату арқылы оған деген сұранысты жеткілікті түрде қамтамасыз ету.
2. Экономиканың нақты секторана, яғни, өндіріске жаңа техника мен технологияларды енгізуді жеделдету. Елде бәсекелестік өндіріс орындарын құру.
3. Өндірістік салалық құрылымын жетілдіру. Өнеркәсіптік өндіріс дұрыс көңіл бөлінген жағдайда шикізат, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.
4. Дайын өнімдерді шетелден әкелу көлемін азайту. Себебі, еліміздің экономика шеңберінде де өнімдер өндірілуі қажет.
Лизинг шартының орындалу тәртібі
1. лизинг компаниясы мен лизинг алушы арасында шарт жасасу;
2. лизинг компаниясы мен жабдықтаушы компания арасындағы сатып алу шартын жасасу;
3. банк пен лизинг компаниясы арасында займдық келісім;
4. лизинг алушыға құралдарды мүлікті жөнелту;
5. құралдың бағасын жабдықтаушы компанияға лизинг беруші компанияның төлеуі;
6. лизинг беруші компания мен сақтандыру компаниясы арасында сақтандыру келісім – шартын жасау;
7. сақтандыру салымдарын төлеу;
8. лизинг алушының лизингтік төлемдерді лизинг компаниясына төлеуі;
9. лизинг берушінің банктен алған несиесін өтеуі;
Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай отырып, лизингке берілетін объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
• Транспорттық ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол вагондары және т. б.
• Байланыс құралдары радиостанциялар, спутниктер және т. б.
• Ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары;
• Құрылыстық топ крандар, бетон араластырушылар және т. б.
1.2. Лизингтің жіктелуі
Лизингтің түрлерін бөліп көрсету олардың жіктелу белгілеріне байланысты болады.
Олар келесідей сипатталады:
• жалға алынатын объектіге қатысы бойынша;
• лизинг операциясын қаржыландыру түрі бойынша;
• лизингке берілетін мүліктің түрі бойынша;
• лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамына байланысты;
• лизингтік мүліктің өтелуіне байланысты;
• лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты;
• салықтық, кеден және амортизациялық жеңілдіктер иен преференцияларға қатынасына байланысты;
• лизингтік төлемдердің ретіне байланысты;
Жалға алынатын мүлікке қатынасы бойынша лизинг:
 Таза лизинг – бұл жағдайда мүлікті ұстау бойынша барлық шығындарды лизинг алушы төлейді және ол лизинг берушіге тек таза немесе нетто төлемдерді аударып отырады. Отандық лизингтік нарықтағы қызметтердің көбісі таза лизинг болып табылады;
 Толық лизинг – бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті ұстау бойынша барлық шығындарды қаржыландырады. Бағасы бойынша толық лизинг ең қымбат лизинг болып табылады, себебі лизинг берушінің мүлікті ұстау бойынша, қажетті шикізаттарды әкелу бойынша шығыстары өседі;
Қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:
 Бір жолғы срочный лизинг – яғни мүлікті беру бір рет қана жүзеге асырылады;
 Қайталанылатын возобновляемый лизинг – бұл жағдайда бір лизинг келісім – шартының мерзімі біткен кезде, лизинг келісім – шарты жаңа кезеңде жасалады.
Сонымен бірге, белгілі бір уақыттан кецін объектінің тозуына және лизинг алушының қалауына байланысты жаңа мүлік берілуі мүмкін.
 Бас лизинг – лизингтің бұл түрі лизинг алушыға жаңа келісім – шарт жасамай-ақ жалға алынатын мүлік тізімін толтыруға мүмкіндік береді.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардыңқұрамы бойынша лизинг:
 Тура лизинг - бұл жағдайда мүліктің иесі өзі объектіні лизингке береді. Негізінен мұндай мәмілені классикалық лизингтік мәмілеге жатқызуға болмайды, себебі лизингтік компания көрініс таппайды.
 Жанама лизинг - бұл жағдайда мүлік лизингке белгілі бір делдал арқылы беріледі. Бұл мәміле классикалық лизингтік мәмілеге ұқсас болып келеді, себебі мұнда лизинг алушы, лизинг беруші және жабдықтаушы көрініс табады.
......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономика ж, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанда лизингті оптимизациялау шаралары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін