Экономика | ҚР-да антиинфляциның түсінігі

 Экономика | ҚР-да антиинфляциның түсінігі

Мазмұны
Кіріспе.................................................................5-7
І. Инфляцияның түсінігі мен мәні...................................................8-9
1.1. Инфляцияның инфляцияның түрлері мен формалары....9-11
1.2. Инфляцияның даму факторлары мен оның салдары....11-12
ІІ. ҚР-да антиинфляциның түсініг мен мәні .............................13-24
2.1.Инфляцияны реттелу іс-шаралары...................................13-24
2.2.ҚР-да антиинфляция іс-шараларының жүргізілуі..........25-30
Қорытынды.......................................................................................31-32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................33

Кіріспе
Қазақстан таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал оған қол жеткізу едәуір дәрежеде қаржы секторының тұрақтылығына байланысты. Осы орайда қаржы жүйесінің алдында тұрған негізп міндеттер туралы айтып өтсек.
Қаржы жүйесінің және Ұлттык банктің алдына:
— инфляция қарқының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін колдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыруға;
— ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіруге;
— компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестері шамалы инвесторлардың, акционерлердің және құрылтайшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған зан жобасын әзірлеуге;
— мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты баскарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған міндеттер койылды.
Кейінгі жылдары инфляция деңгейі тұракты өсу сипатында болып отыр. Бұған монетарлық және монетарлық емес факторлар қалай әсер етуде? Қайсысының ықпалы басымырақ және себептері неде?
Шынында да, инфляция 6-7% шегінде болған біршама тұрақты 2001-2004 жылдарға қарағанда, 2005 және 2006 жылдары инфляция қарқыны мейлінше жоғары болды. Өткен жылы инфляция 7,5% деңгейінде қалыптасты, ал биылғы жылғы сәуір айынын қорытындысы бойынша жылдық инфляция, яғни 2005 жылғы сәуірмен салыстырғанда 8,9%-ға дейін көтерілді.
Бұл үдеріске себепші болған көптеген факторлар бар. Алайда, олардың ең негізгісі жиынтық сұраныстың, яғни үй шаруашылықтарының кәсіпорындардың, мемлекеттің сұранысының едәуір өсуі болып отыр. Сонымен бірге, бұл өсу жиынтық ұсынысты, яғни ішкі өндірісті және импортты кеңейту қаркынынан асып отыр. Мұндай жағдай бірнеше жыл бойы байқалып жүр. Және де, атап айтқанда, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өсу қарқынында туындап отырған "айырма" бағалар деңгейінін өсуіне әкеліп соғады.
Экономикадағы жалақы еңбек өнімділігінен жылдамырақ өсуде. Тұтынушылық және инвестициялық сұранысты "қыздыратын" бюджет шығыстары өсуде.
Экономиканың барлық субъектілері кірістерінін өсуі нәтижесінде ақшаға деген сұраныстың ұлғаюы секілді инфляция факторын (монетарлық факторлар) атап өтпеске болмайды. Ақша ұсынысының тиісінше ұлгаюы банктердің экономиканы кредиттеуінің ұлғаюымен және шетелдік капиталдың келуімен камтамасыз етіледі, бұл нәтижесінде ақша агрегаттарының өсуіне әкеледі.
Қазақстанға шетел валютасының әкелінуіне және экономикада ақшаның өсуіне екінші деңгейдегі банктердің сыртқы нарықта қарыз алу көлемдерінің өсуі, сондай-ақ әлемдік бағалардын, әсіресе мұнай бағасының өсуі себепші болады.
Осы факторлардың инфляцияға қайсысының көбірек, ал ағымдағы сәтке қайсысының азырақ ықпал ететінің дәл анықтау іс жүзінде мүмкін емес. Бұлардың барлығы инфляцияға ғана ықпал етіп қоймайды, олар өзара да тығыз байланысты. Сондықтан инфляцияның жоғарылауы Казакстанның тез есіп келе жатқан экономикасындағы үдерістердің көрінісі болып табылады.
Мамырдан бастап табиғи монополистер қызметінің тарифтері өсті. Әлеуметтік төлемдер мөлшері артады және басқа да факторлар бар. Осының бөрі екінші жартыжылдықта инфляциялық қысымды күшейтіп жібермей ме?
Сөз жоқ, бюджеттің әлеуметтік шығыстарының көбеюі өмір сұру деңгейін, демек, халыктың тауарларға және көрсетілетін қызметтерге сұранысын да арттырады.
Бірақ бұл жағдайды әсірелеудің қажеті жоқ. 2003 және өткен жылғы тәжірибе көрсеткеніндей, тұтыну бағаларының өсуі бюджеттің әлеуметтік шығыстарының ұлғаюынан емес, оның төңірегіндегі даурығудан туындап отыр. Сатушылар кірістерін арттыру мақсатында бағаны "көтере" бастайды, ал сатып алушылар болашақта кірістерін арттыру үшін сатып алуын көбейте бастайды. "Инфляцияны" күту жағдайы туындайды. Бұл табиғи үдеріс. Бірақ биылғы жылы, біздің ойымызша, күтілетін жағдайлар қолайлы қалыптасып отыр, яғни бағаның күрт және негізсіз көтерілуі байқалмайды.
Кәсіпорындардың — табиги монополистердің қызмет көрсету құнының жоғарылауына келсек, онда басқа нарықтарда тауарлардың және қызмет көрсетулердің бағалары да түзетілуі мүмкін. Алайда, егер осындай жағдай бола калған күнде, ол бірақ рет немесе бір сөттік қана болады, яғни бағалар жаңа деңгейде белгіленеді.
Инфляцияны реттеу жөнінде қолданылатын шаралар Ұлттық банктің Ақша-кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айкындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығындағы ставкаларды көтеру жөніндегі шараларға және қаржы нарығынан артық өтімділікті шығару жөніндегі шараларға бөлуге болады.
Үстіміздегі жылғы 1 сәуірден бастап Ұлттық банктін мынадай операциялар бойынша ставкалары: ресми қайта қаржыландыру ставкасы — 8,0%-дан 8,5%,-ға дейін, тартылатын депозиттер бойынша ставка — 3,5%-дан 3,75%-ға дейін жоғарылады. Осы ставкалардың одан әрі жоғарылауы да мүмкін. Шығарылатын қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 2005 жылдың аяғындағы 2,38%-дан 2006 жылғы сәуірдің аяғында 3,05%-ға дейін ұлғайып отыр.
Банктердің артық өтімділігін реттеу көлемі, яғни экономикада ақшаны қыскарту көлемі ұлғайды. Айналыстағы ноталар көлемі 2005 жылдың аяғындағы 161,0 млрд. теңгеден 2006 жылғы сәуірдің аяғындағы 230,1 млрд. теңгеге дейін өсті және бұдан әрі өсе бермек. 15 мамырдан бастап Ұлттық банктің ноталар шығару бойынша әрбір аукциондағы ұсынысының ауқымы 60-тан 100 млрд. теңгеге дейін өсті. Банктерден депозиттер тарту едәуір артты, олар бойынша берешек жыл басындағы 86,9 млрд. теңгеден сәуірдің аяғында 293,9 млрд. теңгеге дейін жоғарылады.
Шілдеден бастап ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау жөнінде банктерге койылатын талаптар қатандатылады, мұның өзі банктердің артық өтімділігін "байлауға" мүмкіндік береді.
Ішкі валюта нарығында Ұлттық банк өзінің қатысуын барынша қысқартпақ.
Аталған шараларды қолдану екінші деңгейдегі банктердің өтімділігінің қысқаруына, кредиттер бойынша ставкалардың көтерілуіне әкеп соқтырады, бұл түбінде экономикаға инфляциялық қысымның қыскаруына әкеледі.
І. Инфляцияның түсінігі мен мәні
Инфляция - латыншадан «inflation» аударғанда «кампию» дегенді білдіреді. Инфляция түсінігі 1861-1865 жж. азаматтық соғыс кезінде пайда болған. Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда болып тұрған. Жоғарыда айтқанымыздай, алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін-өзі реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым шенберін тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда кағаз ақша жиынымен толтыруды, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік-экономикалық феномен. Онда экономикалық әлеуметтік, саяси мәселелер ұштасады. Инфляция - табиғи апаттар және қоғам сілкіністерінің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін тәжірибеде көрсетеді.
Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау көрінісі ғана емес, сонымен коса ол бүкіл ел экономикасының мүшкіл халіне байланысты болып келеді. Инфляцияның негізгі себебі - халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың мемлекеттік табыстар мен шығындардың, несиенің, капитал көлемі мен мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының тепе-тендігі бүзылганы болып табылады. Ақша айналымы арналарынын толып кетуі артық ақша эмиссиясынан, тауарлық масса мен жасалған қызметтердің, ақша белгілерінің айналым жылдамдығы азайған кезде болуы мүмкін.
Осы заманға инфляция өндіріс процесінің өзінде туады, бірақ оның нақты көрінісі ақша саласында анықталады. Сондықтан, инфляцияны артық ақша белгілердің эмиссиясымен жиі байланыстырады. Бұл салыстырмалы түсінік. Егер ақша эмиссиясы тауарлар өндірісі мен қызметтердің өсуіне сәйкес болып, олардың қарқындары үйлессе, бұл инфляция құбылысы емес, айналым арналарының толып кетуі болмайды. Алайда, экономика толық жұмыс істеу үшін және айналым арналарының аса толу кезінің қашан және айналым саласының қай шегіне дейін ақшамен толтыруға болатынын анықтау өте қиын. Осындай инфляцияны зерттеу жеткіліксіз болғанымен инфляцияға қарсы дұрыс шаралар жетілдіру оңайға түспейді.
Инфляцияның табиғатын түсіну мен инфляцияға қарсы шараларды мемлекеттік әрекеттердің теориялық негізі ретінде қазіргі заманда ақшаның сандық теориясында, оның монетаристік немесе кейнсиандық талдауында болады. Осы теория инфляцияның себебін нарықтардың тұрақты тепе-теңсіздігінен туындап және ақша қажеттілігі оның ұсынысынан үнемі жоғары болғанымен көрінеді деп ұйғарады. М.Фридмен ақшанын нарық тепе-теңдігінің осындай формуласын: Мор. = Уор. + Рор. ұсынды, мұнда, Мор. - өсудің орташа жылдық карқыны; Уор. - тауарларды өндірудің орташа жылдық қарқыны; Рор. - бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны.
Осы теңдікте ақша тұрақтылығы бірқалыпты болады. Құнды ақшалар айналымында ақша тұрақтылығы, олардың құндылығы ұдайы болғанымен, құнсыз ақшалар айналымында - ақшаның сатып алу қабілеттілігінің тұрақтылығымен (сатып алу күшімен) түсіндіріледі. Ақшаның сатып алатын қабілеті (күші) бір атты ақша бірлігіне сатып алынатын мүмкіншілігі бар, тауарлар мен қызметтердін анықталған салмағымен көрсетіледі. Ол тауарлар мен қызметтердің сатып алу-сату кезінде қалыптасып, баға деңгейімен анықталады, яғни ол көтерілгенде ақшаның сатып алу күші төмендейді, ал төмендегенде - көтеріледі. Сонымен, сыртқы инфляция баға индексімен өлшенетін, тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуімен көрінеді. Бірақ үнемі көріне бермейтін инфляцияның белгілері бағаның өсуінде көрінеді. Жеке тауарлардың сапасы көтерілгенде, технология өзгергенде (уақытша өсу), мода кезінде және т.б. баға өсуі мүмкін. Сондай-ақ, егер бағаның өсуі төлемақы, зейнетақы мен жәрдемақының алдын ала өсуімен қоса болса, оны инфляция деп есептеуге болмайды.
Бірнеше индекс бағалары болады. Тұтыну бағаларының индексі - бұл өмір бағасының индексі. Ол тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің «қоржын» бағасын өлшейді. Қоржынға енгізілетін тауарлар мен қызметтердің басты түрлері - тамақ, киім, баспана үшін төлем, жанармай, көлік, медициналық қызмет. Аталған игіліктердің әрқайсысы экономикалық маңыздылығына сәйкес өлшенеді.
Басқа да баға индекстері: өндіріске арналған тауарлардың баға индексі, барлық ұлттық өнімнің дефляторы ерекшеленеді. Соңғысы ұлттық ЖҰӨ нақтыға бөлініп, нақты ЖҰӨ-нің төмендегенін көрсетеді.
1.1. Инфляцияның инфляцияның түрлері мен формалары
Инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары бөліп көрсетілді:
1. Бағаны өсу қарқынына қарай:
- баяу (бәсең) инфляция - бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция. Осындайда ақшанып құны тәжірибе жүзінде сақталады. Номиналды бағалармен өзара шарттарға қол қою тәуекелі болмайды. Сондықтан оны экономиканың жөнді даму элементі ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда қазіргі уақытта жыл сайынғы инфляция 5-8 пайыздың шенберінде ғана.
- орташа инфляция - баға өсуінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды кұрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция; оның кезінде өзара шарттар бағаның өсуіне «байланады», ақша тез материалданады. Инфляцияның осындай түрі қауіпті саналып, бұған қарсы шаралар қолдануды талап етеді.
- қарқынды инфляция (гиперинфляция) - бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы, бағалардың өсуі жылына 100 пайыздан асады. Ол шаруашылық механизмді ақсатады, экономикалық байланыстар үзіліп, бартерлік айырбасқа өтеді. Мұндай жағдайда бизнесті жүргізу мүмкін емес. Қазақстанда 1994-1996 жж. инфляция деңгейі 2000 пайызға дейін жеткен.
2. Пайда болу сипатына қарай:
- әкімшілік инфляция - «әкімшілікке» бағынатын бағалардан туындаған бағаның өсуімен пайда болатын инфляция;
- шығын инфляциясы - ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуімен көрінетін инфляция, сонын әсерінен өндірістік шығындар және тауарлардын бағалары өседі. Ресурстарға бағанын өсу себептері - ресурстарға әлем бағаларының өзгеруі мен ұлттық валюта курсының төмендеуі, жұмыстың өнімділік деңгейі төмендеп, өндірістің құлдырауы энергетикалық дағдарыс және т.б.;
- сұраным инфляциясы - ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция;
- ұсыным инфляциясы - өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция;
- импортталған инфляция - сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция;
- несиелік инфляция - шамадан тыс несиелік экспансиядан туындаған инфляция.
3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша:
- ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция;
- жасырын - мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция. Осындай жағдайда тауарлар көлең-келі, ұйымдастырылмаған, бағалары сөзсіз өсетін нарықтарға кетеді.
1.2. Инфляцияның даму факторлары мен оның салдары
Инфляцияның даму факторлары әр түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес - шығын инфляциясын білдіреді.
Бұл екеуі де ішкі факторларға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі, несие экспансиясы, ақша айналыс жылдамдығының өсуі және т.б. жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, халық шаруашылығы салаларының арасындағы пропорциялардың бұзылуы, экономиканың монополизациясы, директивалық бағаның түзелуі жатады.
Импортталған инфляцияны туындататын сырткы факторларға - елге шетел валюталарының артық ағылуы, импортталған тауарлар бағаларының өсуі және т.б. жатады.
Инфляциялық факторлар экономикалық емес сипат алуы мүмкін екенін ерекше атаған жөн. Адам қылықтарының психологиялық аспектілері (күту инфляциясы), әлеуметтік сілкіністер (соғыстар, апаттар), өкіметке сенімділіктің жоғалуы, саяси тұрақсыздық және т.б. есте болады.
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:
- ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болады. Экономика құрылымының бұзылуы: өндірілген жиынтық өнімнің 3/4 бөлігінің көбі машиналар өндірісі, жабдықтар мен басқа өндіріс құралдардын құрайды, ал тұтыну заттарының өндірісі халық қажеттілігін қамтамасыз етпейді, жұмыс өнімділігінің өсуі мен халықтың ақша табысының арақатынасының бұзылуы;
- қазыналық (фискальды) факторлар - ақша эмиссиясы есебінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі;
- ақшалай факторлар - ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы (ол үнемі сипат алып отырады: біріншіден, теріс - валюталық бағамнын тұрақсыздығы билікке деген сенімділікті жоғалтуға әкеп соғады, импорт қымбаттайтын болады, екіншіден, жағымсыз - Қазақстандағы сияқты экономиканың шикізат салаларының дамуын, экспортқа бағытталған салалардың дамуын ынталандырады), шетел валюталардың еркін айналымы (оған сенімділіктің жоғалғаны үшін, ұлттық валютаның, валюта бағамының құлдырауы), қосымша ақша эмиссиясы, несие экспансиясы (өндіріс пен қызметтер өсу қарқынына қарағанда несие қарқынының алдын ала өсуі кезінде, шамадан тыс
.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?