Экономика | БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Кіріспе
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО – ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық ннесие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақща шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банк жүйесі

Кіріспе
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай–ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар–ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI—XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда. Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер–клиенттер арасында қолма–қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиро–банктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасындағы белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банк жүйесі. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктері

Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын, сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар).
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;
Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда «банк» сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бағалы қағаздардың операциялары

КІРІСПЕ
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | "АЗТМ" АҚ -да еңбекақы төлеуде зерттеу

Нарықтық қатынастарға өту процесінде экономиканың көпсатылы қалыптасу нәтижесінде Қазақстан экономикасы едәуір өзгеру үстінде.
Еңбекақы әрбір мемлекеттің, ұжымның, адамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі негізгі бір факторы болып табылады. Еңбекті ынталандыру жүйесінде де алғашқы орындарды иеленуде. Еңбекақы жұмыспен қамтылғандар табысының 30-70%-ін құрайтындықтан, бұл өмір сүру деңгейін жоғарылатудың басты көзі болып табылады. Еңбекақы көлемі Қазақстандағы әр салада және әр аймақта әртүрлі болып келеді.
Еңбек ақы бойынша әр жұмысшының еңбек түсімі оның жеке салымдарымен....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы