Информационно - познавательный
сайт №1 в Казахстане.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ казакша Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
1.1 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі
1.2 ҚР-да шағын және орта бизнес дамуының ерекшеліктері
2. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 ҚР-да шағын және орта бизнестің даму тенденциясы
2.2 Қазақстанда шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
3. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы айтарлықтай жақсарды. Қазір шет елдерде Қазақстан Республикасын Орта Азиядағы қарқынды дамушы мемлекет ретінде танымал. Ондағы шикізат көздерімен, атап айтсақ, мұнай-газ, қара, қоңыр көмір, түсті металлдарымен және т.б табиғи ресурстарымен әйгілі. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы да өз дамуын жоғарғы тартыста көрсетуде. Осы аталғандардың ішінде шағын және орта бизнестің үлесі жоғары.
Совет Одағы ыдырағаннан кейін елімізде қалыптасқан жұмыссыздық, кедейшілік және де қылмыстың тежелуіне көп көмегін тигізді. Белгілі бір орта деңгейлі мамандырылған қызметкерлер саны өсті, коммерциялық қарым-қатынас нығая түсті, сәйкесінше, еліміздегі тұтынушылық нарықтық қабілет те қалыптаса бастады.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік экономиканы дамытушы жүйелердің негізгі тармағына айналды, яғни бұл бизнес түрі динамикалы дамушы, әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда өзекті буынға айналды.
Өтпелі экономика кезінде бұл бизнес түрі кез-келген кризистік жағдайға тез бейімделді, яғни өзінің басқарушылық икемділігімен, қаржы-қаражатты аз талап ететіндігімен, сондай-ақ, аз уақыт ішінде ұтымды шешім қабылдауға болатындығымен ерекшеленді./3/
Осы мемлекетіміздің өзекті мәселелерін шешуде шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Шағын және орта бизнес екі функцияны жүзеге асырып келеді. Біріншісі- экономикалық тұрғыда, яғни мемлекеттегі қалыптасқан нарыққа сәйкес тауар айналымы мен қызмет көрсету саласын дамыту, басқаша айтсақ, ішкі нарықты қалыптастыру және де тауар мен қызмет көрсетудегі баға икемділігін және сапа деңгейін қалыптастыратын бәсекелестікті дамыту, екінші функциясы- әлеуметтік, яғни жұмысбастылықты және негізгі әсер етуші орта тапты қалыптастыру болып табылады.
Негізгі мақсаты – еліміздегі экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға шағын және орта бизнестің тигізетін әсерін ескере отырып, экономикалық, әлеуметтік және саяси даму сипатын анықтау болып табылады.
Ал жоғарыдағы мақсатына жету үшін келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
 Шағын және орта бизнестің ҚР-ның экономикасындағы рөлін анықтау
 Шағын және орта бизнестің дамуына әсер етуші факторларды анықтау
 Шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын талдау
 Шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
 Шағын және орта бизнестің даму бағыттарын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың теориялық - әдістемелік негізін ҚР-ның Елбасының жарлықтары, Үкімет қаулылары, нормативтік заң актілері және де шетелдік тәжірибелер құрайды.
1. ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
1.1 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі
Нарықтық экономикалы елдерде кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік деңгейде қойылмағаны белгілі, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолдармен құрылды. Ал Қазақстанда бұл секторы іс жүзінде санаулы жылдар ішінде ғана қалыптасты.Сол жылдар ішінде бұл период мемлекетіміз үшін аса қиын кезеңдердің бірі еді. Шағын және орта бинесті қалыптастырудың механизмдерін, негізгі стратегиялық-қысқа мерзімдік бағыт-бағдарын дайындауға, мемлекеттік саясаттың алдыңғы орынды тапсырмаларын белгілеуге қатысты өзге де мәселелерге айтарлықтай қаржылық-ақпараттық шығындар жұмсалды, ал жаңа тәуелсіздігін алған мемлекетке бұл әжептәуір салмақ еді.
Шағын кәсіпкерлік экономикасының жинақтылығы салыстырмалы аздаған инвестициялар мен тәуекел жағдайында аса қысқа мерзім ішінде, бірінші кезекте, тауар айналымы саласында орын алып келген ахуалды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Шын негізінде бұл бизнес біздің экономикаға икемділік қасиет береді және де нарықтық сұраныс жағдайын дер кезінде реттеуге мүмкіндік туғыза отырып, аз көлемді капиталды қажет етеді.Сондай-ақ шағын және орта бизнес монополизмге қарсы саясатын жүзеге асыруда негізгі рөлде бола отырып, ғылыми-техникалық прогрессті қалыптастырады. Негізгі әсері Қазақстан Республикасында жұмысбастылықты толығымен қамтуға талпынуда, ал ол проблема еліміз үшін өзекті мәселе болып табылады. Нарықтық қатынастар эпохасына кірмей тұрған кезімізде, жұмыспен қамтудың 95 пайызымен мемлекет айналысатын.Қазіргі нарықтық таңда мемлекеттің жұмыс беруші рөлі айтарлықтай бәсеңдеді, қайта жекеменшік секторында жұмыс орындарымен қалыптастыру қажеттілігі өсті.
Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті ортаны қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді./5/
Әлемнің көптеген елдеріндегі сияақты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгін де шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен қатар шағын және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын айтқан да жөн.
Тәуелсіз кәсіпкерлер өздерінің санының көптігі жағынан әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік иелерінің көп құрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер орта таптың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Әлемдік тәжірибені зерделей зерттегенде шағын бизнестің нарықтық экономикада жетекші сектор болып табылатындығын айқын аңғаруға болады. Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқындауда бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің 60-70 пайызы шағын бизнестің үлесіне тиеселі болып келеді.
Мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға ден қоюы ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпін береді. Ірі өндірістерге қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін айту керек.
Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол, қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.
Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай жасайды. Салалық және аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.
Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік халықты жымыспен орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді. Ірі өндіріс орындарында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Біржағынан технологиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.
Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет ерекше мүдделі.Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ішкі нарықты энергия тасығыш және басқа да өктем әлемдік конъюнктурадан тыс дамытуға мүмкіндік туады. Бюджетке шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту арқылы әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге болады. Инновациялық және жоғарғы технологиялық салаларда шағын кәсіпкерліктің иығына артылар салмақ та жеңіл емес. Бизнесті электронды түрде жүргізу үшін біртұтас ақпараттық кеңістік құру да маңызды. Ғылымды терең түрде қолдануды талап ететін салаларда кәсіпкерлік қызметті оңтайлы қолдану рақылы жетістіктерге жетуге болады. Халықаралық ынтымақтастық және іскер кооперация арқылы ел экономикасына инвестицияны тартуды еселей түсудің де мүмкіндігі жетіп артылады. Ірі кәсіпорындар жұмысын шағын кәсіпорынмен субконтрактылық және басқа да кооперациялық байланыстар арқылы оңтайландыруға әбден мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік қызметтің отбасылық түрін нығайтуға да болғандай. Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы билікпен, кәсіпкерлікпен жалдамалы жұмысшылармен арадағы қоғамдық қатынастарды үйлестіруге жол ашылады./1/
1.2 ҚР-да шағын және орта бизнес дамуының ерекшеліктері
Шағын және орта бизнестің дамуы мен қалыптасуындағы бағыт-бағдар ерекшелігі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Белгілі бір мамандандырылған мемлекеттік құрылым, тиімді қабылданған бағдарламалар, басқарушылық-техникалық қолдау, салықтық және антимонополиялық реттеу, қажетті субсидиялар мен нарықтық тауарды ұсыну негізіндегі ерекшеліктер арқылы шағын және орта бизнес өз дамуын қалыптастырады.
Негізгі әсер етуші факторлардың бірі ретінде салықты алып қарасақ, экономикалық категория ретінде, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектінің және жеке тұлғалардың мемлекет арасында туындайтын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қамтамасыз ету күрделі және қарама-қайшы мәселе болып табылады, өйткені мемлекет үшін ең бірінші және негізгі мәселе болып салық салуды жоғарылату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субьектілері салық төлеуді азайтуға тырысады.Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысына әсер етуге болатынын ғылыми зерттеулер айқындап отыр. Салық ставкаларын салық салудың құралы ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен салық түсімдерімен өзара байланысқан, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт. Осыған орай мемлекет салық ставкаларының белгілі бір жеңілдетілген түрі негізінде шағын және орта бизнес субьектілеріне жалпыға бірдей салық режимін немесе арнаулы салық режимін пайдалануға мүмкіндік береді./4/
Салық салумен қатар негігі әсер етуші фактор деп шағын және орта бизнесті несиелендіру жүйесін айтуға да болады. Шағын бизнесті қаржыландыру мақсатында мемлекет бұл бизнес субьектілерінің тек қана коммерциялық шарт негізінде несие алуды қамтамасыз етпей, сондай-ақ тиісті аумағына байланысты қалалық бюджеттегі қаржы ресурстарын пайдалануға мүмкіндік берді. Осындай мақсатта шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры осы қалалық бюджетке қол жеткізді.Осы қорға берілетін банктік процедуралар тегін жүзеге асырылады. 2003 жылдың 6 наурызындағы “микрокредитті ұйымдар туралы” заңға сай микрокредитті ұйымдар 15000 – 300000 теңге көлемінде микронесиені жүзеге асырып жатыр. Бірақ көп көлемді қаржы ресурстарына жету үшін тиісті банкқа жүгіну керек, ал ондағы несиелік ставкалар жоғары, ол ставкаларды төлеу арқылы кәсіпорын өзіндік шығындарын ақтай алмайды./2/
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін бірқатар факторларды атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер кәсіпкерлік субъектінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құның кредиттерге айландыруға мәжбүр.
Сонымен қатар кәсіпорындардың қорымен жарақтануының төмен деңгейі оның еңбек өңімділігінің төмендігі салдарынан кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойып кәсіпкерге кредит бермеуін тежейді.
Осы себептен де біраз жылдар бойы сауда делдалды қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік әдіс болу қалуда. Кәсіпкерлік Субектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.
Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерліктің қызметің реттейтің қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!




Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
Дипломдық жұмыс: Экономика | Шағын және орта кәсіпкерлік экономикалық жағдайы және дамыту жолдары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Шағын және орта кәсіпкерлік экономикалық жағдайы және дамыту жолдары
Дипломдық жұмыс: Экономика | ҚР дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | ҚР дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан  Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кіші және Орта бизнесті  несиелеу
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кіші және Орта бизнесті несиелеу
Дипломдық жұмыс:  Қаржы | Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік фирмалардың даму
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік фирмалардың даму
Бизнеске кеңес: Шағын, орта және ірі бизнес деген не?
Бизнеске және кәсіпкерге пайдалы кеңес жинағы
Бизнеске кеңес: Шағын, орта және ірі бизнес деген не?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады (видео)

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономика жобалар, Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін