Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазан)

Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарытау ауылында туған) — актриса. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы. Құрмет Белгісі (1976) және Құрмет орденінің иегері (2014).
1959 - 1962 жылдары Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеде оқыды. 1962 - 1963 жылдыры Қарқаралы ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, 1963 - 1990 жылдары Қарағанды облысы драма театры, ал 1991 жылдан Астана калалық музыка-драма театрында актриса. Оның ойнаған рольдері қатарында Еңлік, Шолпан, Ақбала, Текті, Мөржан, Сәруар (М.Әуезовтің "Еңлік- Кебек", "Айман - Шолпан", "Қарагөзі" мен "Түнгі сарынында"), Баян, Күнікей, Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Бәс-тес, Қалиса (С.Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" бойынша), Майра (Ә.Тәжібаевтың осы аттас драмасында), Хадиша (С.Жүнісовтің "Қысылғаннан қыз болдығында"), Салиха, Зейнеп (Д.Исабековтің "Мұрагерлері" мен "Ескі үйдегі екі кездесуінде"), Таңқа-бике (М.Кәрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Катерина (А.Н. Островскийдің "Найзағайында"; 1977), т.б. бар.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық