Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазан)

 Рымкеш Омарханова  (1939 жыл 30 қазан)

Рымкеш Омарханова (1939 жыл 30 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарытау ауылында туған) — актриса. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы. Құрмет Белгісі (1976) және Құрмет орденінің иегері (2014).
1959 - 1962 жылдары Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеде оқыды. 1962 - 1963 жылдыры Қарқаралы ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, 1963 - 1990 жылдары Қарағанды облысы драма театры, ал 1991 жылдан Астана калалық музыка-драма театрында актриса. Оның ойнаған рольдері қатарында Еңлік, Шолпан, Ақбала, Текті, Мөржан, Сәруар (М.Әуезовтің "Еңлік- Кебек", "Айман - Шолпан", "Қарагөзі" мен "Түнгі сарынында"), Баян, Күнікей, Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Бәс-тес, Қалиса (С.Мұқановтың "Мөлдір махаббаты" бойынша), Майра (Ә.Тәжібаевтың осы аттас драмасында), Хадиша (С.Жүнісовтің "Қысылғаннан қыз болдығында"), Салиха, Зейнеп (Д.Исабековтің "Мұрагерлері" мен "Ескі үйдегі екі кездесуінде"), Таңқа-бике (М.Кәрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Катерина (А.Н. Островскийдің "Найзағайында"; 1977), т.б. бар. Гастрольдік сапармен Қарақалпақстан (1978, 1989) мен Башқортстанда (1996) өнер көрсетті. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
Марапаттары
1976 жылы «Құрмет белгісі ордені»
1982 жылы "Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі" құрметті атағы берілді.
1984 жылы КСРОның "Еңбек ардагері" медалі;
2014 жылы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз қолынан «Құрмет ордені» мен марапаттады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?