Тілектес Мейрамов Уахитұлы (1948 жылы 5 мамыр)

 Тілектес Мейрамов Уахитұлы (1948 жылы 5 мамыр)

Тілектес Уахитұлы Мейрамов (1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында туған) — актер, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері.
Тілектес Уахитұлы 1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген.
1967 - 1971 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер институты) актерлік бөлімін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов және КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың жетекшілігімен бітірген.
2011 жылы Қырғыз Мемлекеттік Б. Бейшеналиев атындағы Өнер Институтының «Режиссура» мамандығын сырттай оқыды.
1973 - 1983 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы студияда оқытушы.
1983 - 2007 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры болды.
2007 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасының профессоры.
Еңбек жолы
1971 - 1989 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Профком төрағасы, бірінші партияның хатшысы қызметтерін атқарды. Осы жылдар аралығында 100-ден аса рөлдерді сахналады.
1989 - 1990 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің Театр бөлімінің жетекшісі болды.
2001 - 2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі болды. Осы ұжымға жетекшілік еткен жылдары театр ұжымы екі дүркін «Гран-При» иегері, Қазан қаласында өткен Халықаралық «Түрксой» фестивалінде жоғары бағаға ие болды. Осы жылдары театр ғимараты күрделі жөндеуден өтті.
2007 - 2011 жылдары Астана қаласы Жастар театрының көркемдік жетекшісі болды.
2011 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Ұлттық драматургия негізінде қойылған спектакльдерде Қозы (алғашқы рөлі), Байғара (Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлуы”, “Амангелді”), Ознобин (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), Жұмат, Мәлік (А.Сүлейменов, “Жетінші палата”, “Қыздай жесір — штат қысқарту”), Еркін, Ақан (А.Жағанова, “Беймаза әйел”, “Жан алқымда”), Жәңгір (Н.Әбутәлиев, “Өттің дүние”), Шыңғыс хан (Иранғайыптың осы аттас спектаклінде), Қалдан шерен (Ә.Кекілбаев, “Абылай хан”), сонымен қатар шетел драматургтерінің аударма шығармаларында бірқатар басты рөлдерді орындап, өзінің жоғары сахналық мәдениетімен, эстетикалық талғампаздығымен, актерлік ізденімпаздығымен ерекшеленді.
Театр және кинодағы актерлік шеберлігімен бірге әдеби-шығармашылық жұмыстармен де айналысады. Атап айтар болсақ: Р.Отарбаевпен бірге «Ақырзаман», «Дүниеғайып» пьесаларын жазды, А. Гельман «Наедине со всеми», Н. Абдуллоева «Двое», И. Вовнянко «Смерть стриптизера» пьесаларын қазақшаға аударса, І. Есенберлин «Ғашықтар», Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ түн»; «Абай жолы» романдарын телеарналарға инсценоровкалар жасады.
Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», Р. Сейсенбаевтың «Фронтовые песни», У. Шекспир, А. Грибоедовтардың шығармашылығынан әр жылдары моно спектакльдерде ойнады және сахналады.
Бірнеше Халықаралық және Республикалық театрлар фестивалінде қазылар мүшесі болды.
Марапаттары
1982 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағы) берілді.
1996 жылы Қазақстанның халық әртісі (құрметті атағы) берілді.
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі.
Құрмет ордені мен марапатталған.
2015 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.
педагог - профессор.
Шәкірттері
Тілектес Мейрамовтың шәкірттері көп. Солардың ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Данагүл Темірсұлтанова, Бекжан Тұрыс, Меруерт Түсіпбаева, Ғани Құлжанов, Нұркен Өтеуілов, Кеңес Нұрланов, Жұмағали Маханов және т.б көптеген өнер иелері бар.
Отбасы
Үйлеген. Жары актриса, педагог - профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жұмагүл Мейрамова.

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий