Қолданбалы информатика | Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Қазіргі XXI ғасырда заман ағымына сай болу үшін қоғамды ақпараттандыру өте қажетті болып келеді. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттық технологиялардың мемлекеттік-әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбегейлі өзгертеді. Қандай қоғам болмасын оның ақпараттандыру деңгейі ақпарат қызметінің даму дәрежесімен және қызмет көрсететін мамандарының санымен, олардың біліктілігімен анықталып отырады. Бізге ақпараттандыру ақпараттық технологияны көп мөлшерде шығаруға, жиі пайдаланатын жүйелерге қосу мәселелерін шешіп береді, оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
Ақпарат (лат. informatio – ақпарат, хабар ету, мәлімдеу)
1) кез-келген нәрсе туралы хабар;
2) ақпаратты өңдеу, тарату, сақтау обьектілері болып табылатын, экономикалық және басқарушылық шешімдерді талдау және әзірлеу барысында пайдаланатын мәліметтер, деректер, көрсеткіштер;
3) экономикалық процестерде пайдаланылатын ресурстардың бір түрі, оны алу уақыт және өзге де ресурс түрлерінің шығынын қажет етеді;
4) дүниетанымның мәнін құрайтын және адамның ақыл-ой қызметінің кез-келген жемісін, ең алдымен білімді, кейіптемені, жадыны қамтитын іргелі 3 субстанцияның (зат, қажыр-қайрат, білім) бірі;
Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық және әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық үрдіс. Ақпарат – бизнестің стратегийлық ресурсы. Осы жағдайда ақпараттың маңыздылығы артып, мәртебесі өседі. Осыдан байқайтынымыз фирманы басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық базаның сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады екен. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, обьективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық, өндірістік-қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің қаржылық жағдайын ұдайы бақылап, талдап отыру қажетті. Ол шаруашылық қызметті басқару жүйесі процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады. Ал кәсіпорын дегеніміз - өнім өндіріп, оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқылығы бар дербес шаруашылық. Кәсіпорын өндіріс құрал жабдықтарының меншіктік түріне қарамай шаруашылық есеп айырысу тәртібі бойынша жұмыс ....
Курстық жұмыстар
Толық