Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу казакша Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе

1 Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу

1.1 Қолдану саласын талдау..............................................................................5-13
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты................................................14-15
1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар..................16-22
1.4 Ақпараттық жүйенің контексттік диаграммасы және
декомпозиция диаграммасы......................................................................23-29
Ақпараттық жүйенің декомпозиция сызбасы Концептуалды схема, декомпозиция схема.............................................35-39
Негізгі бөлім

2 Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін жобалау

2.1 Мәселенің қойылымы................................................................................34-35
2.2 Кіріс құжаттары..........................................................................................36-38
2.3 Шығыс құжаттары...........................................................................................39
2.4 Программалық жабдықтау сипаттамасы ................................................40-41


Қорытынды.................................................................................................42

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................46....


1 Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін
негіздеу

1.1 Қолдану саласын талдау Не

Ақпарат – латынның “informatio” деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әректі туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Ақпарат жүйесі – қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау,сақтау,жаңарту,өңдеу,іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі – реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі. Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит-негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол – реквизит-белгі деп аталады.
Фирманың кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты – кәсіпорынды басқарудың, кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін талдау және автоматтандырудың өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады. Қазіргі кездегі фирмалардың көпжақты қызметінің, кадрлар бөлімшелерінің территориялық бөлінуінің, серіктестіктермен кооперативтік байланыстардың көп болуына байланысты күрделі құрылымға ие болып келеді. Фирмалық ақпараттық жүйе (ФАЖ) ірі-ірі кәсіпорындардың барлық ресурстарын және іскерлік процесстерін автоматтандыруға бағытталған. Бұл басқарушылық процестерді автоматтандыру ақпаратты өңдеуге кететін шығындарды азайтуға ғана емес, фирманың жұмыс кезіндегі іскерлік процесстерін және ұйымдық құрылымын динамикалық оптимизациялауға бағытталған.
Кәсіпорынның (фирманың) сипаттамасы
Кәсіпорын - бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субьект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек. Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
• кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
• өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
• құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
• инвестиция және бюджеттен дотация;
• қайырымдылық жарнама;
• мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
• мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
• мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.
Кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды. Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
• ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
• белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
• мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
• мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
• кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
• шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
• оперативті-шаруашалық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәліметтерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды кадрлар бөлімі икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады. Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
• жоғары сапалы өнімдер, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
• өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
• кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
• ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
• өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
• кәсіпорынның шығарған өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
• баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Кәсіпорынның кадрлар бөлімі құрылымы, функциясы:
1) негізгі өндірістің бөлімі;
2) көмекші бөлімі;
3) қосалқы, қосымша өндіріс бөлімдері;
4) басқару аппараты, бөлімдері.
Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінде атқарылатын жұмыстар:
1) ғылыми-зерттеу;
2) жоспарлық құрастыру;
3) өндіру;
4) жөндеу, модернизациялау;
5) бақылау (сапасыз өнім);
6) қамту, қызмет ету;
7) сақтау;
8) тасымалдау;
9) утильдеу;
10) қайта өндіру;
11) тазалау;
12) қауіпсіздік профилактикасы;
13) басқару;
Менің курстық жұмысымның тақырыбы – фирманың кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі болғандықтан, мысал ретінде бүгінгі таңда Қазақстандағы жаңа әрі қарқынды дамып келе жатқан фирмалардың бірі - “Новый Стиль” фирмасын алып отырмын. Бұл фирма экономиканың ең маңызды секторларының бірін қамтығандықтан ғана емес, өзінің сыртқы және ішкі сындарлы саясатының стратегиясы нәтижесінде өзін көрсете білді. Фирма – ең жаңа технологиялы деген жиһаз әлемінің, саласының тәжірибесі мен дәстүрінің жемісті қоспасының жарқын көрінісі. Фирма энергетикалық ресурстардың тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануына жәрдемдесетін Қазақстанның жиһаз саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды. Фирмадағы кадрлар бөлімін басқару жүйесінде тапсырмалардың, құқық және жауапкершіліктің таратылуы зерттеледі. Кадрлар бөлімі бірнеше бөлімшелерден тұрады. Осы мәліметтердің негізінде ақпараттық көздер идентификацияланады, оны алудың және талдаудың процедуралары мен құралдары анықталады. Келесі қадамдар: алдағы зерттеулер жоспарын жасау, қорытынды есеп берудің форматын және қызығушылықтары бар тұлғаларға алынған нәтижелерді ұсыну жүйесін жобалау. Осымен қатар мәліметтер банкін, қамтамасыздандыру жүйесін және фирмалық ақпараттық жүйенің функциялануын бағалау жүйесін жасау және қолдау шаралары жасалады. Мұндағы негізгі маңызды мәселе жұмыс персоналын жұмысқа алу, оларды басқару болып табылады. “Новый стиль” фирмасы кеңсе жиһаздарын сатумен айналысатыны белгілі. Онда: креслалар, үстелдер, компьютерге арналған үстелдердің бірнеше модельдері, гардероб, VIP креслалар қолданушы мен тапсырыс берушілерге ұсынылады. Жұмыс персоналын жұмысқа қабылдағанда: білім дәрежесіне, жұмыс атқару икемділігіне, клиентпен қарым-қатынасқа түсе алу мүмкіншілігіне, жұмыс орнына кешікпеу, өз жұмысын тыңғылықты, жақсы атқаруын қадағалайды. “Новый стиль” фирмасы 1С бухгалтерия программасы бойынша өз жұмысын орындайды. Фирманың кадрлар бөлімінде, негізгі жұмыс персоналы ретінде: директор, бухгалтер, менеджер, программист, қойма бастығы өз жұмыстарын атқарады. Фирманың және оның қызметінің басшылығы ақпаратқа өзіндік ерекше талаптар қояды, ол өзінің жеке фирмасы және де оның сыртқы ортасы туралы жеке көзқарастарын басшылыққа алады, ол ақпаратқа қажеттілігін анықтайды. Фирманың сапасы жайында қарастырғанда, мемлекеттік салық инспекциясының жұмыстары қаралады. Есеп функциясын жүзеге асыру үшін салықтық кодекстің 83 бабының 1-бөлімі бойынша салық органына есепке тіркеледі.
• Фирманың орналасуына байланысты;
• Фирманың жылжымалы және филиалдарының орналасу орнына байланысты;
Салық өтеуші немесе төлеуші тұлға келесідей құжаттарды ұсынуы тиіс:
• Тіркелуі үшін өтініш міндеттемесі;
• Фирма ережелері;
• Мемлекеттік статистикалық код;
• Мемлекеттік тіркеу куәлігі;
Фирма бас офисінің қызметі мына бағыттарда шоғырландырылған:
• жаңа учаскелерде жиһаз өндіру;
• ішкі және халықаралық рыноктарда жиһаз өнімдерін сату;
• Қазақстандағы, ал болашақта шетелдегі инвестициялық қызмет;
• өзінің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру және еншілес және бағынысты қоғамдар бойынша күрделі салымдар үшін несие ресурстарын тарту.
“Новый стиль” фирмасының ақпараттық жүйесіне (ФАЖ) келесі талаптар қойылады:
• Іскерлік процесстің барлық операцияларында клиенттердің тапсырыстарының орындалуының толық циклін басқару, бұған қоса материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін бақылау.
• Қабылданатын басқарушылық шешімдерінің сапасын жоғарылату үшін қажетті аналитикалық ақпараттың дер кезінде, жедел түрде алынуы.
• Қазіргі кездегі бюджет жасау технологияларын іске асыру және қажетті ресурстардың бекітілген жобалары мен қызмет бағыттарының динамикалық байланысын қамтамасыз ету.
• Қателіктерді ескере отырып, бизнес-жоспарлау мен басқару жуйелерін жасау.
• Электронды құжат алмасу және жұмыс ағымдарын басқару жуйелерін жасау.
ФАЖ кадрлар бөлімі төмендегідей қасиеттерге ие болып келеді:
• Модульдік, яғни, мекеменің белгілі бір қызмет түрін автоматтандыратын және өзара комплекстелетін ақпараттық жүйені жасап, жекеленген программалық жабдықтайтын комплекстер бойынша ендіру.
• Интегрирленуі, мәліметтер және интерфейстер форматтарын ұсыну стандарттары негізінде жалпы мәліметтер базалары арқылы программалық комлекстер арасында ақпараттық алмасуды мүмкін етеді.
• Бейімделгіштігі, программалық комлекстердің бизнес-процестерді ұйымдастырудың әртүрлі схемаларына сай келуі.
• Масштабталуы, автоматтандырылған жұмыс орындарының санының ендірілетін программалық комплекстерге сай өсуі және ақпараттық жүйені қолдану тиімділігін жоғалтпай, фирманың кеңеюіне мүмкіндік береді.
• Құпиялылығы, қолданушылардың құзырлық деңгейіне сай ақпараттық жүйеге енуді қамтамасыз ету.
Қолданушылардың ФАЖ-ға енудің негізгі құқықтары мыналар:
• Есептеуіш ресурстарға ену құқықтары. Мұндай құқықтар желілік операциялық жүйе құралдары көмегімен есептеуіш желі адмистраторымен беріледі. Құқықтарды беру процессі түрлі қолданушылар категорияларына желі ресурстарының және олармен оқу, қайта өңдеу, жазу функцияларын орындау мүмкіндіктерінің тағайындалуына негізделеді.

• ФАЖ-ң МБ-ы сұлбасының обьекттеріне ену құқықтары. Мұндай құқықтар серверлік МББЖ құралдары көмегімен МБ-ы серверінің адмистраторымен беріледі.


Фирманың кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесі үшін есептеуіш
желі (ЕЖ) жасау құрылғыларды сатып алу және монтаждау, программалық қамсыздандыруға енгізделген. Желілік операциялық жүйені таңдау көбінесе есептеуіш құралдардың техникалық платформасына тәуелді. ФАЖ үшін МБ-ның серверін таңдау МБ-ы серверлерінің нарығын әртүрлі критерийлер бойынша талдауға негізделеді. Мұндай критерийлер келесілер болуы мүмкін:
• Ақпараттық архитектурадан тәуелсіздігі;
• Программалық-ақпараттық платформадан тәуелсіздігі;
• Ашық жүйелер стандарттарын сүйемелдеу;
• Мәліметтерді көп процессорлық және паралельді өңдеуді сүйемелдеу;
• Таратылған мәліметтерді оптимальді сақтау;
• WEB серверлерді сүйемелдеу және INTERNET-пен жұмыс;
• Екілік индекстерді сүйемелдеу;
• Үзіліссіз жұмыс;
• Бұзылудан сақтау;
• Қолдану қарапайымдылығы;
XIX ғасырда көптеген фирмалар ұсақ болды және олардың қызметкерлері өздерінің клиенттерін жеке таныды. Басқарушылар ақпаратты адамдармен сұқбаттасу, сұрақтар қою арқылы жинады.
XX ғасырда ауқымды және жақсы сапалы ақпаратты жинаудың қажеттігін негіздеген үш бағыт күшейді:
1. Жергілікті жердегі деңгейден жалпы ұлттық масштабтағы деңгейге көшу:
Фирма өзінің нарығының территориясын тұрақты кеңейтіп отырады,
басқарушылар барлық клиенттерін тікелей білмейді. Ақпаратты жинаудың
жаңа жолдарын табу.
2. Сатып алу мұқтаждығынан сатып алу қажеттілігіне көшу:
Табыстардың өсуіне қарай сатып алушылардың тауарларды таңдау
талғамы артады. Сатушыларға сатып алушылардың тауарлардың әр түрлі
сипаттамаларына, орамаларына жіне де басқа қасиеттеріне реакциясын ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Қолданбалы информатика курстық жұмыстар, Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу, курстык Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыс, Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін