Курстық жұмыс: Экономика | Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Курстық жұмыс: Экономика | Комерциалық банктың валюталық операция  жүргізудің   ақпараттық жүйесін тұрғызу казакша Курстық жұмыс: Экономика | Комерциалық банктың валюталық операция  жүргізудің   ақпараттық жүйесін тұрғызу на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе

1. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау........................................................................4
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты...……………………….5-7
1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар........8-12
1.4. Қор биржасы және оның қызметі………………………………..13-14
1.5 Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы және ақпараттық
жүйенің декомпозиция сызбасы...................................................15-18

2. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін жобалау
3. Мәселенің қойылымы....................................................................23-24
Кіріс ақпарат...................................................................................24-26
Шығыс ақпарат...............................................................................26-27
Программалық жабдықтау сипаттамасы......................................28-29

Қорытынды.................................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................31


1. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау

Ақпарат – латынның “informatio” деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әректі туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Ақпарат жүйесі – қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау,сақтау,жаңарту,өңдеу,іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат, массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың әрі қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі – реквизит десек, оның екі түрі бар екені белгілі: реквизит-негіз және реквизит-белгі. Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит-негіз деп аталады. Ал ол мән-мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол – реквизит-белгі деп аталады
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты

Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – кәсіпорынды басқарудың ақпараттық жүйесін талдау және автоматтандыру.
Комерциалық банктың сипаттамасы
Комерциалық банк - бұл өнім өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субьект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек. Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
• кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
• өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
• құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
• инвестиция және бюджеттен дотация;
• қайырымдылық жарнама;
• мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
• мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
• мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды. Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
• ұйымдық бірлік: кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
• белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;
• мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;
• мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
• кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;
• шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
• оперативті-шаруашалық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәліметтерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Комерциалық банкқа басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Комерциалық банк, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
• жоғары сапалы өнімдер, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
• өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
• кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
• ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
• өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
• кәсіпорынның шығарған өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
• баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру[12].
Комерциалық банктың құрылымы, функциясы:
1) негізгі өндірістің бөлімі;
2) көмекші бөлімі;
3) қосалқы, қосымша өндіріс бөлімдері;
4) басқару аппараты, бөлімдері.
Комерциалық банкта атқарылатын жұмыстар:
1) ғылыми-зерттеу;
2) жоспарлық құрастыру;
3) өндіру;
4) жөндеу, модернизациялау;
5) бақылау (сапасыз өнім);
6) қамту, қызмет ету;
7) сақтау;
8) тасымалдау;
9) утильдеу;
10) қайта өндіру;
11) тазалау;
12) қауіпсіздік профилактикасы;
13) басқару;
Комерциалық банк формалары:
1) дербес (семьялық) жеке кәсіпорын;
2) мемлекеттік;
3) арендалық;
4) муниципалдық кәсіпорын жергілікті бюджет есебінен құрылған;
Комерциалық банкты басқару функциясы:
1) жоспарлау;
2) шешім қабылдау, оны іске асыру;
3) талдау;
4) мотивация;
5) орындауды бақылау;
6) реттеу; [7]
Басқару – қоғамға тән обьективтік экономикалық заңдылықтарды пайдалана отырып, ұйымға немесе обьектіге ықпал ету процесі. Басқарудың зерттеу обьектісі ретінде әлеуметтік-экономикалық ж.үйені қарастырамыз. Басқарудың сипаттамалары: обьектінің болуы, обьекттің динамикалық сипаты. Басқару ғылымы білім мен қызметтің бірлігін көрсетеді. Басқару ғылымының үш құрамдас бөлігі бар:
1) өндірісті басқару проблемесын зерттейтін іргелі фундаменталды қоғамдық ғылымдар;
2) өндірісті зерттейтін басқарудың функционалды жекелеген жақтары;
3) өндірісті басқарудың заңдылығын зерттейтін басқару теориясы .

1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
Ақпараттық жабдықтау - ФБАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
• басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
• практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
• тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
• басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
• ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
• ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
• ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
• ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
• деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
• деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
• тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру;
Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады. Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.

ФАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.
ФАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:
• Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
• Сыныптау және кодтау;
• Нормативті-анықтамалық құжаттар;
Рейтингті талдау ақпарат ұғымы банк қызметінің, жұмысының қандай деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.
Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр, қосымша түр, тип.
Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
Нормативті-анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.
Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат[5].

Ішкі жабдықтау – ФБАЖ-нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.
Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.
Ұйымдастырушылық жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.
Бірінші топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:
• ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
• типтік жобалар шешімі;
• кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
• құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары;
Екінші компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.
Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.
Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.
Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу, курстык Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, Курстық жұмыс: Экономика | Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін