Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық  жүйесін тұрғызу казакша Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық  жүйесін тұрғызу на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ.......................................5
1.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау. Үрдістің экономикалық мәні............................................................................................................................5
1.2 Ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты...........................................8
1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар...................................................9
1.4 Ақпараттық жүйесінің концептуалды сызбасы...........................................20

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ............................................................23
2.1 Мәселенің қойылымы.....................................................................................23
2.2 Кіріс ақпараты.................................................................................................24
2.3 Шығыс ақпараты.............................................................................................24
2.4 Программалық қамтамасыз ету......................................................................24
2.5 Программалық қамтамасыз ету құрылымы..................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................28.....


1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау.
Үрдістің экономикалық мәні

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорынның кеңеюі мен техникалық қайта қамтамассыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет обьектісіне салынатын интелектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында.
Инвестиция - бос ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасы қамтамассыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл мекеменің шаруашылық қызметінде маңызды роль атқарады және өзіне тән заңдылықтармен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашқта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді.
Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлармен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезендердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіу, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқада салаларға тиісті әр түрлі экономикалық құқықтық және басқада факторлардың ықпалында болады.
Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттадың моральдік және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құалдардың табыстылығы азаяды,бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымның орташа салық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменнен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесіне айрықшаланатын инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциялды стратегиялық инвестордыңда ортақ мүдделерінің қиылысу кезінде жүзеге асырылады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді.Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық обьектінің стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуымен оны инвестициялық тртымадылығын бағалай алуына байланысты.
Бүгінгі қазақстандық инвестиция тәжірибесінде мынандай жағдай қалыптасып отыр:бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін тасушылармен нарықтық экономикақатарына еніп, іске кедергі келтіруде. «Техникалық-экономикалық дәлелдеме» дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда,оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе биснес-жоспарға теңестіруде.
Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді , жүйелі түрде түсіндіретін,алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін,сыртқы және ішкі жағдайлады обьективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің бизнеске тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға дәлелдей алатын құжат.
Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияны тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба-бұл белдгілі-бір мақсатқа жетелейтін мекеменің іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Инвестициялық жобаның техникалық талдауына тоқталайық. Техникалық талдаудың міндетіне мыналар жатады:
Жоба мақсаттарының көз қарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
Жергілікті жағдайларды талдау оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
Жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциялды мүмкіндіктерін тексеру;
Техникалық талдауда, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандарты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлердің басшылыққа алу керек: 1) технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болуы керек; 2) технология импорттық қондырғылармен шикі заттарға бағытталмауы керек.
Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:
 Шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологияларыменқамтамасыз ету;
 Техникалық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
 өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
 шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек.
Технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешенді талдауды және қандай да бір агрегатталған критеридіңнегізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.
Альтернативті технологиялардың ішінен таңдаудың негізгі факторлары технологияны қолданудың келесі аспектілеріне негізделеді:
 Сәйкес масштабтарда таңдалған технологияларды бұрығы бойынша қолдану.
 Шикізатқа қол жеткізушілік
 Коммуникациялар мен коммуналдық қызметтер
 Технологияларды сатып отырған ұйымның патенті мен лицензиясы бар екендігіне қол жеткізу керек.
 Ең болмағанда технологияны сатушы өндіріспен серіктесе жүуі.
 Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі.
 Жүктемелік фактор және толық өнімділікке сәйкес тұрақты жағдайына шығу үшін уақыттың керектікі.
 Экология мен қауіпсіздік.
 Капиталдық және өндірістік шығындары.
 Ең үздік техникалық шешімді таңдау
1.2 Ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты

Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпараттық жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс үстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады.
Ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан түрады: тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруларын барынша зерттеу мен ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:
 ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету;
 ағымдағы ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын арттыру; талдауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;
 ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;
 талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;
 қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін арттыру;
 қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.
Ақпарат жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруларын барынша зерттеу мен толық ақпаратпен қамтамасыз ету үрдістерін жүзеге асыруды автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі" және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек.
АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен әкономика -математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі әкономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын қүрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі - бүл жұмысты үтымды жоспарлау мен үйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек. АЖ қүру мақсаты - ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады.
АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады. Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:
 есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;
 АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамассыз етуді жаңарту;
 нақты уақыттағы Басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық талдау;
 алынған дүрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;
 есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
 бірегей МБ құру.
Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:
 жұмыс жеделділігі;
 ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
 қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.
Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) - ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен қүрылған жүйе. АЖО қолданушының персоналды әлектронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.
Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі қүрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РС/ПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модульқұрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық қүралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т.б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.

1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе - жеке бөлім мен әлементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке әлементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе әлементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.
Ақпараттық жүйені құраушы әлементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі - ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе — нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.
Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе - нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны - нақты белгі бойынша топталған жиын [Бралиева, 46-50бет].
Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.
АЖ құрылымы - ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары әлементтерімен байланысты.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру қүжаттары жатады.
АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:
 ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
 үйымдастырушылық - құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
 техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
 математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
 программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;
 ақпаратты қорғауға және программа құралдар жабдығына қойылатын талаптар.


Кесте 1
Ақпарат жүйесі құрылымына қойылатын талаптар

Есеп кешені Есеп атауы Кіріс ақпарат Шығыс ақпарат Қолдану
шылар
Мекеменің инвестициялық саясатын талдау жүргізуді автоматтандыру Ішкі есеп беру Сала мамандары

Ағымдағы ақпаратты жинау Сұраулар Зерттеу ақпараты Сала мамандары

Статистикалық зерттеулер жүргізу Қажеттіліктер Зерттеулер негізінде
есеп беру Сала мамандары

Статистикалық ақпаратты талдау Ұсынылымдар Талдау негізіндегі болжамдық көрсеткіштер Сала мамандары


Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпараттық жабдықтау экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпараттық жабдықтау төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:
- Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;
- Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;
- Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;
- Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;
Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), олады жүргізетін құрлдардан тұрады. Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды. Ақпараттық жабдықтау 2 кестеде көрсетілген.

Кесте 2.
Ақпараттық жабдықтау

Элементтер Сипаттамалар
Ақпараттық технология Мәліметтер базасында негізделген
Мәліметтер базасы типі Реляциондық
Кодтау жүйесі Фасеттік жүйе
Ақпараттық қорғау АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

Ұйымдастырушылық – құқықтық жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе элементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуінің қызмет атқаруы келесіден тұрады:
 Есептеу құжаттары бойынша ақпарат;
 Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудегі әдістемелік нұсқаулар.
Ақпараттық жүйені құруда және оның қызмет көрсетуі үшін негізгі ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Қолданбалы информатика курстық жұмыстар, Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу, курстык Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайы, Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін