Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу

Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу казакша Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………....3-4

Негізгі бөлім………………………………………………….5-13
I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу
1.1 Қолдану саласын сипаттау
1.2 Техникалық тапсырма
1.3 Концептуалдық сызба

II Ақпарат жүйесін жобалау
2.1 Мәселенің қойылымы
2.2 Кіріс ақпараты
2.3 Шығыс ақпараты
2.4 Программаны жабдықтау

Қорытынды...................................................................................14

Қолданылған әдебиеттер.............................................................15

I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу
1.1Коммерциялық банктың физикалық клиенттермен операцияларын жүргізуді талдау

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындармен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
“ Банк ресурстары ” термині “ несиелік ресурсы” терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқада активтік немесе комисиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Депозит- бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың ) банктегі алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттер бұл банк үшін бірден- бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік операциялар активті және болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар- банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент- банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялат. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.
Пассивті депозиттік операциялар- бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі бір уақытқа және пайиз төлеу шарты бойынша тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстар шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттарымен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрініс.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
I.Қарыз алушы категорияларына қарай:
1.Қаржылық институттрға берілнтін несиелер:
-м0ақсатты қорларға;
-банктерге;
-қаржы-несиелік мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
-өнеркәсіп салаларына;
-ауыл шаруашылығына;
-саудаға;
-дайындау ұйымдарына;
-жабдықтау-сату ұйымдарына;
-кооперативтерге;
-жеке кәсіпкерлерге.
Несиелеу қағидалары (принциптері) несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық зандардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу қағидалары негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу қағидаларына байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерізімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидалары екі топқа бөлінеді:
1 топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидалар:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциялдығы;
2 топқа- несиенің мәнін бейнелейтін қағидалар:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамассыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциялдық қағидаларының мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімдік қағидалармен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі.Екіншіден, бұл қағида несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурсқа деген сұраныссын оқып- үйрену барысында әлуетті қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай - ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетікшілекке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Несиенің төлемділігі- бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы депте атайды.
Кассалық операциялар- ҚР-ғы екінші дейгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999- жылы 15- қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” Ережесіне сәйкес жұзеге асырылады.
Осы ережеге сәйкес кассалық операция - бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.
Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма- қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлемшелер болуға тиыс:
- кіріс – шығыс кассалары;
- қайта санау кассасы;
- кешкі касса;
- сыртқа шығатын касса;
Банк кассасына клиенттерден қолма- қол ақшаларды қабылдау мен оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:
1) қолма- қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
2) кіріс кассалық ордер бойынша.
Басқада құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.
Кассадағы қолма- қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.
Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді де құжаттарды бақылаушы – бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.
Бақылаушы- бухгалтер, кассалық құжатты алғаннан соң, ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма- қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.
Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда,банктегі бұйрыққа байланысты,оның міндеті кассирге жүктеледі.
Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң клиентті шақырып,одан банкноталар мен монеталарды санап қабылдап алады.
Қабылдау барысында кассирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаның тапсырушының ақшалары болуға тиіс.
Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін,кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырып,сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып,түбіртекке «Кіріс кассасы»деген мөр басып,оны ақшаны тапсырушыға береді.
Валюта-мемлекеттердің заңды төлем құрал ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноталар,қазыналық билеттер мен тиындар соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда)түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары,сондай-ақ шоттардағы,соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары.
Осы занда «валюталық операцияларға» төмендегідей түсінік берілген:
1) меншік құқығының және өзгеде құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар,соның ішінде төлем құрал ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзгеде төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
2) Валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту,сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
1)Шетел валютасы;
2)Номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
3)Тазартылған құйма алтын;
4)Ұлттық валюта,резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Мұндағы резиденттерге жататындар:
- ҚР-ның тұрақты тұрғыны,соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
- ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар,олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттілігі;
- ҚР-дан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық,сауда және өзгеде өкілеттіктер жатады.
Ал,бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.
Валюталық реттеу-нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау,валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.
Валюталық операцияларды тіркеуге алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- тіркеуі үшін өтініш;
- валюталық келісім шарт көшірмесі (тігілген және мөрі басылған);
- заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
- ҚР Статистика ұйымының тарапынан заңды тұлғаға жеке
идентификациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың
көшірмесі.
1.2 Техникалық тапсырма

Техникалық тапсырма-бұл автоматтандырылған ақпарат жүйелерін құрудағы талаптарды бекітетін құжат.

Бұл құжатты қалыптастыруда келесі мәселелерді шешу қажет:
- ақпараттық жүйелерді тұрғызудағы жалпы мақсатты бекіту және ішкі жүйенің құрамын анықтау;
- ішкі жүйелерге қойылатын талаптарды анықтау және негіздеу;
- ақпараттық базаға, математикалық және программалық жабдықтарға, құралдар кешеніне талаптарды анықтау және негіздеу;
- ақпараттық жүйелерді тұрғызудағы кезеңдерді анықтау және орындалу мерзімін бекіту;
- ақпараттық жүйелерді тұрғызуға кететін шығындарды есептеу және оны объектілерге қолдануға енгізгеннен кейін экономикалық тиімділігін есептеу.
Ақпарат жүйесіне қойылатын талаптар: ішкі жүйе қызметтеріне деңгейлеріне басқаруды орталықтандыру дәрежесіне, ақпараттық алмасу әдісіне, қосымша жүйелермен өзара әрекеттесуіне және жүйенің даму перспективаларына, персоналға қойылатын талаптар, яғни жүйені қолданушылар саны олардың жалпы біліктілігі және оларды дайындау тәртібі: жүйенің сенімділігіне эргономикасына қауыпсыздікті қамтамасыз ету деңгейіне, стандартизациясына патенттік қорғалуына қойылатын талаптар.
Жабдықтау түрлеріне талаптар: математикалық жабдықтарға, яғни математикалық модельдер және әдістерінің құрамы және алгоритмдерінің қолданылуының сапасы ақпараттық жабдықтардағы, яғни мәселелердің құрамына, құрылымына, жалпы ұйымдасуына талаптар; жүйе компонентерінің арасындағы мәліметтердің алмасуына талаптар; қолданылатын классификатор және кодтарға талаптар; ақпараттық массивтерді бақылау, ақпараттық платформаға талаптар; шығыс құжаттарына, заң күшін беру процедураларына талаптар; лингвистикалық жабдықтауға; программалар құру тілдеріне жүйе және қолданішы арасындағы тілдесу әдісіне, кодтау жүйелеріне талаптар; программалық жабдықтауға; программа құрал – жабдықтарының платформадан тәуелсіздігі олардың сапасы, программалық құрал - жабдықтарды бақылау әдістері, алгоритм қорларын қолдану.

1.3 Ақпарат жүйесінің концептуалды сызбасы

Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.
Ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок схемалық алгоритмдердің ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжатының, ақпараттарының көптігі және т.б.
Коммерциялық банктің физикалық клиенттермен операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесінің ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ақпарат жүйесін құруды негіздеу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Информатика курстық жұмыстар, Ақпарат жүйесін құруды негіздеу, курстык Ақпарат жүйесін құруды негіздеу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Информатика кур, Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін