Құранды жаттап алу – мүміннің қолынан келетін ұлы құлшылықтардың бірі. Өзге мұсылмандардың алдында хафиздердің артықшылығын айтып жатудың еш қажеттігі жоқ. Бұл мақалада Құранды тез әрі сәтті түрде жаттап алудың 13 қағидасы жөнінде сөз өрбітетін боламыз. Құран жаттау – бұл рухани әрі физикалық жоба екенін естен шығармаңыз. Егер сіз Құран жаттауда шыдап соңына дейін жетер болсаңыз, онда бұл Алланың сізге нәсіп еткен бір мейірімі. Егер сіз Алланың берген бұл нығметін пайдаланғыңыз келсе, онда сіз рухани және физикалық түрде бұл үрдістен барынша пайда алуға тырысуыңыз қажет.
Құран – бұл бақыт кітабы. Әр мұсылман Құранның маңыздылығын түсінеді. Мұсылманның бар ғұмыры осы қасиетті кітаптың шеңберінен шықпайды. Құран біздің жолымызды шындыққа бұратын нұр. Онда Жаратушы Иенің ғибраты мен біз жүруге тиісті бағыттың мақсаты жасырылған. Сол себепті мұсылманның бір міндеті қасиетті Құран Кәрімді оқу.
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!
Ұстаз, ол – ұлы есім. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, өз жұмысын адалынан атқарып, мектепті екінші үйіндей көретін ұстаздар еңбегінің оқушы өмірінде алар орны ерекше. Ұстаз тек қана білім беріп қоймай сонымен қатар оқушы үшін ол – екінші ана, сырлас дос, психолог, жанашыр жан.
Мен отбасымда балалық шағымнан көрген мамандығым - ұстаздық. Әкем Есетов Аманбай Есетұлы 1947 жылы Қазалы ауданы,Бірлік ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.Отбасында.....
Алматы – Алатаудың баурайында орналасқан, көшелері жасыл жапырақты биік ағаштармен безендірілген, зәулім ғимараттары көп, сәнді қала. 1997 жылдың 16 желтоқсанына дейін Алматы Республикамыздың астанасы болды, қазір оны халық оңтүстік астана дейді. Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады. Алматы – республикадағы ең көрікті қала. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері бар. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның Ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереясы бар. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.
Әрбір елдің өткен-кеткенін саралап баға беретін тарихы болады.Қазақ тарихы да сан мыңдаған ғасырлардан тұрады.Оның әрбір жылы азаттықты аңсаған,күреске толы. Егер де арғы тарихымызға тоқталсақ төрт мың,бес мың жыл тереңге кетер едік.Ал мен, бергі тарихымыздан сыр шертсем деймін.Қазақ елі болып таныла бастауы 1456 жылы Керей мен Жәнібек хандардың “Қазақ хандығын” құруымен байланысты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына,ұлт-азаттық көтеріліс және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңдерін бастан кешірді.Содан кейін ғана 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін.дінін дамытты. Қазіргі таңда президентіміздің салиқалы саясаты арқасында қазақ елін бүкіл әлем таниды..Бұның барлығы сан ғасырлардан бергі тарихымыздың жемісі болып табылады.......
Туған өлкем - Атырау Көне тарихтың қай бетін ашып қарасаңыз да , халқымыз тыныштық пен татулықты ең бірінші мақсат етіп қойып келген . Бұған халық арасындағы "Бірлік бар жерде тірлік бар" "Ырыс қайда барасың - ынтымақққа барамын" "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген дана сөздер дәлел. Қасиетті де қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата - бабамның мекені.