Күз кереметі


 


 

 

«Күз кереметі»

 

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түлерімен,күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.

 

Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар! «Таңшолпан»кіші  тобының «Күз кереметі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз

-Күз мезгілінде ауа- райы  қандай болады?

-Күн салқын

-Жаңбыр

-Найзағай, кемпірқосақ болады.

-Үстімізге қандай киім киеміз?

-Жылы киім киеміз.

-Дұрыс айтасыңдар балалар күз мезгілінде  күн суытып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастайды. Құстарымыз жылы жаққа ұшып кетеді екен. Көкөністер мен жемістерім піседі. Күз мезгілінің ерекшеліктері көр екен.

Ендеше балалар  ортамызға күз ханшайымын шақырайық.

/күз ханшайымы келеді/

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме , балақайлар!

 

Уа халайық,дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқының алғысын.

 

Балалар сендер мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, қош келдіңіз! Ия, күз ханшайымы біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға шақырдық.

 Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі жапырақтар, сары түске боялған. Айналамыз әдемі, күн де тамаша, жақсы көңіл күймен қонағымызға ән салып берейік.

Ән: «Күзгі жапырақтар»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?

Балалар: Алтын күз мерекесі.

Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Айнала сап – сары жапыраққа толы екен. Балалар сендер күз туралы, көкөніс, жеміс – жидек туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.

Жүргізуші:Күз ханшайымы біздің балалардың өнері көп ән айтуды, би билеуді, тақпақта айта алады.Қәне, балалар күз ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік.

 

 

 

 

Жемістер:

 

Қуаныш:

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмім.

 

Ақтілек:

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Нұрсұлтан:

Өрікпін, мен өрікпін

Бау – бақшаға көрікпін

Әдина:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Айзере:

Жапырақты тасалап,

Өскен жері бақша бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Менің атым құлпынай.

 

Жүргізуші:: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көптеген тақпақ біледі екенсіңдер.Қараңдаршы балалар, мына жерде көптеген көкөністер мен жемістер бар: мынау картоп, бұл пияз, міне қияр, қараңдар қарбыз, сәбіздер де бар екен. Біздің бөбекжайымыздың бақшасында сәбіздер көп екен.

Ендеше, «Сәбіз жинау» ойынын ойнайық. Сәбіз ұзын , түсі сарғылт болады.

Ойын шарты: Екі топқа бөлініп сәбіздерді себетке жинауымыз керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Іңкәр апайымен қыздардың биіне кезек берейік.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Жемістер жақсы етіп тақпақтарын айтты.Қане қалған балалар  сендерде өз өнерлерінді көрсетіңдерші.

Асылай:

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Даяна:

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті,

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Назым:

Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып.

Құс кетті қайтып.

 

 

 

Еркежан:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет,тамаша.

Қандай әсем күз.

 

Әли:

Күздің қазан айында,

Алма,алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Инкар:

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі.

Күз әуені төгілді.

Нұрғасыр:

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан,алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер.Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым.Ал, балалар мен кетейін.Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, күз ханшайымы!

Күз мерекесін бізбен бірге тойлағаныңызға алғысымызды айтамыз. Сау болыңыз!!!

Жүргізуші: Ендеше ұлдарымыздың көкөністер биін тамашалайық.

«Көкөністер» биі

 

Жүргізуші: «Күз кереметі» атты ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға көп рахмет.

Сау болыңыздар!

 

 

 

 



Автор - Азаматова Іңкәр Қадірбекқызы



 

 


 

 

 

 

 

 

 

 




Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу