Арайлы алтын күз
Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.
Жүргізуші: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Құрметті, ардақты қонақтар, алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Ақылды, тәртіпті, ата-аналарына қолғанат, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңа тілектеспін!
Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы.
Табиғатым сары көйлек киінді.
Күзгі балды тойлауға жұрт жиналды.
Рұқсат болса бастайық осы кешті.
Балалар, мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға Күз ханшайымын шақырайық.
Балалар: Хор
Келші, келші алтын күз,
Келші,келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап-күлші, алтын күз!
Осы кезде мерекелік көңіл күйімен залға Күз ханшайымы жәшігін арқалап кіріп келеді. Жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған.
- Армысыздар ма, балдырғандар! Күзгі бақтағы қонақтар. Өздеріне әкелдім, күздің сыйын көз тартар.
Балалар: Көп рахмет сізге!
Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйды балаларға таратып берсек бола ма?
Күз: Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет өйткені күздің сыйлары жемістерде, көкөністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтан балалар мен бір ойын ойнайық, егер ойын шартын ойнай білсе, ептілік көрсете осы сыйлықты алуларыңа болады.
Ойын: Шар ұста ойының ұйымдастырайық.
Сұрақтар:
Қызыл сары жапырақтар қай кезде болады?
Күз айларын ата.
Жапырақтарының түсі қандай болады?
Күзде құстар қайда кетеді?
Күз туралы қандай тақпақ, өлең білесің?
Жемістер мен көкөністерді қашан жинаймыз?
- Қанеки, балалар, Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтайық .
Балалар тақпақ айтады.
Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,
Қол соғайық ,тұрмайық.
Күзгі бақта бүгінгі
Шырқап әнге салайық!
Балалар ән орындайды.
Қыздардың орындауында Аққу биі
Жүргізуші: Алтын күз, сізде толып жатқан сырлар көп, сондықтан бізге арналған қандай сыйымыз бар.
Күз: Менің жеміс жидектерім де өздерін таныстыруға осында келді. (Жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады.)
Жүргізуші:
Күзгі бақтағы қонақтар,
Айналайын балалар.
Мерекеміз бүгінгі
Естен кетпес күн болды.
Бақыт тілеп бәрімізге,
Сау болыныздар, деп.
Аман-саулық тілеп,
Мерекені аяқтайық.
Осымен, Алтын күз мерекесін аяқтауға рұқсат етінңіздер. Зейін қойып тындағандарыңызға көп рахмет......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?