» » » » Балабақша сабақ жоспары: Арайлы алтын күз

Балабақша сабақ жоспары: Арайлы алтын күз

Балабақша сабақ жоспары: Арайлы алтын күз казакша Балабақша сабақ жоспары: Арайлы алтын күз на казахском языке
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту.

Көрнекіліктер: Жапырақтар, жемістер, көкөністер маскалары, шарлар, гүлдер, жемістер.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы сіздерді бүгінгі өлкеміздің «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндей молшылық тілейміз!
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін алыпты.
Ақ үзіктер жауыпты.

Сахнаға күз ханшайымы келеді(қолында жеміске толы себет, үстінде толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған шляпа)
Сәлеметсіңдер ме балалар, ата - аналар, ұстаздар! Мен мына жақтан өтіп бара жатқан едім. Сендердің дауыстарыңды есітіп келдім. Мен жалғыз емеспін, қасымда менің туыстарым да бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша. Сендер бұлар туралы жақсы білетін шығарсыңдар.

Жүргізуші: Күз ханшайымы қош келіпсіз! Сіздерге әрдайым есігіміз айқара ашық. Біздің бүлдіршіндеріміздің сізге деген жылы ықыласын қабыл алыңыз! Біз, балалар, енді күзге өз өнерімізді көрсетейік.

Қане енді біздің бүлдіршіндеріміздің әдемі де тартымды ән, тақпақтар, би, ойындарын тамашалаңыздар!

Хор: Күз жомарт

Жүргізуші: Еркін күліп ойнаймыз
Ертеңді де ойлаймыз
Достығымызды қастерлеп
Алтын күзді тойлаймыз – деп балдарымыздың тақпағына кезек береміз.

Анеля
Алақай, алақай!
Алтын күз келді
Бақшаға баратын кез келді
Алақайлап жүрегім
Қуанышқа толып тұр
Асыққан алтын күзімде
Қоңырауын соғып тұр

Мейрім
Сары алтындай сары күз
Күтеміз сені бәріміз
Кетті міне сарғайып
Қамбаларға сыймасын
Күз мезгілі сарғайып
Еліме бақыт сыйласын

Валерия
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап

Аяжан
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

Нұрназа
Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Жүргізуші:
Өрік, шие, алма, алша
Жидек жүзім піседі
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
Қоймаларға түседі
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күзде

Жүргізуші: мына жақта көкөністер мен жемістер айтысып жатыр ғой тыңдап көрелік.
Көкөністер айтысы
Пияз – Михайл
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарып
Тұмаудан бірақ сақтаймын
Маған жетер қайсың бар, мен мықтымын

Қызылша Айзере
Тоқта, тоқта
Ақ түсім бар қант алар
Қызыл түсім қанға нәр
Зияным жоқ біліп қой
Қызылшамын пайдам бар.....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 63 | 27.02.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Балабақша сабақ жоспары жинағы, балабақшаға Арайлы алтын күз арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Арайлы алтын күз, балабақшаға Арайлы алтын күз арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша балабакша сабак жоспары балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары балабакша жылдык жоспары балаб, Балабақша сабақ жоспары: Арайлы алтын күз