Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР №

Мектеп

№11 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Есалиев Байғанин Рахметович

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес.

Сабақтың тақырыбы

Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар

Оқу мақсаттары

8.1.2.1. Кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсіндіру және көрсете білу

Сабақ мақсаттары

Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі

Бағалау критерийі

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді.

Жаттығуларды ретімен орындайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды?

- қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

- оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

- алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

- сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды?

- допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме?

- жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кері байланыс арқылы бағалау

Нығыздалған доптар, кедергілер. Гимнастикалық маттар (ұзындыққа секіруге арналған ор), гимнастикалық орындық, секіртпе жіп, ысқырық, биіктікке секіруге арналған бағаналар, резеңке жіп (жгут) http://sportfiction.ru/articles/uprazhneniya-dlya-razvitiya-pryguchesti/

http://vashbebik.ru/uprazhneniya-dlya-razvitiya-pryguchesti/

http://bmsi.ru/doc/cab611dd-9bdc-4b4e-a0c4-b61471e55a9b

https://megalektsii.ru/s13264t5.html

Сабақтың

ортасы

30 минут

Сабақтың

соңы

5 минут

(Ж, К, ҚБ) Қосымша салмақсыз секіру жаттығулары. Сыныпты бірнеше кіші топтарға бөліп, айналмалы түрдегі жаттығу сабақтарын өткізу: 1. Нығыздалған доппен кедергілерден бір аяқта және екі аяқта секіру-10-15 секіруді 3-4 қайталау. Кедергілердің биіктігі, оқушылардың дайындығына байланысты. 2. Бір аяқтан екінші аяққа секірулер (жұмсақ жерде, гимнастикалық маттарда, құмда)-10-15 секіруді 3-4 қайталау. 3. Кезекпен әр аяқта баспалдақпен секіру. 20-30 секіруден бастап, біртіндеп секіру санын көбейту. 4. Биіктіктен (орындық, гимнастикалық орындық) секіріп түсіп, жоғары немесе алға секіру 8-10 секіруді 2-3қайталау. 5. Секіртпе жіппен түрлі секірулер-200 секіруге дейін. Жаттығуды 20-30 реттен бірнеше қайталап орындайды. 6. Бір орыннан бір аяқта жоғарыда орналасқан заттарға секіріп, қолды, басты, иықты тигізу. 7. Толық отырып, ұзындыққа секіру(«бақа»)-6-10 секіруді 2-3 қайталау. 8. Жартылай отырған қалыптан бір аяқта және екінші аяқта секіру-әр аяқта 20-30 секіруді 2-3 қайталау. Орындалған тапсырмаға талдау жасау.

(Ж, Т, ҚБ) Сыныпты екі командаға бөліп, кезекпен екі тапсырманы орындау. 1.Станция «Жоғары». Жоғарыға секіру жарысы. Екі бағананың ортасына 50-60 см биіктікте (жарысқа қатысушылардың жасына байланысты). резеңке жгутты тартады. Резеңке жіптерінің жанында, секіріп түсу аймағында гимнастикалық маттар жатады. Әр қатысушы, шағын екпін алғаннан кейін «қайшылау» әдісімен жоғары секіреді. Осы биіктікті бағындырған қатысушылар, өз командаларына 10 ұпай әкеліп, 5 см жоғары көтерілген келесі биіктікке секіру кезегіне ие болады. Егер қатысушы, секіру кезінде денесінің кез келген бөлігімен резеңке жіпке тиіп кетсе, берілген станцияда жарысты тоқтатады. Одан кейін оқушы секіру орына өтеді. 2.Станция «Ұзын». Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру жарысы. Әр қатысушыға үш мүмкіндік беріледі. Әр секіру нәтижесі үшін секіру орында сызықтармен белгіленген ұпайлар беріледі, 1м-2 ұпай, 1м 50см-3 ұпай, 2м-4 ұпай және с.с. Осыдан кейін ұпайлар саналып, жеңімпаз команда анықталады.

Секіртпемен секірудің түрлерін көрсетіңіз. (төртеуден, екеуден немесе жеке жұмыс көрсетуге болады)

Дескриптор

- секіру барысында аяқ-қол алысын дұрыс орындайды;

- секірудің түр

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Оқушылар, тапсырманы орындауды түсінгендіктерін және қатесіз орындағандарын қадағалаңыз. Белгілі бір кезеңде топпен жұмыс жасағанда, дұрыс орындауды көрсетіп, көмектесетін оқушыларды атап өтіңіз. Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін еске салып кетіңіз. Жаттығуды орындау барысында асықпай, кезектілік ретін сақтау қажет. Жақсы дене дайындығын беруге және жаттығулар орындалу үшін, оқушыларға өзгеріс енгізуді ұсыныңыз. Егер оқушылар саны аз болса, айналмалы жаттығу сабағындағы жаттығулар санын өзгертуге болады. Оқу тапсырмасын орындау кезінде оқушылардың жағдайына қарап отырыңыз, қажет болған жағдайда демалыс беріп, тапсырманы орындап болған жағдайда кезеңнен кету қажет екендігін айтып кетіңіз. Оқушылар, тапсырманы тиімді орындап, келесі кезеңдерге өту үшін аймақтарды алаңның әр бөліктерінде орналастырған жақсы болады. Орындалған жұмысқа бірін-бірі бағалауды өткізіңіз. Сұраңыз: Қай жаттығуларды орындау кезінде қиындық туды?

Тапсырмалар көлемді болған соң, бастапқы биіктікті оқушылардың дене дайындығына байланысты орташа қою қажет. Әр секіруден кейін «қайшылай» секіру әдісінің техникасы бойынша нақты кеңес беріңіз. Егер бірінші тапсырманы орындау кезінде уақыт көп кетіп қалса, екінші тапсырмада ұзындыққа жүгіріп келіп емес, бір орыннан секіруді өткізіңіз. Секіру орындағы белгілерді алдын-ала дайындаңыз. Әр секіруден кейін орынды тегістеп отырыңыз.

Сұраңыз: Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? Сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды? Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.

Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу