« Кішкентай спортшылар»


«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім беру басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Жұлдыз» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»

Білім саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

нұсқаушысы:

Молдашева Б.М

«Үркер» кіші топ

Тақырыбы: « Кішкентай спортшылар»

Мақсаты: Балаларға денсаулықты сақтау туралы түсінік беру. Денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға дағдыландыру.Спортқа баули отырып,қызығушылығын арттыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту.

Жүргізуші:

Құрметті тәрбиешілер мен балалар , бүгінгі «Кішкентай спортшылар» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа екі яғни, « Тұлпар» және «Сұңқар» тобының балалары қатысады.

Ұстаған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық , қане баршамыз! деп кішкентай спортшыларымызды карсы аламыз.

Жүргізуші: Әділқазы мүшелерімен таныс болайық.

Балалар, біз танертең тұрган бойда беті- қолымызды жуамыз содан соң не істейміз? - Жаттығу жасаймыз

-Дұрыс айтасыңдар , балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін, әдемі , сымбатты болып өсу үшін.

–Ендеше балалар спорттық жарысымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

Әуенмен жаттығу жасалады.

Жургізуші: Балалар ендеше ұранымызбен таныстырамыз

1. « Тұлпар» тобы:

Жеңсек тасымаймыз,

Жеңілсек жасымаймыз .

Бірлігіміз жарасқан,

Тұлпар тобынан жалынды салем.

2. «Сұңқар» тобы:

Көк аспанда қалықтап

Сұңқар тобы тек алға.

Шарықтай бер, шарықта!

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

  • «Қос аяқпен секіру» ойыны Шарты: Қос аяқпен берілген шеңбер ішіне секіріп, белгіленген конусты айналып , кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру.
  • «Ептілік » ойыны

Шарты: Доптың үстінде отырып секіріп барып, дәл солай кері қарай қайтып келу.

  • «Кім шапшаң» ойыны

Шарты: Тарелкаға салынған допты құлатып алмай, берілген межеге дейін барып допты шелекке салып кері жүгіріп қайту.

  • «Секіргіш » ойыны

Шарты: Ойыншылар белгіленген орынға секіргішпен секіріп айналып келіп, екінші ойынға секіргішті береді.

  • «Кім жылдам» ойыны

Шарты: Қолымызға жалау ұстап, жүгіріп , белгіленген межеге дейін барып, кері қарай тіке жүгіріп келу.

Спорт көркі өмірдің,

Спорт досың серігің.

Жаттықсаң шымыр боласың

Шынығып өсіп, толарсың-деп бүгінгі сайысымызды аяқтап сөз кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.

2022-2023 оқу жылы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу