Бірер сөз

 Бірер сөз

Гүлнұр Қоқан

Туған жер-тұңған шежіре

"Туған елдің түтіні күйесіз" дейді ғой?
Әсте, сұңқар да қиясын,торғай да ұясын аңсайтыны белгілі ғой. Себебі сол табиғаттың заңы осы. Ғұмыр-дариямызда өлшеусіз толқыны тербелген туған жер жайлы алыста тұрып-ақ жазарым жетерлік..Айтарым көп-ті. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де менің өскен жерім жұмақ мекен. Жо-жоқ, бәрі айтатын "жұмаққа" емес менің "жұмағыма" төрлетіңіз ендеше.!
Туған жер-адам табиғатының тынысы. Менің балалық шағымның жұмағына айналған бұл мекеннің ауасы түгіл шаңынан жұпар аңқиды. Шуылында бір жанға жайлы тыныштық бар. Ал,күздегі ескен самалынан бір сырды ұзуға тиіссің! Терезе бойындағы тал-теректен,
шашылған жапырақ бетінен шабыт алуға мәжбүрсің! Мал-жанның, құс тіршіліктің, тау-тастың, құбылған ауа-райының бір күндік ішкі дауысынан хабарыңыз болар ма? Әнге баладым өз басым.Тұнып тұрған табиғаттың таланты.Тіпті бір шығарма дерсіз! Автор табиғат секілді. Еріксіз,себепсіз еліңе деген алай-дүлей белгісіз сезімдерің қаламыңа тұсауланбай, жүрегіңе үстемдік етпей тұрмайды-ау,сірә! Қанатты кеңге, қиялды шыңға апаратын бұл сезімнің рухы биік қашан да.. Бұл махаббат-уақытпен санаспайды. Қартаймайды не жасармайды. Бәрінен тәуелсіз! Ал аз ғана жақсылық үшін "жағалары жайлау", "көңілдері көл-көсір" адамдарын айтсаңшы. Мұнда сіз мейірім мекеніне мәңгіге қоныс іздегендерді табасыз. Қазақта бар мінезділіктің қарапайым ұшқынын көресіз.Табиғаттың үйлесім тапқан топыраққа не тасқа түспес тылсымынан сыр шертерсіз.Туған жеріңе деген мұндай "көксоққаның" бұққан сайын ішіңде қалай "аһ" ұрады десеңші! Шыбын жаның қалай-қалай шырылдайды! Мендегі арман атаулының бәрі де осы шағын жерден басталмақ. "Тәуелсіздігі тұрақталған бұл елге тірі болсақ қызмет етпей қоймайық." Жан-жағына нұр шашып өткен мұндай өмірден ардақтысы не болсын..


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!