Тылсым Табиғат

Тылсым Табиғат

Жоспар:

І.Кіріспе.
Ақ бұлттай кірсіз табиғат.
ІІ. Негізгі бөлім
1) Табиғат тіршіліктің қайнар көзі.
2) Табиғат пен адам тамырлас.
ІІІ. Қорытынды.

Табиғатты қорғау- біздің парызымыз
Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген.

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.
Шалғайын шалқар маушыған
Бұлт келді, көктем кір кетті.
Топырлап ұрған тамшыдан,
Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз пышаны
Шаң ғана болса,
Қалдырма
Терезелер құшағын
Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 8
  1. Оқырман айсултан
    2 + 0 -
    рахмет
  2. Asylzhan Aitkazy
    Asylzhan Aitkazy 11.10.2015 16:39
    1 + 1 -
    Өте эдемі жазылған
  3. Ерсагыл Акансери
    1 + 0 -
    Керемет
  4. Ернур Султанбеков
    0 + 1 -
    рахмет күшті кімге унады
  5. Аружан Рахманберді
    2 + 1 -
    керемет
  6. Ender Craft
    Ender Craft 07.11.2014 07:14
    2 + 0 -
    Рахмет!
  7. Акбота Маликова
    2 + 0 -
    Jaksy, rahmet!!!♥
  8. света мамедова
    света мамедова 12.10.2014 14:22
    0 + 1 -
    ия оте кушти

Ілмектер: табиғат туралы шығарма жоспарымен, табиғат туралы шыгарма жоспары, шығарма жоспарымен, шығармалар жоспар табиғат туралы, Қазақша шығарма: Тылсым Табиғат. табиғат туралы қазақша шығарма, табигат туралы казакша шыгарма, сочинения на казахском про природу, Қазақша шығарма: Тылсым Табиғат туралы казакша шыгарма, сочинение на казахском языке про природу, сочинение на казахском языке про природу казахстана, табигат туралы шыгарма казакша