👈 қаріп өлшемі 👉

Жыр алыбы -Жамбыл ата!


1946 жылы ақпанның 28-ші жұлдызында , Жамбыл облысы , Жамбыл тауының етегінде қазақтың дүлділ ақыны өмір есігін ашты. Жамбыл Жабаев өзінің бір ғасырлық өмір жолында шығармалары арқылы қазақ әдебиетін әлемге танытты . Жамбыл атамыз сонау Асан қайғы , Шалкиіз жырау , Доспанбет жырау , Бұқар жыраулармен , өзі пір тұтқан Сүйінбай жыраулардың жолын жалғастырды .
Жамбыл Жабаев өз заманында-ақ жыр алыбы атанып үлгерді . Жамбыл өлең- жырлармен қоса айтыстық өнерімен танылды . Атақты Майкөт пен Құлманбетті жеңіп ,Жетісудың бірінші ақыны атанды .
Жамбыл атамыздың ‘’Шағым”, “Жылқышы”, “Шәбденге”, “Сәт сайланарда”, “Өстепкеде”, “Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық” сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен. Ал соғыс жылдарында сарбаздардың рухын көтеруге арналған ‘’ Ленинградтық өренім’’ , ‘’Жеңіс жырын сайраңдар’’ , ‘’Артықша туған азамат’’ өлеңдері майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетті, жігерін қайрады. Сонымен қатар Жамбыл атамыздың ‘’Өтеген батыр’’ , ‘’ Сұраншы батыр’’ , ‘’Көрұғлы’’ атты дастандары бар. Жамбыл жырлары әлемнің ондаған тілдеріне аударылып , дүние жүзіне тарады.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаев көзі тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған .Сонымен қатар ‘’Ленин ордені’’ , ‘’Еңбек Қызыл Ту ордені’’ және ‘’Құрмет белгісі’’ орденімен марапатталған.

Мұхтар Әуезов ’’Жүз жыл өмір кешкен ақынды неше жүз өмірі мен шеберлігі түйіскен ‘’ деп өз сөзінде Жамбыл ақынның шырмашылығына жоғары баға берген . Сонымен қатар С.Сейфулин , Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин , С.Мұқанов ардақты ағаны мойындап , шығармашылығынң алдында бас иген. Ал Ромен Роллан, Михаил Шолохов, Павло Тычина, Николай Тихонов, Константин Симонов сияқты әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтеген.

ХХ ғасыр Гомері атанған Жамбыл атамыз бүгінде 176 жылдығық мерей тойы. Қазақ даласы еш уақытта өзінің жыр алыбы , дара перзентін естен шығармақ емес . Жамбыл атамыздың рухты жырлары байтақ даламыздың төрінде әрдайым биік шырқалады!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы