Əке

 Əке

Кенжегүл Əділова

Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.
Қазыбек би

Əке дегенде жүрегін елжірейді. Əкенің мейір махаббатына бөленіп өскен ғана адам түсінеді. Осы біз балалар əкенің қадіріне жетіп жүрміз бе?! Қартайып қалған əкелерді қарттар үйіне өткізіпті дегенді теледидардан, газет, журналдан оқып естіп жүрміз. Теледидар, əлеуметік желіден түрлі-түрлі адам шошитын қатыгез жаңалықты естігенде қоғам емес адам өзгергенің сезесін. Өз баласын əкесі, атасы зорлап өлтіріп кетіп дегенде ақыры заман таяп қалдыма деп ойлап қаласыз. Əр адамның өмірі тағдыры болғандықтан əкелерде өзінің ата-анасынан тəрбие алғанға байланысты мінездері əртүрлі. Тағдырдың қаталдығынан қоғамда өз баласын тастап кеткен тасбауыр əкелер де бар, кейбір обасылардағы айрылусуға байланысты əкелер өз қанынан жаралған баласын бір көруге зар болып көрсем деп сағынып армандап жүргендер қаншама. Түн ұйқысын аналар сияқты баласын бағып-қағып өсірген жалғызбасты əкелер де бар. Балам жақсы адам болсын ештеңеден қиналмасын деп үй көрмей отбасын асырап жүрген əкелер баршылық.

Мұхтар Əуезовтің « Абай жолы» романда анадан бұрын əкеге деген силастық болсын деген: “ Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

– Əй , шырағым балам, əуелі ар жағында əкең тұр... Сəлем бер! – деді.

Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар – əкесі Құнанбай тұр екен. Ынғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мəнін ұқты да, əкесіне қарай тез бұрылды.

Бұл жерде əкен қаты қатал болса да əкеге деген бірінші орында сыйластық. Абайды дүниеге əкелген анасы мен əкесі қандай дана адамдар. Сол заманың тəртібі тəрбиесі өзгеше. Кəзіргі заман мен бұрынғы ата- бабаның тəлімнің өзгергені бар. Асыл дініміздің өзінде əкеннің бала тəрбиесіне көңіл бөлуге деген ой қалыптастырған.

Бір күні Аллаһ елшісі ( саллаллаһу алəйһи уə саллəм) немересі Хасанды сүйіп жатқанда қасына келген Ақра ибн Хабис: “Менің он балам бар, ешқайсысын сүйген емеспін” – дейді. Сонда Пайғамбарымыз : “ Мейірім танытпағанға мейірімділік көрсетілмейді” ,– деп жауап қатады. Мейірілімділік əке тəрбиесімен берілетін қасиет. Əкенің айнасы баласы. Сондықтан қалай тəрби бергенге байланысты бала жетіледі.

Мен өз əкем туралы айтайын. Əкем көп кітап оқиды. Қарапайым ғана тракторшы болған. Кəзіргі таңда зейнеткер. Бір орында отырмайтын еңбекқор. Баубақша күтеді. Қой бағады. Елдің құдығын қазып береді. Бала кезінен еңбекке ерте араласып қойшы, жылқышы болған. Қойшы ауылдарға барып жүргенде ауруханаға жете алмай толғатып қалған қойшылардың жолдастарын босандырып алған. Үш қойшының əйелін босандырып кіндік əке атанды. Əкем жан-жақты адам. Жас кезінен бастап қариялардың шашын алған. Шаштараздық қабілеті бар. 70-ке тяап қалсада əлі немере, жиендерін шаштарын алады. Əкем мен ас ішіп отырғанда ақыл кеңесін айтып отырады:

– Бір неміс қазақстаннан өз елі германияға көшіп барыпты. Мамандығы инженер екен. Заводқа пол жуушы болып жұмысқа тұрыпты. Бір ай жұмыс істепті. Сосын бастықтың алдына барыпты. Мен инженер мамандығын оқып келдім. Қашан өзімнің жұмысына тұрамын дегенде бастығы жұмыс істей бер сосын көреміз. Жұмыс істегенге байланысты инженер боласын деген. Бір жылдай уақыт өтіпті. Бастықтың алдына қайтадан барыпты. Сонда бастығы айтқан екен. Сен бір жыл пол жуушы болып жұмыс істедің сонда ең болмағанда инжинермін дейсін пол жууатын зат жасамадың ба? – деген. Əкем қашанда мені қолдап ақылын айтады. Қарапайым жұмыскер боласың ба, ол маңызды емес. Адал еңбек бəрін жеңбек дегендей əкенің қашанда айтқан сөзі жөн болады.

Сондықтан əкенің ақ батасымен өскен, ұл қыздар қандай жағдай болсын тағдыр өмірмен күресте алға деген ұмтылыс қоғамға деген жаңашыр елдің үмітің ақтайтын азматтармен азматшалар болар. Қаншама шетел асып қазақстанымыздың байрағын жеңісін көтеріп елдің мақтаңышына айналған ірі тұлғалар бар. Солардың бойына біткен дарындығы əкенің үлгі тəлімнінен тəрбиесінен жетістікке жеткендер.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!