» » » Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін

Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін

Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін казакша Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін на казахском языке
Жанел Дидар
11 сынып, № 8 орта мектеп Астана қаласы
Жетекшісі: Утепова Салиха Камбаровна

Бұл сөз – менің бойымдағы, сан мыңдаған тамырдағы қанды бұрқақтатып, кеудемдегі кішкентай жұдырықтай жүрегімді тулатып,басымды көкке көтеріп тұрып, анамның алпыс екі тамырын идірген сүтпен келген, қылыштай өткір қазағымның тілімен сөйлеткен, ғаламның төрт бұрышына мақтанышпен айтатын сөз.
Мен ұлтарақтай жерін қасық қаны қалғанша қорғап, қызын қырдағы жайқалған қырмызы гүлге балаған, ұлын ұрпақ жалғастырар мұрагері деп ардақтаған, жеті атадан қан тазалығын сақтап ұрпағын өсірген, бейбітшілік туын көкке көтеріп көк бөрінің еркіндігін сақтаған, текті қазақ деп аталатын тәуелсіз ұлттың өрені боламын.
Өткен тарихы мол мұраға айналып, өскелең ұрпаққа асыл қазынадай ілім жолын салдырған, тарихын өшпестей етіп тасқа қашаған, шежіресін өлместей етіп кітапта қалдырған, жырлары дастан болып жырланып, батырларының ерлігі аңызға айналған, осы ғаламда Мәңгілік ел болып қалатын мемлекеттің ұрпағымын.
Азаттық үшін күрескен Күлтегіннің ерлігімен сусындаған, Абылайдың туының астына қазақты жинаған, Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Райымбек батырлардың ерлігін қайталаған, Кенесарының қайсарлығынан жүрегі тулаған, Ахмет, Бөкейхан, Мағжан, Шәкәрім жырларынан Алаш арыстарының арманын жалғастырған егеменді елдің ұрпағымын.
Талай қырғынды басынан кешірген, бүкіл әлемге қазағы «тарыдай шашылған»,бірақ атамекеніне қайта оралған, арыстарым құрбандыққа қиылған, рухани қазынам жасырын оқылған, талай қиындықты басынан өткізіп иілсе де, сынбаған қазақтың қайсарлығының жалғасымын. Тәуке хан жазған «Жеті жарғының» заңымен жүрген, ұлы билерімнің данышпандығын көрген, халқымның қырылғанына күйінген, батырларымның жеңісін сезінген, Әлия, Мәншүк, Бауыржанның ерлігін жалғастырар елдің қыранымын.
Абай салған дара жолда өзімнің кішкене ғана қайығымды ескен, Мұқағалидің сезімінен қиялданған, Фаризаның қайсарлығынан нәр алған қазақ қызымын.
Кешегі ызғарлы желтоқсанда еркіндік шеруіне шыққан, өз өмірін біздің тәуелсіздігіміз үшін құрбан еткен Қайрат, Сәбира, Ләззаттың асқақ армандарының нәтижесі – қазақ елінің болашағымын. Мен әдет-ғұрып салт- дәстүрін сақтаған, баласына бесік жырын жырлаған, тойында келіннің бетін ашып, көпшілікке сәлемін иілдіріп салдырған, Наурыз мерекесін жоғалтпай қайта жаңғыртқан, қайтқандардың рухын ардақтаған, тірілерді жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа уағыздаған еркін өскен елдің перзентімін.
Оңтүстігі Сырдариямен сырласқан, Солтүстігі Ертіспен ұштасқан, Батысы Жайықпен жайқалған, Шығысы Алтаймен ұштасқан ұлан –байтақ жердің иесі, жүздері мейірімге толы, ашық алақанындағы барын тосқан, қонағын төріне шығарған қонақжай елдің еркесімін. Көк байрағымды биіктерде желбіреткен, әнұранымды күллі әлемге естірткен, ғарышта қазақтың әні шырқалған, шетелдерде Абайдың өлеңдері жатқа айтылған, талай күресте жеңіліп көрмеген ұландардың «МенҚазақпын!» деп сеніммен айтқан замандастарыммен мақтан еткен Тәуелсіз елдің ертегі үмітімін!
Жиырма бесінде жасындай жарқыраған, елінің даңқын әлемге танытқан, Тәуелсіздік кемесін еркін ескен, бейбітшілік желкенін ғаламға желбіреткен, ұрпағынан зор үміт күткен, кер кеткендерге ағалық ниетпен ақыл-кеңес беретін басшысы бар,жеңістерге жеткендерді аялаған, халқының тыныштығын бұзғысы келгендерді аямаған елдің ұланымын.
Ең алғаш сенімсіз қадамдарымды нық басуға үйреткен, жүзден астам ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жинаған, өткеніне үлкен құрмет, болашағына үлкен сеніммен қарайтын, басқаларға үлгі болатын Тәуелсіз елдің жалғасымын!
Мен осындай Тәуелсіз елдің ұланы болғаныма мақтан етемін!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 46 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Мен Тәуелсіз елдің перзентімін туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Мен Тауелсиз елдин перзентимин на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Мен Тәуелсіз елдің перзентімін, шығарма Мен Тәуелсіз елдің перзентімін туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском эссе сочинение про Мен Тауелсиз елдин перзентимин на казахском день независимости казакстан 16 декабря эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 ж, Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы