» » » Шығарма: Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер

Шығарма: Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер

Шығарма: Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер казакша Шығарма: Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер на казахском языке
Шерубаева Майра
11 сынып, №8орта мектеп Астана қаласы
Жетекшісі: Утепова Салиха Камбаровна

Тәуелсіздік! Біз тәуелсіздікке аталардың қаны, бабалардың арманы, ұрпақтардың сан ғасырлық күресінің арқасында жеттік. Қазақ қазақ болғалы қаншама жаугершілік пен қиыншылықты, қаншама қасірет пен қанды қырғынды, қаншама қара зұлмат пен тоқырауды басынан өткізді. Халақымыздың тарихына үңіліп, өткеннің естелігін таразыласақ менің халқымның көргенін, басынан кешіргенін ешбір халық көрмеген екен.
Жоңғардың шапқыншылығынан құтыламын деп Ресейдің қоластына паналағанда басқаға тәуелді боламын деп ойламаған еді. Қытай мен жоңғардан құтыламын деп Ресейдің отына түсерін аңғал халқым сезбей де қалды емес пе? Талай шұрайлы жері мен құнарлы өлкесін өзгеге беріп өзегі өртенсе де, сенімін жоғалтпады. Еркіндік үміті кешегі өткен Сырым, Махамбает, Кенесары сынды батырлардың көтерілісі кезінде жандана түсті. Бірақ бұл үкілеген үміт ұшқыны ер рухты батырлардың ажалы мен қазақтың қайғысын басынан кешіргенде жалыны өшкен оттай төмендеген кезеңдерді де өткізді.
Кеңес үкіметі орнаған жылдары қолына қалам алып күрескен қазақтың зиялылары Сәкен, Ілияс, Ахмет, Мағжан ағаларымыздың арманы да елімнің еркіндігі мен халқымның тәуелсіздігі үшін болған күрес емес пе еді?! Ұлтым деп еңіреген Алаш арыстары да, қазақтың азаттық, бостандығын жырлаған, кеңес үкіметінен көп нәрсені күткен ағалардың үміті де ақталмай кетті. Олар екі жолды таңдаса да, екі майданда күрессе де ,армандары бір, үміттері жалғыз-қазақтың еркіндігі еді.
Қазақ халқының кеудесіндегі оттың жалыны төмендегенмен, жүрегіндегі сенім ұшқыны өшпеген еді. Талай дауылды топандар мен қаралы қырғындардан аман қалған халықымның еркіндікке деген сенімі жоғалмады. Еңсесін көтеретін күнді асыға күтті, күресін тоқтатпады, сергелдеңге түссе де сенімін жоғалтпай, желтоқсанның ызғарында жас қыршын жауқазындарын үсікке шалдырып, аңырап қалған кезеңді көрді.
Міне, талай батырдың күресімен, талай ақынның жырларында жырланып, талай қазақтың қанымен жеткен Тәуелсіздікке 25 жыл болып отыр. Осы 25 жылдың ішінде еліміз жылдар бойы жетпеген жетістіктерге, шықпаған белестерге шықты. Еленбеген ерліктері ескеріліп, айтылмаған ойлар айтылды. Кезінде қазақ ұлтын КСРО деп қана таныған болса, енді Қазақстан деп танытып жүрміз. Еліміз дүниежүзілік қандай мәдениет, спорт,ғылым,әскери сайыстары мен жарыстарына бармасын алпауыт мемлекеттердің қатарында танылып келеді. Төрінде қазақтың ән ұранынын шырқатып, көгінде көк байрағын желбіреткен Қазақстанның қай ұлт өкілі болмасын, олар өздерін «Мен Тәуелсіз Қазақстанның перзентімін» деген сөздерді мақтанышпен айтқанын талай естіп келеміз.
Мемлекет басшылары мен шетелдік қонақтар Астана қаласына келіп, 25 жылдың ішінде Елордамыздың ғажайып қалаға айналғанын көріп, таңырқап жатқанын да естиміз. Сарыарқаның қақ төрінде орналасқан, тоғыз ай бораны мен бет қаратпас аязы толастамайтын Ақмола қаласын Еуразияның кіндігіне айналдырмақ болған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да көрегендігін байқаймыз. Осы жылдар ішінде Елордаға әлемдік басшылар ғана емес, спорт майталмандары мен көркемөнер саңлақтары, түрлі ұлт өкілдері, білім сайысына қатысқан жоғары білім ордаларының студенттері мен мектеп оқушылары да келіп, қаламыздың көркіне тамсанып кетті. Кезінде бірен-саран ғана емені мен сексеуілі көрінетін алып қала қазіргі таңда жасыл белеске айналып, ақ қарға оранған шыршасының өзі өзгеше жасылданған, әр гүл алаңынан қазақтың өрнегі мен оюын көрген сайын кеудемізде өз елімізге деген мақтаныш сезімі ұлғая түседі.
2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО көрмесі де –Тәуелсіздігіміздің жемісі. Осы көрмеге қаламызға қаншама халық, қаншама шетелдіктер келеді. Кім білсін, біздің еліміз туралы естімеген әлі де елдер бар шығар. Елімізге келген қонақтар біздің мемлекетке келіп, біз туралы, қазақ халқы, Қазақстан мемлекеті , еліміздің қонақжайлылығы туралы әңгімелеген кезде олар да жер жүзінде осындай Тәуелсіз мемлекттің барын білетін болады.
Иә, елімізде әлі де істелінетін жұмыстар көп. Халқымыздың «Отызында орда бұзбаса, қырқында қамал алмайды» деген аталы сөзі бар емес пе? Ал менің елім осы 25 жылдың ішінде талай жетістіктерге жетіп отыр. Алдымызда істелінетін жұмыстар көп, жеңетін жеңістеріміз де алда. Оның бәрі біздің, яғни Тәуелсіз елдің ұрпақтарының еншісінде. Сондықтан тәуелсіздіктің туын жоғары желбірету үшін еңбек етіп, білім жолында талмай ізденіп, елімізді көркейте берейік ,Жас ұрпақ!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 46 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Эссе: Мәңгілік ел - біздің ізгі мұратымыз!
Эссе: Мәңгілік ел - біздің ізгі мұратымыз!
Шығарма: Еліміздің тәуелсіздігі – ұлы жеңіс
Шығарма: Еліміздің тәуелсіздігі – ұлы жеңіс
Шығарма: Өткенін білмеген ұрпақтың келешегі болмайды
Шығарма: Өткенін білмеген ұрпақтың келешегі болмайды
Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін
Шығарма: Мен Тәуелсіз елдің перзентімін
Шығарма: Алтын тұғыр – Тәуелсіздік
Шығарма: Алтын тұғыр – Тәуелсіздік
Шығарма: Тәуелсіздік - қол жеткен мұрат
Шығарма: Тәуелсіздік - қол жеткен мұрат
Шығарма: Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн
Шығарма: Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн
Шығарма: Тәуелсіздік тұғырыңнан тайма, менің Қазақстаным!
Шығарма: Тәуелсіздік тұғырыңнан тайма, менің Қазақстаным!
Шығарма: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары
Шығарма: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары
Шығарма: Менің Қазақстаным
Шығарма: Менің Қазақстаным
Шығарма: Қазақстан Республикасының Тауелсіздігі
Шығарма: Қазақстан Республикасының Тауелсіздігі
Шығарма: Менің тәуелсіз Қазақстаным!
Шығарма: Менің тәуелсіз Қазақстаным!
Шығарма: Өркендей бер Қазақстан гүлдене бер ғажапстаным!
Шығарма: Өркендей бер Қазақстан гүлдене бер ғажапстаным!
Шығарма: Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы
Шығарма: Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы
Шығарма: Батыр бабаларымыздың ерлігі
Шығарма: Батыр бабаларымыздың ерлігі
Шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз Қазақстан)
Шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіз Қазақстан)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиздикке кол жеткизген жаркын кундер на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер, шығарма Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском эссе сочинение про Тауелсиздикке кол жеткизген жаркын кундер на казахском день независимости казакстан 16 декабря эссе шығармалар ж, Шығарма: Тәуелсіздікке қол жеткізген жарқын күндер шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы