Алтын тұғыр – Тәуелсіздік

 Алтын тұғыр – Тәуелсіздік

Сисеналы Әділбек
10- сынып, Қосарал негізгі мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,Қосарал ауылы
Жетекші: Теміралы Шынар Есболсынқызы

Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды
етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халық-
аралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне
қызмет етуге парыздармыз
Н.Ә.Назарбаев
Ең бірінші, шүкіршілік ететінім – Тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздік – тәңірім мәңгілікке мөрін басқан қазақ халқының төлқұжаты. Бүгін де тәуелсіздігімізге, азаттығымызға, дербестігімізге 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсыншы тек! Сонда ғана барлығы осының аясында жүзеге асады. Арайлап атқан алтын таңның, шуақты күннің, алаңсыз қуаныш пен бақыттың, еркіндіктің қалай келгенін үлкен жауапкершілікпен сезінем де, күңіренем... Азаттық жолында көп қан төгілді – ау. Бұл жолда бұған дейін қаншама ұлтшыл батырларымыздың көтерілісі болып өтті десеңші. Бірақ, өз нәтижесін бермесе де, олар – ел қамын ойлап, еркіндікке ұмтылған батырларымыз. Көп жыл бойы сары орыстың боданында болсақ та, қазақ халқы – тілін, дінін, мәдениеті мен әдет – ғұрпын ұмытқан емес. Себебі, қазақ текті ұлт және арғы бабамыз рухты болған.
1986 жылы желтоқсанда «Жаңа алаңға», яғни «Брежнев» алаңына жиналып, жастардың көтеріліске шығуы, соңғы сенім, соңғы үміт, ақырғы бас көтеру болды. Ызғарлы желтоқсанның суығына тоңып, ақ қарға қаны төгіліп, аяусыз жазаланып, құрбан болған апа – ағаларымыздың өр рухы мәңгі өшпейді. Бостандыққа ұмтылған Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды белсенді, ұлтшыл, жалындаған жастарымыз жастайынан қыршын кетті. Барша жастардың сол кездегі тілегі мен бір – Тәуелсіздік.
1986 жылы 17 – 18 желтоқсан аралығында өткен бұл көтеріліс тарихта - «Желтоқсан көтерілісі», - деп, ойып тұрып жазылды. Сол кезде кегі мен қаны кеткен, қаншама боздақтар мен бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары үшін, Желтоқсан оқиғасы – қайғы мен қуанышты қатар әкелді. Бұл көтерілістің шығу себебі:ең бірінші, қазақ компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың орнына, халыққа ескерту мен ақылдасусыз билік басына басқа ұлт өкілі Геннадий Колбинді тағайындауы және қазақ жастарының тәуелсіздігімізге ұмтылысы еді. Ереуілде болған жастарымыздың барлығы тұтқындалып, жала үстіне жалған жала жабылып, ақталу мүмкіндігі мүлде болмады. Бірақ, ұлтшыл азаматтарымыз өздерінің не үшін олай жасап, неге бұлай істеп жатқанын, не істегенін анық сеніммен біліп, аққа – Құдай жақ екендігін түсінді. Өз елінің қамын ойлап, мына біз болашақ ұрпақ үшін аямай жанын берген сол кездегі апа – ағаларымыздың рухына мәңгі бас иіп, мың алғыс айтамыз. Сондықтан, тәуелсіздік құрбандарын тек желтоқсан айында еске алып, бас игеніміз жарамас, әрқашан есте сақтап, тағзым етіп жүргеніміз дұрыс.
Желтоқсан оқиғасы өз нәтижесін беріп, азаттыққа анық аяқ бастық. 1991 жыл еліміз үшін қуаныш пен өкініш әкелген, Тәуелсіздікке алғаш қадам басқан, жас мемлекетіміздің Қазақстан деген күллі әлемге танылып, әлем сахнасында өз орнын тапқан жылы болды.1991жылдың 16 – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғары сессиясы: «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» , - деп, жариялады. Яғни, еліміз өз дербестігін алды. Міне, сол күннен бері бүгінде 25 жыл өтіп, мемлекетіміз қарыштап дамып, тамырын тереңге жайып, орнығып алды. Елі мен халқының ақ батасын алып, ақ киізге көтеріп хан сайлап, 1991 жылы 1 – желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% басым дауыспен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланып, ел тізгінін қолға алды. Ал мемлекетімізді мәдениет пен спортта танып білу үшін, 1992 жылы 4 – маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Бұлардың барлығы тәуелсіздік аясында жүзеге асты. Ал, тәуелсіздікті боздақтарымыз алып берді. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен мыңжылдыққа егемен ел болып және тұсауын үзе шапқан жылқыдай болып аттадық. Әр жеке тұлғаның өніп – өсуіне, өркендеуіне еш кедергі жоқ.
Қазір тәуелсіздік алып, бесігімізді түзедік. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Еліміз қарыштап дамып келеді. Астанадағы "Қазақ елі" монументі - тәуелсіздік символы. Қазақ халқының қилы тағдырымен жеткен, қуанышы мен қайғысы, бүгіні мен өткенін суреттеген монумент - соның айғағы. Осындай керемет дәуірде өмір сүріп жатқаным, жаңа тәуелсіз елдің азаматшасы болғаным үшін өзімді бақытты санаймын.
Еңсемізді тіктеп,егемен ел атанып, тәуелсіздігімізді алып, туымызды желбіреткелі бері 25 жыл болыпты. Сан ғасырларды қамтитын тарих тұғырынан алып қарағанда, арманға қол жеткізген біз үшін оның әр күні жылдарға бергісіз жетістіктерге жетелеумен өткені ақиқат.
Өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан осы 25 жылда қаншама қиындықтарға жолықса да, тастай берік төзімділіктің арқасында жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты.
Қазақ халқының басынан қилы-қилы оқиғалар өтті. Талай қиын кезеңнен сүрінбей өтіп, талай құрсаудан бұлқынып шығып, тәуелсіздікке жеткен еліміздің сайын даласы талай рет қанды қақтығыстардың куәсі болғанын тарихтан білеміз. Тарихта теперіш көрген халық аз емес, бірақ қазақ халқы сияқты "мың өліп,мың тірілген"ұлт жоқ. Жоңғардың жорығынан тайсалмастан, патшалық Ресейдің аярлығынан, қызылдар қырғынынан қаймықпастан бейбіт күнге жеткен халқымыз қандай өміршең? Иә,азаттықпен қауышу үшін ата-бабамыз талай майдандарда келешек ұрпақтың болашағы мен бақыты үшін күресіп, тек алға ұмтылды. Мен ата – баба армандаған сан ғасырлық арманы тәуелсіздікті мәңгілікке сақталып қалуға ант етемін. Бейбіт күннің куәсі болып туғаныма қуаныштымын. Тәуелсіздік – елге арман болған үміт сәулесі. Қазір, Тәуелсіздік Қазақстанның алтын тұғыры. Сондықтан, алтын тұғырымызды төменге түсіріп төмендетпей, оның орнына қайта биіктетіп, шарықтау шегіне жеткізіп, мәңгі ұстап қалайық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?