Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын


       Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды  етуге,

.             қуатын арттыруға, оның игілігіне халықаралық

Қауымдағы беделінің өсуіне қызмет етуге парызбыз

Нұрсұлтан Назарбаев

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.

Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 29 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді.Алғашқы президентіміз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!

Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!

  Тарих-өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, қазақ жері қасиетті,өйткені ата-бабаларымыз бізге бірліктің, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп,атының тұяғымен дүбірлетіп өткен атамекенін аманат етіп қалдырды.Иә, «Тақымымызға бір тисе» деп арман еткен тұлпардың қолымызға ер-тұрмансыз,ноқта-жүгенсіз түсіп,жалына ғана жалаң қолмен жармасқанымызды  ұмытпағанымыз жөн. Осы тәуелсіздік жолында көптеген жастарымыз құрбан болды. Қазақтың біршама азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Олар елімізді басқаратын – қазақ азаматы болсын деп зарлады. Сол бір күнгі ұмытылмас оқиға бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кеткен болатын. Егемендік, бостандық үшін жап – жас өрімдей қыз – жігіттер құрбан болды. Оларға жала жауып, әбден намыстарына тиіп, қорлаған болатын. Бұл ызғарлы күндер халқымыздың есінде сақаталып қалған еді. Осы күнгі елі үшін жанын беруге дайын болған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжановаларды ерекше атап өткім келеді. Бұлардың ең кішісінің жасы не бәрі 16 жаста еді. Он екіде бір гүл ашылмаған жастарымыз жастықтың керемет дәмін татпай кетті. Ақиқаттың жолы қиын да қатерлі деген осы шығар бәлкім.

Аллаға шүкір қазіргі таңда жастарымыз алып берген тәуелсіздігіміздің арқаксында біз бақытттымыз. Аса бір қиыншылықпен келген тәуелсіздікті – қолымызға қонған бақ құсымыз деп білеміз. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан Егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. 130 аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк туын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Осындай тыныш, тәуелсіз, ашық аспанды заманда өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз  тәуелсіздігіміздің арқасы екеніне тағы да көзім жетті. Мен сияқты өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін тәуелсіздіктің маңызы ұшан-теңіз екендігі сөзсіз. Бүгінде Қазақстан Республикасының еңсесі биік,тәуелсіз, басқа мемлекеттермен терезі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Тәуелсіз еліміздің туы күннен-күнге биіктеп,халықаралық аренадағы беделінің күн санап артып келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатып,қиялымызға қанат қақтырады.

   Қорыта айтқанда, тарихымыз бай, бүгініміз баянды, ертеңіміз жарқын боларына кәміл сенемін. Тек қолға қонған бақыт құсын үркітіп алмай, жұмыла кірісіп, кеңесіп шеше білсек, болашақтың таңы жарқын!  Ендеше, бүгінгі «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда аға ұрпақтың ерлік істерін жадымызда сақтап, «Отан» деген қасиетті мекенді, ата-бабамыздың көздің қарашығындай сақтап келіп, ұрпағына аманат етіп қалдырған кең байтақ жерімізді, ана тілімізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай,аялап, қастерлей білу- біздің перзенттік парызымыз. Еліміздің дамыған елдермен терезесі тең болып қарыштап өркендеуі – жас ұрпақтың қолында!

Балапанова Алина Ерланқызы 

«Қаскелең мәдениет колледжі» Кітапхана ісі бөлімінің 1 курс студенті   


Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Пікірлер 1

  1. Амандосова Айдана
    0 + 0 -
    Біз жаңа жылды асыға күттік.Жаңа жыл өмірімдегі ең тамаша мереке.Жаңа жылда сыйлықтар,аяз ата және ақшақар болады.Жаңа жыл ақшақар мен аяз атамен ерекшеленеді.Жаңа жыл маған қатты ұнайды.Біз жыл сайын бұл мерекені тойлатамыз.Мерекеге туыс - туғандар келеді.Мен оларды асыға күтемін!

Келесі мақала жүктелуде...