Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін

 Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін

Курмашева Зейнеп
Алматы қаласы, 152 мектеп – гимназия 5 сынып оқушысы
Пән мұғалімі – Сапиева Ақтоты

1941 жылы 22 маусымда тып-тыныш жатқан бейбіт елге тұтқиылдан фашистік Германия шабуыл жасады.Бұл елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.Отанымызды қорғауға бұғанасы қатпаған жап-жас қыздар мен жігіттер де, еңкейген кәрі де аттанады. Ал, тылда қалған әйелдер мен әжелер, жас балалар тыным таппай еңбек етіп, бүкіл ауыртпалықты көтерді.Жас келіншектер мен қыздар қолдары қалт еткенде қалың киімдер тігіп, жылы кеудеше, қолғап, шұлық тоқып майданға, жауынгерлерге жіберіп көмек жасаған екен. Халықтың қабырғасын қаусатқан осы қаһарлы соғыс 4 жылға созылды. Қаншама адамдар осы сұм соғыста қаза тапты. Балалар әкелерінен, аналар балаларынан, қарындас ағасынан, жас әйелдер асыл жарларынан айырылды. Осындай қиын қыстау күндерде еліне деген сүйіспеншілік талай қазақ азаматын танымал батыр етті.
Солардың кейбіреулерін мақтаныш сезімімен атап өтетін болсам, олар – шығыстың қос шынары- Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сынды батырларымыз. Міне осындай талай батыр аға-әпкелеріміз аянбай елі үшін күресті.Рейхстагқа ту тіккен қазақ халқының ержүрек батыр баласы- Рақымжан Қошқарбаев еді. Олардың елі үшін жанын қиған ерлігі бүкіл КСРО халқын тамсандырды. Олар Отанын қорғау жолында жасаған ерлігі үшін«Кеңес Одағының Батыры» деген үлкен атаққа ие болды. Олардың ерлігі бұндай марапатқа әбден лайық еді. Міне, мен осындай батыр халықтың ұрпағы болғаным үшін мақтанамын! Халқымыздың Ұлы Жеңісі 9 мамыр мерекесі де келіп қалды. Жеңіс күні – бұл жай ғана мереке емес, халықтың батырлығы, еліміздің татулық, бірлігінің арқасында қол жеткізген үлкен жетістігі.
Осы ұлы мерекеде кеудесіне жарқырата таққан ордені мен медалі бар батыр қазақ ардагерлерін көргенде қызыға қараймын. Иә, бұлар халқын қорғау үшін жанын аямай соғысқан қариялар,қазақ ардагерлері. Бүгінгі таңда ол кісілердің қатары да азайып барады. Біз, кейінгі ұрпақ, соғыс ардагерлеріне құрметпен тағзым етіп, бас иеміз.
Аллаға шүкір, бүгінгі таңдаҰлы Жеңіске 71 жыл толу мерекесін тойлағалы отырған, мерейіміз тасып,ашық аспан астында, ел-жұрты тыныш, көк байрағы көгінде желбіреген бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз.Еліне бейбіт өмірдің сара жолын көрсеткен көшбасшысы бар – тәуелсіз мемлекетпіз. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін! Отанымыздың көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың көк туы желбірей берсін! Ана баласынан, бала әкесінен айрылмасын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!