Менің аяулым анам

 Менің аяулым анам

Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп айтқым келеді.
Ана - туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әркімнің өз анасы бар, және де барлығы өз аналарың жақсы көреді. Дәл сол адамдардың қатарында менде бармын. Ана – мен үшін осы жалған өмірдегі ең асыл адам. Анам маған өмір сыйлағаны үшін ол кісіге өмір бойы алғыс айтып өтетін боламын. Ана – осы 3 әріпті, 1сөздің астарында көптеген ыстық сезім жатыр. Ана – ол қастерлі де, мағыналы да, адам жанына жақын сөз болып табылады. Адам баласы мына өмірге келген беттен анасының құшағына еніп, ақ сүтімен қоректенеді. Түнде жылап оянғанда, түн ұйқысын төрт бөліп, біздің үлкен азамат болуы үшін көп еңбек етеді.
Бірақ бір өкініштісі осы анамыздың еңбегін біз түсіне алмаймыз. Бізді жаман жолға түспесін деп өз ақылдарын айтып отырады. Бірақ біз балалар басқаша түсініп, олармен сөз таластырып, анамыздың жүрегін ауыртамыз. «Ананың көңілі балада, балалның көңілі далада» деген халық мақалыны шыдық. Анамыз бізді ойлап, уайымдап жүреді. Оның жұдырықтай жүрегі баласы үшін соғып тұрады. Ал, біз анамызды ойламай тек өз басымызды ғана ойлап, бізге жақсы болғанын қалаймыз.
Егерде мына өмірге үнілетін болсақ, онда анасыз жүрген, ананың аяулы алақанын аңсайтын балалардың қаншама көп екенің біз білмейміз. Олар аналарын аңсап, түнде ұйқысынан, күндіз күлкісінен айырылып, шарасыз күн кешеді. Олар аналары болса, бақытты болар едім десе, анасы бар балалар қашан үлкейіп үйден тезірек кетсем екен дейді. Біз болашақты емес, тек қазіргі кезді ғана ойлап солай айтамыз, бірақ үлкейіп, оқуға кеткен соң анамыздың қандай қымбат екенін түсінеміз.
Менің анам, ол мені дүниеге аалып келді, маған тәлім тәрбие берді. Маған қиын сәттерде демеу болды. Сырқаттанып қалған кезімде ұйықтамай менің қасымда болды. Әрқашан да маған қамқор болып өсірді. Менің анама айтар алғысым шексіз.
Мына өлең шұмағынсізге арнаймын.
Ақ жаулықты анашым,
Бұл күнге дейін маған панасың.
Сендей артық жаным жоқ,
Аялаған анашым.
Алыс сақтап жаманнан,
Жақсылыққа жол тауып,
Уақыты оның жоқ болсада,
Шаршадым деп жайбырақат жатпайды.
Тәрбие бердің аямай,
Кішкентай кезімнен,
Ертең мен ержетсем,
Қамқор болам мен саған.
Болдың қамқор сен маған
Мен болам қамқор саған,
Бұл өмірде адам жоқ,
Сендей асыл анашым.
Анашым менің ардақты,
Бәрін бізге арнапты,
Мәпелеген анашым.
Анама үйге мектебімнен келгенде
Құшақтап бетін сүйдім мен,
Сұрап қалса бүгін неше алдың деп,
Бес десең қуанып,мақтап кетер өзіңді.
Данышпаным,ботақаным деп еркелетіп,
Берер саған бар дәмдіні аямай.
Осы үшін,баласы үшін бәрін берген,
Нағыз ана мол ана осы ғана!

Алиева Бағжан Құдайбергенқызы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?