Кітапхана ісін меңгерген

 Кітапхана ісін меңгерген

Бағдат Оңғар
7 сынып, № 15 орта мектебі Балхаш қаласы
Жетекшісі: Тойшыбекова Б.Б.

«Мен кітапхананы ақыл-білім,
адамгершілік ордасы деп білемін.
Ал кітапханашыларды ешқашан
жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның
сақшылары санаймын»
Ә.Кекілбаев


Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Өйткені қазіргі таңда кітапханашылар әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени сауатты,еңбегі өте қарапайым және маңызды,жан-жақты білімді, өз міндетіне жауапты педагог және тәрбиеші. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір десек, ал кітапханашы - кітапхана тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы екені даусыз. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мектебіміздің кітапханасы заманауи үлгідегіде жабдықталған, оқырмандар сұранысын толық қанағаттандыратын орын.

Біздер бос уақытымыздың барлығын осы кітапханада өткізуге, кітаппен достасуға, кітап оқуға, кітапханадағы жаңа ақпараттармен танысуға асығамыз. Өйткені мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Гүлнар Тайкенқызы әр оқырман жүрегіне жол таба білетін, оқырмандарға қажетті ақпараттың тиімдісін беріп отырған, эстетикалық талғамы бай, ойы зерек , қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырманға кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып отырған инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатынжәнеде қасиетті қазыналарымызды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген ең қажетті мамандық иесі деп айтар едім.

Гүлнар Тайкенқызы ұйымдастыруымен қалалық , мектепішілік қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын әдеби кештер «Тіл- елдіктің белгісі », «Туған өлкем – қандай көркем», оқырман конференциялары «Абай дара – Абай дана қазақта» , «Өзіңсің поэзия пайғамбары», әр кезде жарық көрген ақын – жазушылардың шығармалары «Өмірін өлеңмен өрнектеген», дәрістеп, түрлі тақырыптық көрмелер «Ата заң - айбынымыз», «Желтоқсан-ерлік тарихы», «Ұлттық дәстүр – ұрпаққа мирас», «Өнеге от басынан» көптеген іс-шараларды бірге өткіземіз.

Мектепшілік «Жас өркен» газеті 2009-2010 оқу жылында мектеп директорының ұсынымен, кітапхананың ұйымдастыруымен мектебімізде ақынжанды оқушыларға арналған «Жас өркен» тілшілері баспасөз орталығы құрылған. Бүгінгі күнде «Жас өркен» баспасөз орталығының тілшілерінің жұмыстары қала , облыс көлеміне танымал. Тілдер мерекесі аясында өткізілген қалалық шарада тілшілеріміз жүлделі І дәрежелі «Үздік тілші» дипломымен марапатталды.

Осындай шаралар арқылы кітапқұмарлыққа, сауаттылыққа, дүниетанымымызды кеңейтуге, сөздік қорымызды молайтуға әсері зор. Сондықтан, мектеп кітапханасы білімнің бастауы-кітап дей отырып, кітап мәртебесін көтерумен бірге мектептегі жаңалық жаршысы, заман талабына ілесу – әр кітапханашының міндеті деп білетін Гүлнар Тайкенқызы әлемде болып жатқан жаңалықтармен күнделікті ақпараттандырып тілімізді, дінімізді рухани байлығымызды дәріптеуші дер едім. Кітапханада өткізілген әрбір шара біздер үшін мереке дей келе ойымды осы өлең жолдарымен қорытындылаймын.

Ойшылдар мен білімпаздар мекені
Бәріне аян кітапхана екені.
Кітаппенен дос болуға баулитын,
Кітапханашылар мұнда қызмет етеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады