Білім керек бәріне

 Білім керек бәріне

Оқыдық, талпындық, ізден­дік, спортпен айналыстық, қоғамдық жұмыстарға қатыстық. Қалай болғанда нәтижеге жетуге тырыстық. Бірнеше жоғары оқу орындарында оқып ғылым кандидаты, ғылым докторы болдық. Өмір солай, талап солай. Мемлекет ісінде Елбасын үлгі тұтамыз. Елбасы күнде оқып, күнде ізденеді. Іс барысында Елбасының көп білетіндігі, ізденімпаздығына таң қалатынымыз рас. Абай атамызды үлгі тұтамыз.

Кейде Абай атамыз қазақты жек көрген бе деп ойлайсың. Шын мәнінде елін, халқын сонша­лықты сүйгендіктен кемшіліктерді жоюдың жолын көрсеткен. Біздің «қазақшылық» дейтініміз бар ғой, шылығымыз бары шындық. Сол шылықтардан құтылу үшін кемшіліктерімізге сын көзімен қарай білуіміз керек. Егер ұлт өзіне сыншылдықпен қараса бұл жоғары деңгейлі ұлт. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновты үлгі тұтамыз. Өзінің НКВД-ның түрмесінен шыға алмайтынын, жеке басының болашағы болмайтынын білсе де, халқының болашағы үшін, біздер мен сіздер үшін еңбек етті. Қазақтың әліппесін жасады. Қазақтың мектебін қалыптастырды. Алаш қозғалысы, республика құру, конституциялық құрылыс тұрғысындағы қайраткерлігі қаншама. Қазір біз тәуелсіз мемлекетпіз. Елбасы айтқандай, қалыптасқан тұрақты мемлекет болдық. Ішкі, сыртқы саясаты­мыз ұлтымыздың ең жоғарғы мүдделеріне сай қалыптасқан. Туымыз көтерілді. Ендігі қалғаны сіздердікі. Жуырда АҚШ-тың тұңғыш президенті Аврам Линкольн туралы фильмді көрдім. Сіздерге де көруді ұсыныс етемін. Ақ үйдің алдында АҚШ туын көтеріп тұрып ол «қазір мынау механизм сынып қалмаса мен бұл туды көтеремін, әрі қарай АҚШ халқына байланысты» дейді. Қандай керемет сөз. Елбасымыз халқымыз қаны мен терін төгіп, асыл арман еткен тәуелсіздік туын көтерді, қалғаны сіздердің жауапкершіліктеріңізде.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!