Қазақша реферат: Шернияз Жарылғасұлы (1817 - 1881) » ZHARAR © 2016 | шернияз жарылғасұлы туралы қазақша реферат, шернияз жарылгасулы туралы казакша реферат, шернияз жарылгасулы туралы казакша омирбаяны, шернияз жарылғасұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке шернияз жарылгасулы




  • »

Қазақша реферат: Шернияз Жарылғасұлы (1817 - 1881)

Қазақша реферат: Шернияз Жарылғасұлы (1817 - 1881) казакша Қазақша реферат: Шернияз Жарылғасұлы (1817 - 1881) на казахском языке

Шернияз Жарылғасұлы (1817–1881) – халық ақыны, Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836–1837) қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел ортасында жүрген Шернияз бұл қозғалыстың ұраншысы әрі ақыны болды. Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді.

Ақын азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады, сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасады: «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай», «Исатай ел еркесі, ел серкесі», т. б. жырларын шығарды. Шернияздың «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тостағанды қолға алып», «Ай жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Көл қылып құдайым талай судай ағын», т. б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады.

«Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» көркемдігі аса жоғары туынды болып саналады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Шернияз өлеңдерінің үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшһүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар. Шығармалары 1925 жылы Мәскеуде, Ташкентте (Ілияс Жансүгіров жариялауында) жарық көруінен бастап, әр кездерде шыққан орта мектептерге арналған хрестоматияларда, «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары», «Айтыс» жинақтарында басылған. Қазіргі таңда ақын өлеңдері халық арасына кең таралған және мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылады. Шернияз Жарылғасұлының шығармашылығы мен оның қоғамға сіңірген еңбегі өскелең ұрпаққа рухани дем береді.

Шернияз Жарылғасұлы атындағы жүлде тағайындалған. 2007 жылы қазанның 31-інде Ақтөбе облысындағы тарихи-өлкетану мұражайында танымал қазақ ақыны Шернияздың туғанына 200 жыл толуына арналған ғылыми-танымдық кездесу өтті. 1867 жылы дүниеден озған ақын Атырау облысындағы Мұқыр стансасына жақын жерде жерленген.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 68
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, шернияз жарылғасұлы туралы қазақша реферат, шернияз жарылгасулы туралы казакша реферат, шернияз жарылгасулы туралы казакша омирбаяны, шернияз жарылғасұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке шернияз жарылгасулы, биография на казахском языке шернияз жарылгасулы, биография на казахском языке, шернияз жарылгасулы, реферат на казахском языке, шернияз жарылғасұлы туралы, қазақша реферат, шернияз жарылғасұлы, шернияз жарылғасұлы туралы қазақша реферат, шернияз жарылгасулы туралы казакша реферат, шернияз жарылгасулы туралы казакша омирбаяны, шернияз жарылғасұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке шернияз жарылгасулы, Қазақша реферат: Шернияз Жарылғасұлы (1817 - 1881) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .