Қазақша реферат: Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы (1576-1656) » ZHARAR © 2017 | жалаңтөс батыр туралы қазақша реферат, жалантос батыр туралы казакша реферат, жалантос батыр туралы казакша омирбаяны, жалаңтөс батыр туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жалантос батыр




  • »

Қазақша реферат: Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы (1576-1656)

Қазақша реферат: Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы (1576-1656) казакша Қазақша реферат: Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы (1576-1656) на казахском языке

Жалаңтөс Сейітқұлұлы Сырдария өзенінің бойы, Нұрата аймағында дүниеге келген. Жалаңтөс батыр мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы Жалаңтөс батыр бес жасқа келгенде әкесі Сейітқұл хан (Сейітқұл 1570 жылы өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан болады да, 5000 тұрақты жасақ құрып, жеке ел билейді) оны Нұратадағы мешітке оқуға жібереді. Алғыр да зерек Жалаңтөс батыр: батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді де игере бастайды. Баласының бейімділігін байқаған әкесі Жалаңтөс батырды 1590жылы Бұхар ханы Абдулланың жоғарғы дәрежелі қолбасшылар даярлайтын әскери мектебіне оқуға жібереді. Бұл мектепте Шыңғыс ханның қолбасшылық өнерінен дәріс беретін Бақимұхаммедтің баласы Имамқұл Жалаңтөс батырдың ерекше қабілетін байқап, оны өзімен бірге хан ордасында өтетін әр түрлі кеңестерге, шет елдерден келген елшілерді қабылдайтын салтанатты рәсімдерге қатыстырып отырады. Хан ұрпағы Иманқұл мен Жалаңтөс батыр достығы осы кезден басталады. Бұхараның әскери мектебінде 3 жыл оқып, түменбасылық лауазым алып қайтқан. Жалаңтөс батыр 1593 жылы Бұланғар, Лайыш, Қаттықорған жерлеріндегі Әлімұлы тайпасының бір бөліміне би болып сайланады.1595 жылы Иманқұлдың шақыруымен Бұхараға келедіде, хан кеңесінің ұйғаруымен Бағдад қаласына оқуға жіберіледі. Онда білімнің әр саласынан дәріс тыңдап, 1598 жылы еліне оралады. 1598 жылы қыркүйекте Бұхар ханы Абдулла қайтыс болады да, орнына баласы Абдулмүмин таққа отырады. Бірақ оның билігі ұзаққа бармайды, бес айдан соң өзінің қарсыластарының қолынан қаза табады да, тақ үшін тартыс басталады. Осындай жағдай Бұхараның ақсүйектері Жаңатөс батыр бастаған алшындардың қолдауымен Жәнібектің баласы бастаған ағылшындардың қолдауымен Жәнібектің баласы Бақимұхаммедті хан көтереді, інісі Уәлимұхамедті тақтың мұрагері деп жариялайды. Жаңатөс батыр хан кеңесіне мүшелікке қабылданып, әскери істер жөніндегі кеңесші және ішкі істер уәзірлігінің орынбасары болып тағайындалды. 1605 жылы Бақимұхаммед қайтыс болады да, таққа Уәлимұхамед отырады. Бірақ Уәлимұхамед ел ішінде тәртіп орнатып, халықтың бірлігін сақтай алмайды. Мұндай саясатқа қарсы болған Жалаңтөс батыр бастаған топ 1611 жылы Уәлимұхамедті тақтан түсіріп, орнына Иманқұлды отырғызады. Осы кезде Бұхар хандығының нығаюына Жалаңтөс батыр көп еңбек сіңіреді. Жалаңтөс батыр ауырып төсек тартып жатқан кезде, 1612 жылы күзде Иманқұл Түркістанға шабуыл жасап, қазақтар мен қарақалпақтарды қырғынға ұшыратады. Осыдан кейін Жалаңтөс батыр мен Иманқұл хан арасындағы қырғи-қабақтық біраз жылға созылып, 1618 жылы қыркүйекте Иманқұл батырдан кешірім сұраған соң тоқтатылды. Жалаңтөс батыр бұл тұста Бұхарада 5000, Нұратада 5000 тұрақты жасақ ұстайды.1618 жылы Иманқұл хан Жалаңтөс батылды хандарының бас қолбасшысы, хандықтың ішкі тәртібін қадағалайтын және шет елдермен қарым-қатынас жасау жөніндегі бас уәзірі етіп тағайындайды.

Қазақша реферат: Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы (1576-1656)Бұл кезінде Бұхар хандарында белгілі дәрежеде тәртіп орнап, тұрақтылық сақталды. Иманқұл тақта отырған тұста хандықта екі адамнан жасқанатын, бірі- Жалаңтөс батыр, екіншісі- Бадахшан әмірі қатаған Махмұд би еді. Жалаңтөс батырдың беделінен сескенген Иманқұл 1626 жылы Бұхар хандығынан тәуелсіз Самархан аймағын құрып, оған Жалаңтөс батырды әмір етіп тағайындайды және бас қолбасшылықты Жалаңтөс батырдың өзіне қалдырады. Жалаңтөс баһадүрге Үндістан, Хорезм, Тибет, Ресей т. б. елдермен сыйлықтар келіп тұрды. Жалаңтөс баһадүр дарынды қолбасшы ғана емес, ол ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы бола білді. Самарқандағы Ұлықбек медресенің қарсысынан 1620–1636 жылдары «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырды.

1646 жылы екі медресенің ортасынан «Тіллә Қари» (Алтынмен апталған) медресесінің құрлысын бастайды, бірақ бұл медресенің құрлысы Жалаңтөс баһадүр қайтыс болған соң 1660 жылы оның шәкірті алшын Бекқұлдың жалғастыруымен бітеді. Жалаңтөс баһадүр салдырған кешенді құрлыстар Самарқандағы Регистан алаңын қалыптастырады да, кейін қаланың салтанатты орталығына айналады. Жалаңтөс баһадүр шын мәнінде өзбек, қазақ, қарақалпақ, қырғыздардың біріккен қолының қолбасшысы болып, Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан төңірегін ғана қорғаған жоқ, оған қоса қазақ сахарасының да қорғаны бола алды. 1640 жылы жоңғарлардың Батыр қонтайшысына қарсы 30 мың қолмен шығып, 50 мыңдық қолды талқандады.1643 жылы Жалаңтөс баһадүр Жетісу өлкесіне басып кірген жоңғарларға қарсы шайқасып жатқан Салқам Жәңгір ханға 20 мың қол бастап көмекке келеді де, қалмақтарды ойыстыра жеңеді (қ. Орбұлақ шайқасы). 1644 жылы Пәкстан, Ауғанстан, Үндістан аумағын билейтін Моғол империясы мен Бұхар хандығы соғысады. Салқам Жәңгір 100 мың қолмен Жалаңтөс баһадүрге көмекке келеді де, Бұхар хандығы аман қалды, Жалаңтөс баһадүр Кабул, Мешхедті басып алды. Бабырдың ұрпағы Жаһан шаһтың екі баласы басқарған моғол әскері Балх түбінде жеңіліс тапты. Жалаңтөс баһадүрдің сол замандағы Сақам Жәңгірмен қосылып, қазақ елінің тұтастығын сақтауға сіңірген еңбегі оның даналығын танытады. Жалаңтөс баһадүрдің Бұхар хандығын тапжылтпай ұстап, екі хандықтың Талас өзені алқабындағы қазақ-жоңғар соғысы кезінде одақтас болуына ықпал жасады. Жоңғарлардың қазақ сахарасына қарсы жасаған соғыстары кезінде Қазақ хандығының қалың қолына келіп қосылып, оның күшін еселеді. Жалаңтөс баһадүрдің мұндай әрекеті оның қайраткерлігін танытты. Жалаңтөс баһадүрдің 80 жасында дүниеден өтуі. Денесі Самарқан өңірі Дағбид қыстағындағы өзі пір тұтатын Мақтым ағзам әулие бейітінің жанына жерленген.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 70
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы туралы қазақша реферат, жалантос батыр туралы казакша реферат, жалантос батыр туралы казакша омирбаяны, Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жалантос батыр, биография на казахском языке жалантос батыр, биография на казахском языке, жалантос батыр, реферат на казахском языке, Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы туралы, қазақша реферат, Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы, жалаңтөс батыр туралы қазақша реферат, жалаңтөс батыр туралы қазақша өмірбаяны, жалаңтөс батыр туралы, жалаңтөс батыр, жалаңтөс батыр туралы қазақша реферат, жалантос батыр туралы казакша реферат, жалантос батыр туралы казакша омирбаяны, жалаңтөс батыр туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жалантос батыр, биография на казахском языке жалантос батыр, биограф, Қазақша реферат: Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы (1576-1656) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .