Қазақша реферат: Сарғалдаққызы Айғаным (1783 - 1853) » ZHARAR © 2017 | айғаным сарғалдаққызы туралы қазақша реферат, айганым саргалдаккызы туралы казакша реферат, айганым саргалдаккызы туралы казакша омирбаяны, айғаным сарғалдаққызы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке айганым саргалдаккызы




  • »

Қазақша реферат: Сарғалдаққызы Айғаным (1783 - 1853)

Қазақша реферат: Сарғалдаққызы Айғаным (1783 - 1853) казакша Қазақша реферат: Сарғалдаққызы Айғаным (1783 - 1853) на казахском языке

Айғаным Сарғалдаққызы — 1783 жылы Солтүстік Қазақстанда, Сырымбет жерінде дүниеге келген.1853 жылы 19 қараша айында дүниден өтеді.

Бүгінгі таңда әйелдің қоғамдағы орны, ой-таным шеңбері ұлғайып отырған шақта әйел тақырыбы қуатты арна ретінде осы ғасырдың аяғына таман жан-жақты танылып отыр. Қазақ әдебиеті тарихындағы әйелдер бейнесінің эволюциясы ерекше көрініс берген. Қазақ әдебиетінің қайнар көзі ауыз әдебиеті екенін ескерсек, «мінсіз ару», «ғажайып әйел», «адал жар» үлгісін жасау дәстүрі әсіресе әр алуан ғашықтық қиссалардан, эпостық жырлардан және аңыз-ертегілерден айқын көрінеді.

Жалпы әйел баласын табиғат ерекше жаратады. Сұлулық пен көркемдікті тек әйелге ғана үйіп-төгіп береді. Қай халықта болмасын, сөздің төресі өлең, сазгерлік шығарма көбіне әйелге, сол бір ерекше жандарға арналады. Әйелдің сұлулығын жырлау барлық халықта бар.

Біздің бұл жерде айтпағымыз, Шоқан да басқа ұлы адамдар сияқты табиғат сұлулығының алдында басын иген. Сол бір ерекше жаратылған жандарды суреттеуде қазақ ғалымы талай жаңа қанатты сөздерді тапқан".

Әже жайлы өлең жазып, прозаға қосу, еңбегіне арқау ету – тек осы ХХ ғасырда қолға алынды. Өйткені мұндаға дейін әженің қоғамдағы орны ерекше болғанмен, оған көңіл бөлушілер аз болған. Бірінен соң бірі жалғасқан тарихи өзгерістер әдебиет өкілдерін тарихи әлеуметтік жағдайдан өзгеге бет қаратпады. Халық басындағы ауыр жағдай, отарлау процесі, жер мәселесі, әйел теңсіздігі, жаңа заман жаңалығы секілді мәселелер осы кезге дейінгі әдебиетшілердің тақырыбына айналды.

М. Әуезовтың атақты «Абай жолы» романына соғыс жылдары Б. Момышұлы жоғары баға бере отырып былай деген екен: «Зере мен Ұлжан Абайдың емес, барлық халық анасы. Аналық (халыққа) сезімі мол, елдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған аналар болып ақиқат көрсетілген».

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар тұлғалардың бірі – Шоқан деп тапсақ, оның рухын жетілдіруге бар ынтасын берген әжесі Айғаным жайлы мәліметтер баршылық.

"Шоқанның әжесі, яки Айғаным үш жүзге бірдей аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты әйел болған. Әрі жас өспірім Шоқанның өз құралпырастарына қарағанда сана-сезімінің ерте оянып, рухани әлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі – Айғаным. Ә. Марғұлан Айғаным Шоқан үшін «… Халық даналығының сарқылмас бұлағы болған» — деуі сондықтан: Яки, болашақ ғалымның сан-салалы ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып қалыптасуына жасынан бойына сіңірген жан-жақты тәлім-тәрбие мен туып-өскен ортасының да игі әсері тиген".

«Айғаным өмірі мен саяси қызметі өткен дәуіріміздің тарихында ерекше аталады.

Айғаным Орта жүз жерінде орыс халқымен, соның ішінде алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясымен қазақ халқы арасында достық қатынастың алғашқы негізін мықтап қалаушы тарихи тұлға. Бұлт игілікті істі оның балалары жалғастырады…

Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тәрбиелеуге ең алдымен әжесі мен оның әкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.

Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз майталмандары, күміс көмей, жез таңдай әншілер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше әсер етті».

Айғаным туралы толық мағлұматты Ш. Уәлихановтың таңдамалы жинағынан ала аламыз. Онда былай делінген: «Ш. Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783–1853) парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған әйел. Ол Шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен және Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Жергілікті халықтың арасында Айғаным өте беделді кісі болған. Архив мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. „Сібір қырғыздары жөніндегі Устав қабылданғаннан кейін Солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бірде-бірі Айғанымсыз өтпейді.

Айғаным қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатын көздейді. Солтүстік Қазақстанда геодезиялық зеттеу жұмыстарымен щұғылданып жүрген орыс ғалымдары мен инженерлеріне ол үлкен көмек көрсетіп отырады.

“Уәлиханның орысқа бағынуын — деп жазған Н. П. Семенов Тяншанский, өзге туыстары, Уәлиханның бәйбішесінен туған балалары мен інілері мойындағысы келмегенде, тек Шоқанның әжесі, Уәлиханның жесірі Айғаным ғана өзінің балаларымен бірге Россияға айнымас адал досы болып қалды. Александр 1 Уәлиханның қырғыс сахарасында оған үй салдыруға әмір еткен. Ш. Уәлиханов сол үйде туған».

Айғаным Сырымбеттегі ата мекенін де қайтыс болған. Ш. Уәлихановтың архивіндегі өз қолымен жазған естелігінде былай делінген: "1853 жылы 19 ноябрьде, бейсенбі күні, екінді намаз кезінде қырғыз-қайсақ орта жүзінің ханы марқұм Уәлидің жесірі, Сарғалдақ қызы Айғаным 70 жасында дүние салды… Тоғыз ұл тапқан, оның екеуі жиырма жасында дүние салды…

Айғаным орысша оқып, білім алудың маңызын терең түсінген. 1827 жылы ол өзінің баласы Шыңғысты Шоқанның әкесін Сібірдің линиялық казактарының әскери училищесіне оқуға түсіреді…

Айғаным жайлы тағы бір дерекке сүйенсек, Абылайдың ұрпағы Уәлиханның төртінші тоқалы болған деседі. «Уәлихан әкесімен бірге Бурабайда тұрады, үш қатыны бар. Хандық жұмысымен Сырымбет ауылына жиі барады. Бір сапарында Сарғалдақ бидің немересі, Қожахметтің қызы, 15 жастағы Айғанымға көзі түседі. „Қызыңды төртінші тоқалдыққа бер“, — дейді. Айғаным орысша да, шағатайша да, парсыша да білетін, керемет шешен қыз екен. Уәлиханға: „Егерде менің шаңырағымды Бурабайға емес, Сырымбетке құрсаңыз, барайын“, — дейді. Сырымбетте Уәлиханның қалып қойған себебі сол…

Айғаным тоғыз бала тапқан, соның жетеуі тірі қалған. Үлкені – Шыңғыс, Шыңғыстан туған Шоқан. Танысқанда Уәлихан 54-те, ал Айғаным 15-тегі қыз. Уәлихан 83 жасында қайтыс болған. Күйеуі өлгенде Айғаным жас келіншек. Сол кезде Омбыға Бірінші Александр патша келеді. Омбының генерал- губернаторы Сотников Айғанымға хат жазып, қазақтың салтын көрсетуді сұрайды. Патша Сырымбетке арнайы келіп, жап-жас әдемі әйелді көреді. Уәлихан өлді, Ғұбайдолла хан болуға тиіс. Уәлиханның бірінші баласы – Ғұбайдолла. Сол жолы Ғұбайдолланы тұтқындап, Айғанымды хан сайлайды. Айғанымға жылына 400 рубль жалақы тағайындайды. Сол кезде қойдың бағасы 5–6 тиын, жылқы 70–80 тиын. Осылайша, Айғаным бір жарым жыл хан болып отырады.»

"Айғаным мекен –жайының жұрты қазіргі Көкшетау облысы, Володарский ауданы Сырымбет совхозына таяқ тастам жерде. Мекен-жай орнында тұрып қараған кісіге қос өрнекті Сырымбет Шоқысы асқақтап көрінеді.

Шоқанның анасы – Зейнептің әйгілі Мұса Шорманның қызы екені О. А. Сегізбаевтің «Мировозрение Чокана Валиханова» атты еңбегінде айтылған. «Мать Чокана – Зейнеп была дочерью видного казахского бия Баян-Аульского округа Чермана. Ее родной брат Мұса Черманов, дядя Чокана, который находится с ним в тесных связах, был образованным казахом».

Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт-дәстүрімен, тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің маңызы зор. Бесікке салу, бесік жырын салу, шілдехана секілді салт-дәстүрге әже тікелей қатысты. ХVІ-ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр әжелеріміз өзінің жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы әжелер орны айқындалғанын байқаймыз. Бірақ Тәуелсіздігіміз тәу еткен мына заманда ертеде аялы алақанымен бүкіл елінің болашағын бір бесікпен тербеген әжелеріміздің қоғамдық орнының болмай қалғандығы қынжылтады. Айғанымдай бүкіл елінің қамын ойлаған әжелеріміз бүгінде отбасылық жағдайдан алыстамай отыр. 70 жыл ерлер мен әйелдерді тең етеміз деген саясаттық бізге берген олжасы да осы шығар.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 36
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, айғаным сарғалдаққызы туралы қазақша реферат, айганым саргалдаккызы туралы казакша реферат, айганым саргалдаккызы туралы казакша омирбаяны, айғаным сарғалдаққызы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке айганым саргалдаккызы, биография на казахском языке айганым саргалдаккызы, биография на казахском языке, айганым саргалдаккызы, реферат на казахском языке, айғаным сарғалдаққызы туралы, қазақша реферат, айғаным сарғалдаққызы, айғаным сарғалдаққызы туралы қазақша реферат, айганым саргалдаккызы туралы казакша реферат, айганым саргалдаккызы туралы казакша омирбаяны, айғаным сарғалдаққызы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке айганым саргалдаккызы, Қазақша реферат: Сарғалдаққызы Айғаным (1783 - 1853) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .