Қазақша реферат: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров » ZHARAR © 2016 | тоқтар əубəкіров туралы қазақша реферат, токтар аубакиров туралы казакша реферат, токтар аубакиров туралы казакша омирбаяны, тоқтар əубəкіров туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке токтар аубакиров




  • »

Қазақша реферат: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

Қазақша реферат: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров казакша Қазақша реферат: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров на казахском языке

Ғарышкер
Азаматтығы Қазақстан
Туған 1946 жылы шілденің 27
«1-інші май» ұжымшары, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы
Мансабы1 Зерттеуші-ғарышкер
Дәреже генерал-майор
Ғарыштағы уақыт 7 күн 22 сағ 12 мин
Іріктелуі 1991
Тапсырыс (тары) Союз ТМ-13
1 алдыңғы не ағымдағы

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 — 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 — 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты — Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Мазмұны

Қысқаша өмірбаяны
Ғарышқа ұшуы
Марапаттары

Қысқаша өмірбаяны
1946 жылы маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ.

Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.

1965—1969 жылдары — Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыды, ұшқыш- инженер.

1969 жылы КСРО Әскери әуе күштерінде.

1976 Авиация өнеркәсібі миниистрлігінің сынаушы ұшқыш мектебі, сынаушы ұшқыш.

1988 жылы кеңес одағында алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жанармай құйдыру арқылы солтүстік ендікке қонбай ұшуды ерлікпен жүзеге асырды. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан «Союз ТМ — 12» ғарыш кемесімен ұшып, «Мир» орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми өзерттеу жұмыстарын жүргізіді.

1992 жылы сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі.

Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

1962 – 65 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964). Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірді (1969). 1969 – 75 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1975 – 76 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979). 1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А. Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ә. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Әубәкіров 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Әубәкіров ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 – 93 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 – 94 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Ғарышқа ұшуы
1991 Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.

Марапаттары
Тоқтар Әубәкіров - мәжілісмен.

Қазақстанның:
- «Халық Қаһарманы» атағы;
- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы;
- «Отан» ордені (1995).
Кеңес Одағының:
- «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987);
- «Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры) атағы (1988);
- «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988);
- «Ленин» ордені (1988);
- «Заслуженный Летчик-испытатель СССР» (КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990);
- «Летчик-космонавт СССР» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991);
- «Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені (1991).
Ресейдің:
- «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1995).
Аустрия Республикасының:
- «Алтын Крест» ордені 1988);
- «Алтын Крест» ордені (1993).



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 56
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .