Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп, көбеюде. 1990 жылы біздің планетамызда 5,3 млрд. шамада болса, ал 2000 жылы жер бетінде тұрушылардың саны 6 млрд. шамда болады. ХХ ғасырдың орта кезінде 10 млрд. деңгейіне жетіп тұрақтана бастады.
Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілуі көптеген қиыншылықтар туғызды. Мәселен, планетадағы бүкіл халықты тамақтандыру, азық – түлікпен қамтамасыз ету, оларды жақсы жерлерге орналастыру, әл – ауқатын үздіксіз жақсарту – бұл әрине, оңай жұмыс емес. Міне, бұл жағдай халықтың күні бұрын қамын, ойлауды көптеген іс - әрекеттерін алдын – ала тиімді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңде орман – тоғайлардағы жасыл жапырақты қарағай, қайың, үйенкі, тал сияқты ағаштарды, өсімдіктерді, көлдер мен теңіздерлді қорғаудың және оларды дұрыс пайдаланудың адамзат үшін маңызы өте зор. Өйткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мен адам өмірінің негізі. Бұл жағдай тұрғын халықтардыңи өсіп көбеюіне байланысты емес, басшы адамдардың, мамандардың сол аймақтағы егін, су және мал шаруашылығының ерекшелігін еске алмай, жоспарлаудың салдарынан болған қателік.
Соңғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. Гектар жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдарын, Арал теңізін пайдаланып, суландыру апаттық жағдайға соқтырды. Осының нәтижесінде суат бетіндегі су азайып тартылды, айналадағы жер құрғады. Сырдария өзенінің топырағы сортаңдады, ма жайылым өрісі тарылып кетті. Экологиялық жағдайдың азуы тұрғындардың денсаулығына, күнделікті тұрмысына үлкен әсер етті. Сондықтан халық қоныс аударуға мәжбүр болды.
Адамның өндірістік іс - әрекеті. Қазіргі кезеңде ең көкейтесті мәселелердің бірі – бұл адамның өндірістік іс - әрекетінің негізінде қоршаған ортаның ластануы, бұзылуы. Жер бетіндегі зиянды, әсіресе улағыш заттардың қалдықтары өте көп. Олар ауада да, су орталығында да таралған. Осының бәрі қоршаған ортаға әсер ететін өндірістік қалдықтар.
Атомдық өнеркәсіптің қалдығы және атомдық қопарылыстың радиоактивтік тұнбасы бірте – бірте адам организмінде жиналып, қатерлі ісік ауруына (рак) ұшыратады. Әсіресе атомдық өнеркәсіптің дамуы және оның адам денсаулығына тигізетін зардабы өте қауіпті. Қазіргі кезеңде жер бетінде стронция – 90 элементін аз мөлшерде болса да кез – келген баланың денесіндегі сүйектерден табуға болады. Бұл элемент табиғатта болмайды, тек қана осы уақыттағы атомдық өнеркәсіптің және ядролық сынаудың арқасында пайда болады. Сондықтан стронция жер бетіне тарап, ондағы барлық тірі жәндіктердің денесіне енген.
Әрине, бұлардың бәрі тірі жәндіктер үшін өте қауіпті . Оны қатты бақылауға алып, энергияның басқа табиғи түрлерімен үйлестіріп пайдалану қажет.
Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол теңіздер және мұхиттар түбінде көп жылдардан бері жатқан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, оқтар бір кезеңдердегі су астындағы жер сілкінуінің әсерінен қопарылып, су ішіндегі, жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы мүмкін.
Экологиялық тәрбие мақсаттары мен міндеттері, мазмұны.
1. Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін балалардың мінез – құлқында тәрбиелеу.
2. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
3. Балалардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру: а) тұлғаның мінез – құлқында; ә)қоғамдық пайдалы еіңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда; б) экологиялық білімді насихаттауда ; в) ең алғашқы кәсіби еңбекте.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс - әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Білім береті бала – бақшаларда экологиялық білім мен тәрбие мазмұны еңбек арқылы іске асырылады. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғата күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінін балалардың түсінуі қажет. Өйткені іс - әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналастыруға аймақ табиғатының ерекшелігін, оның өндірістік жүктемеге орнықтылығын есепке алу талап етіледі.
Балалар табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман – тоғай шаруашылығын, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғауға көмектеседі.
Сондықтан олар негізгі мәселелермен таныс болып экологиялық талаптарға сәйкес білімін, экологиялық байлықты тиімді пайдаланады. Табиғатты қорғау белгілі жүйені игеру, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс дүние тану көзқарасын қалыптастырады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білім беру, тәрбиелеу және экологиялық мінез – құлқын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.
Атап айтқанда:
- Педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
- Балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын ата – аналарына насихаттау;
- Әртүрлі жастағы балаларды топтарына оқу – тәрбие жұмыстарын атқару;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның баола кезінен ерте басталу тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқыда жеті жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезенде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезенде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тындауды үйренеді...Тәрбиеленуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді.
Баланыңи өміріндегі алғаш қабылданған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да бала – бақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі – « Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге , оны қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Балабақшада тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз. Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан – сөз, әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес сонымен, бірге қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілекке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемі мен таныстыру арқылы оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейді.
Балалар тірі және өлі табиғат арасында ,тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарындағы табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балалардың табиғи материалдарымен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жөнінде тәрбиешілер көп еңбек етуде. Балабақшада «Табиғатты аялай біл» семинарлар « Табиғат және біз», «Күзгі орманға саяхат», «Қазақстан менің туған өлкем», «Тірі объектілермен танысу», «Бөлмеде өсірілетін өсімдіктермен танысу» ашық сабақтары болады. Сонымен қатар « Муха – Цокотуха», «Жәрмеңке», «Масленица» және осы сияқты тағы басқа да шоу опералар көрсетіледі. Балаларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген материалдар жинақталған «Табиғат әлемі» мұражайының ашылуы сонымен қатар «Қысқы бақтың» ашылуы балаларға қуаныш болды.
Экологиялық тәрбие қазақ тілі және ағылшын тілі, дене шынықтыру және валеология сияқты басқа да сабақтар кезінде де өз жалғасын табады. Бала дүниеге келгенннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат – баланың ақыл – ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғарғы деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады. Бақшаның жұмысында өлкелік мұражайлар мен экологиялық орталықтар да жәрдем беруде.
Табиғатты танып, білут – мектепке дейінгі және сол жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым – қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру.
2. Балалардың экологиялық тәрбие берудің сауығының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналарт құру және ұйымдастыру.
3. Тірі объектілерді күтіп – баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс – шаралар ұйымдастыру.
4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдарды, ойындарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану.
5. Педагок мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші – педагокикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Біздің бүгінгі тәрбиелеп отырған бүлдіршіндерміз – Отанымыздың болашақ азаматтары. Сондықтан оларды өз туған жерін сүюге, туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу міндеттіміз.
Балабақшада балаларды қоршаған ортамен жан – жақты терең таныстырып отыру тек экология әліппесі сабағында ғана емес тіл дамыту сабақтарында да өз жалғасын табу қажет. Ол үшін балалардың жасына тәрбиеленетін тобына байланысты сабақтың тақырыптары белгілі бір жүйе бойына топтастырылады.
Қоршаған олртамен таныстыра отырып балалардың бір – біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын алақандарының жылуымен, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан басталады.
Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші балаларды ауа – райы құбылыстарымен, табиғат құбылыстарымен таныстырады. Балабақшада тәрбиеленуші бала сабақ қызықты өткен жағдайда ғана оны зейін қойып тындайды. Табиғат құбылыстарын балалар, қатты жел соқса бұлттар көшіп, тырс – тырс жаңбыр жауады, саусақтарымен бұлттардың пішінін бейнелейді, үстелді соғу арқылы жаңбыр тамшысын көрсетеді. Алдарындағы ақ қағазға қара қошқыл боямен әуелі бұлттың суретін салады, тік сызықтар арқылы суретін салады. Тәрбиеші балаларға жаңбыр жауып болған соң, орман, дала, қала ауасы тазарып, табиғаттын жаңаша тыныс алатынын түсіндіреді. Сабақ өткізген кезде жеңіл түрде кіріспе әңгіме жүргізу әдісін балалардың қоршаған орта туралы білімдерін күннен – күнге молайта түсуге әсерін тигізеді. Әр сабақтан соң балалар табиғат құбылыстарын, ауа – райы құбылыстарын көріп танысады. Ертеңіне көрген білгендерін пысықтап сурет салып балабақшаға іліп қояды. Әр топтың табиғат бұрышында аквариумы болғаны әрине, жақсы. Кейбір күндері ауа – райы қолайсыз болған жағдайда аквариумдағы балықтарды бақылауға болады. Балаларға аквариум балықтардың үйі екенін, олардың сусыз өмір сүре алмайтындығы туралы айтып түсіндіру қажет. Бақылау кезінде балықтардың түріне көңіл аударылып, басқа балықтармен салыстырылады. Серуенге шыққан кезінде бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру жөн. Балаларға әр жыл маусымына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратының ескерту керек.
Күнделікті ауа – райын бақылап, , оны табиғат күнтізбесінеи белгіленіп отыруы қажет тәрбиеші балалардың ойландыру үшін бірнеше сұрақтар қоюына болады. Бүгін аспан қандай? Ауа – райы туралы не айтуға болады? Егер де аспанды бұлт шалса, ауа – райы бұлтты; егер аспан ашық болса – күн шуақты, ашық, ал егер жел соқса – деп суреттер салу арқылы ауа – райын белгілейміз.
Кейде жаз, күз айларында балабақша бағындағы ақ қайыңды бақылауға болады. Ақ қайың биік, түзу, жапырақтары ұсақ, қабығы ақ, қара жолақтары бар. Ақ қайыңның бүршіктері емге пайдалы. Көктемге ол басқа ағаштардан ерекше сұлуланып гүлдейді, шашақты гүл шоғыры пайда болады. Балабақшаның әр тобындағы табиғат бұрышы бала жасына сай жасалуы тиіс. Ол бұрышқа қойылатын бөлме гүлдері іріктеліп, жануарлар (ақ тышқан, көжек, кірпі, тасбақа, тотықұс т.б.) таңдалып алынады. Алдын – ала табиғат бұрышында кезекшілік қызметін атқаратын балалардың тізімі жазылып, кезекшілердің атқаратын қызметі түсіндірілуі қажет.
Табиғат – қоршаған орта - өлі, тірі болып бөлінеді, орталықтар бойынша жұмыс жүргізіледі.
1. Өсімдік.
2. Жануар.
3. Құстар.
4. Ертегі.
5. Өнер.
1. Өсімдік орталығы: Бір жағында – ақ қайың,
Бір жағында – көк терек.
Қайсысына тоқтайын,
Гүл атқан бәрі көкке өрлеп.
2. Жануарлар орталығы: жануарлар туралы түсінік.
3. Құстар орталығы: Қазақстандағы құстар түрлерімен танысу.
4. Ертегі орталығы: Қазақстанда 1977жылы Қызыл кітап шықты. Жануарлар туралы ертегілермен таныстыру.
5. Өнер орталығы 3 – топқа бөлінеді : 1. Ермексаздан мүсіндеу.
2. Сурет салу арқылы бейнелеу. 3. Ән айту.
Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Қазақстандағы білм беру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» екі негізгі сала бойынша, яғни жалпы білім бюеретін мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде де жүзеге асырылады. Жалпы балабақшалара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және экологиялық білім беруге ерекше көңіл аударылып, жан – жақты қанағаттандыру мақсаты көзделінеді.
«Балаларға қосымша білім беру» балалардың білімді толық меңгеруге, тәрбие мен білім берудің жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналады. Балабақшалардағы тәрбиешілер сабақ өту арқылы балаларға бір салалы немесе көп салалы қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының егемендігінің іргесі бекіп, елдегі саяси экономикалық, мәдени дамуы жандануына себепші болды. Жас ұрпақтың тәлім – тәрбиесінде, өсіп – жетілуінде экологиялық мәдениетінің қалыптасуына үлкен рөл атқарылады. Әсіресе балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда да өз ықпалын тигізері сөзсіз. Тәлім – тәрбиесі саласында қалыптасқан принциптерді негізге ала отырып экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша келесі принциптерді басшылыққа алу керек:
1. Жүйелік принципі – тәрбиенің өзін жүйе деп қарауды талап етеді. Сондықтан балабақшаларда экологиялық тәрбиені жүйе ретінде санап, экологиялық тәрбие процесін оңтайлы жүзеге асырғанда ғана оның жүйе ретіндегі қызмет етуін қамтамасыз етуге болады. Сондай – ақ балабақшаларда экологиялық тәрбие жұмыстарының мазмұндығы жағынан, орналасу жағынан да логикалық жалғасын табудың мәні зор.
2. Ізгілендіру принципі – бүгінгі таңдағы экологиялық проблемалардың ауқымдылығы проблемалардың ой – технократиялық үлгісімен мүлдем жаңа әлеуметтікке ауысуын талап етеді. Бұл принциптің жүзеге асуы баланың табиғи әлеуметтік ортамен физиологилық ықпалын терең пайымдауды көздейді.
3. Табиғатқа сәйкестілік – эколгиялық тәрбие болып жатқан табиғи және әлеуметтік – мәдени процестерін бақылауда негізделеді. Бұндай тәрбиенің балалардың іс - әрекетімен тәртібінің экологиялық салдарына өз дамуына жауапкершілігін қалыптастырады.
4. Мәдениетке сәйкестік теориясы – жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалауға негізделіп және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес келмейтін ұлттық мәдениеттің құндылықтары мен өлшемдерін дәстүрлерге сәйкес құрады.
5. Әлеуметтік өзара әрекеттесудің тиімділігі принципі – экологиялық тәрбиенің түрлі типтегі ұжымдармен қарым – қатынасты жүзеге асыру насихатталады. Түрлі еңбек, мемлекеттік, қоғамдық ұжыммен араласу қарым – қатынас жасау арқылы, әлеуметтік бейімделуін қажеттілікке туғызады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?