Тұрғын үй құрылысының даму перспективасы

Тұрғын үй құрылысының даму перспективасы

ШҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат
Облыста 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3 шілдедегі № 6/70-ІІІ шешімімен бекітілген ШҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы іске асырылуда.
Өңірлік бағдарламаның іс-шаралар жоспарымен төмендегідей шаралар қарастырылған:
республикалық бюджет қаражаты есебінен:
- жыл сайын 8,1 мың шаршы метр көлемде коммуналдық тұрғын үй салу, бұл 2005-2007 жылдарға 24,3 мың шаршы метрді құрайды;
- жыл сайын 56,7 мың шаршы метр көлемде коммуналдық тұрғын үй салу, бұл 2005-2007 жылдарға 170,1 мың шаршы метрді құрайды;
басқа көздер есебінен (тұрғындар, жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен):
2005 жылы – 68,3 мың шаршы метр, 2006 жылы – 118,5 мың шаршы метр, 2007 жылы – 164,5 мың шаршы метр, бұл 2005-2007 жылдары 351,3 мың шаршы метрді құрайды.
2005 жылы облыс бойынша барлығы 201,9 мың шаршы метр енгізілді, соның ішінде:
- коммуналдық тұрғын үй – жоспарланған 8,1 мың шаршы метр орнына 13,546 мың шаршы метр. 2 тұрғын үй пайдалануға енгізілді (198 пәтер):
- Өскемен қаласында – 119 пәтерлі;
- Семей қаласында – 79 пәтерлі;
- кредиттік тұрғын үй - жоспарланған 56,7 мың шаршы метр орнына 74,517 мың шаршы метр. 14 тұрғын үй пайдалануға енгізілді (890 пәтер):
- Өскемен қаласында 6 үй – 392 пәтерлі;
- Семей қаласында 8 үй – 498 пәтерлі.
- басқа көздер есебінен – 113,8 мың шаршы метр.
2006 жылы облыс бойынша барлығы 245,118 мың шаршы метр енгізілді, соның ішінде:
- коммунадық тұрғын үй – жоспарланған 8,1 мың шаршы метр орнына 9,9 мың шаршы метр;
- Семей қаласында – 4,151 мың шаршы метр (63 пәтер);
- Абай ауданының Қарауыл ауылында - 0,691 мың шаршы метр (6 пәтер);
- Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында – 1,97 мың шаршы метр (36 пәтер);
- Аягөз ауданының Аягөз ауылында – 0,914 мың шаршы метр (12 пәтер);
- Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында – 0,461 мың шаршы метр (4 пәтер).
- кредиттік тұрғын үй – жоспарлаған 56,7 мың шаршы метр орнына 58,8 мың шаршы метр. 8 тұрғын үй енгізілді (685 пәтер):
- Өскемен қаласында – 6 үй (559 пәтер);
- Семей қаласында – 2 үй (126 пәтер).
- басқа көздерден – 176,419 мың шаршы метр.




ЖОБА «ҚР ТҰРҒЫН ЖАЙҒА АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МӨЛДІРЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ»
«ЗУБР» - ӘЛЕУМЕТТІК КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ - 1998 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ СЕКТОРЫНДА ЖҰМЫС АТҚАРАТЫН 2001Ж. 26 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА «ЗУБР» КОНСАЛТИНГ-ОРТАЛЫҒЫ БОЛЫП ҚҰРЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ.

«ЗУБР » ӘКҚ МІНДЕТІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ БАСТАМАЛАР МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ЖОБАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА,ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ШЕШІЛУІНЕ КЕШЕНДІ БІЛІМ БЕРУ, АҚПАРАТТЫҚ, КЕҢЕСШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ӨСУІНЕ ЖӘРДЕМДЕСУ.
Жобаның қысқаша берілуі
Қазақстан Республикасындағы тұрғын жайға азаматтар құқықтарының іске асу мөлдірлігі мен тиімділігі (Европалық Одақтың қолдауымен)
Қазіргі кезде мемлекетпен қандайда шаралар қолданылғанына қарамай, 2005-2007 ж.ж. тұрғын үй құрылысы даму бағдарламасының іске асырылуын және жасалуын қосқанда, сонымен қатар коммерциялық емес және тұрғын үй жинақтау банкілерінің қаржы құралдары – ипотекалық несие алу ұсыныстары- халық үшін тұрғын үй алу деңгейі ақырын өсуде.Жағдаят қазақстандық қоғамның стратификациясы үшін тереңдетіледі: халықтың бір бөлігі байыса,екінші бөлігі келейленеді,тұрғын үй алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар саны өсуде.Міне сондықтанда жобаның негізгі көңілі мемлекетпен кепілденген азаматтардың тұрғын үй алуға құқықтарының жүзеге асыру процесіне бөлінеді.
Мемлекетпен кепілденген Шығыс Қазақстан азаматтарына төмен шығынмен, халықтың әлеуметті-қорғалмаған тобын қосқанда тұрғын үй сатып алуға құқықтарының жүзеге асу мөлдірлігі мен тиімділігінің артуы тәжрибелік механизмінің дамуы мен сапасының анықталуы жобаның басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан дағы тұрғын үй сатып алуға азаматтардың құқықтары, осы құқықтардың әрбір әлуметтік санатпен жүзеге асу процедуралары,болып тұрған кедергілер мен қайшылықтар туралы ақпарат мазмұндалған мәліметтер қоймасы толық жиналады.Мемлекеттік бюджеттік тұрғын үй бағдарламаларын жасау процесінде әртүрлі әлеуметтік топтардың қажетіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге рұқсат беретін қоғамдық сараптама әдісінің сапасы анықталады. 2005-2007 ж.ж. Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жақсаруына бағытталған жасалынған кепілдемелер Қазақстанның төрт облысының (Шығыс Қазақстан облысы,Павлодар облысы,Солтүстік Қазақстан облысы және Қостанай облысы ) атқарушы және өкілді өкіметтеріне ұлттық деңгейде тапсырылады.
Жобаның мақсатты топтары
• Шығыс Қазақстанның шығындарының төмен деңгейдегі әлеуметтік топтары;
• Тұрғын үйге өздерінің мақсатты топтарының құқықтарын қорғауда және насихаттауда қызығушылықтарын танытқан Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының Үкіметтік емес ұйымдары;
• Шығыс Қазақстанның тұрғын үй саласындағы өкіметтердің атқарушы органдары, облыс және Өскемен қаласындағы тұрғын үй сұрақтарымен айналысатын маслихат депутаттары;
• Аймақтарды дамытудағы жоспарлау кезінде және мақсаттық топтармен қоғамдық сараптамаларды жұмыста қолданылуға қызығушылықтарын танытқан Павлодар, Қостанай,Солтүстік Қазақстан облысының атқарушы және өкілді өкімет органдары, ҮЕҰ;
• Қ Р Парламент депутаттары (тұрғын үй комиссиясының мүшелері) қапталды министірліктің өкілдері.
• Тұрғын үй нарығында жұмыс атқаратын коммерциялық құрылымдар (банк мекемелері,құрылыс компаниялары, қозғалмайтын мүлік агенствасы)
«ЗУБР» Косалтинг-Орталығы – Қазақстан Республикасы нарығында 1998 жылдан бастап коммерциялық, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардың іскерлік мәдениетін дамыту мақсатында жұмыс істеп келеді.2001 ж. «ЗУБР» орталығы «ЗУБР» Әлеуметтік корпоративтік қор атты жаңа қоғамдық ұйым ұйымдастырып, сонымен қатар тиянақты да табанды коалиция құра алды.7 жыл ішінде «ЗУБР» орталығының мамандары білім беру,зерттеу,консалтингті жобалардың жүзеге асыру тәжірибелерін жинақтады.
«ЗУБР» КО/ӘКҚ Коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорындар қызметтері тиімділігінің артуына және басқару жүйесінің оң өзгеруіне бағытталған консалтингті және зерттеу аналитикалық қызмет көрсету кең спектрін ұсынады.
«ЗУБР» КО қызметі коммерциялық емес сектордың қоғамдық дамуына бағытталған ірі жоболарды іске асырудан басталған,соның арқасында «ЗУБР» орталығының шетелдік ұйымдармен ұласқан жұмыс тәжірибелері бар.Соңғы 2-3 жылда өзіне барлық жаңа ірі және орта коммерциялық кәсіпорындарды,мемлекеттік құрылымдарды қосқанда,«ЗУБР»коммерциялық емес бірлестігінің тұтынушылары көбеюде. Бүкіл Қазақстан бойынша (Алматы,Петрапавловск,Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған және т.б.) аймақтық және республикалық деңгейде қиын оқытылатын және зерттелетін жобаларды сапалы орындауға рұқсат беретін серіктестік бірлестігі қалыптасты.
«ЗУБР» КО – Қазақстандағы бұрыннан келе жатқан консалтинг орталықтардың бірі.Осы уақыт ішінде : жаңартылып оқытылатын бағдарламалар өздерінің әдістемелік жұмыстарымен толықтырылған,ұйымдармен жүйенінің дамуы және басқару сұрақтары бойынша үнемі жаттықтырушы және кеңесшілік құрамы қалыптастырылған.Орталықтың қызметкерлері директорлар кеңесінің қызметі,қауымдастықтың дамуы,бюджеттік талдау,кіші және орта бизнестің дамуы,басқаруы,әлеуметті экономикалық даму сұрақтары бойынша шетелдік тәжірибелерден өткен.Біздің ұран - “Инвестицияның жақсы салынымдары-ол әлеуетке жақсы салыным”

Қызметтің қазіргі кездегі негізгі бағыттары:
• Шекара мен кәсіпорынның әлеуметтік – экономикалық даму саласының зерттелуі;
• Кеңесшілік басқарушысы;
• КЕҰ,бизнес құрылым және мемлекеттік органдардың арасындағы әлеуметтік серіктестік шарттараның қалыптасуы;
• Ұйымдық даму бойынша семинарлармен жаттығулар;
• Әлеуметтік бағдарламалармен жобалардың бағасы мен мониторингі, қоғамдық сараптаманың азамат тық қоғам дамуы талдауының үнемі өткізілуі;
• Әртүрлі жеткізушілерімен тапсырылатын, әлеуметтік саладағы қызмет көрсету сапасы жүйесінің талдауы.

«ЗУБР» КО-ӘКҚ кеңесшілері төмендегі қызмет көрсетуде мамандандырылады:
1.Ортақ басқарма және маркетинг: бизнес және бизнес- жоспар даму стратегия сының жасалуы,басқару жүйесі мен бизнес процессі талдауы мен оңтайлануы, ұйымдық құрылымның жеке процестермен қызмет тиімділігінің баға - лануы,тұтынушы қажетіліктерінің зерттелуі,нарық талдауы,бәсекелестер анализі мен бірлестік бәсекелестерінің артық жерінің анықталуы,тұтынушының қанағат- тану деңгейін бағалау,тұтынушыға қызмет көрсетудегі біріңғай стилін өндіру.
2.Қаржылық талдау және жоспарлау: кешігу жүйесінің талдауы, баға құрылу жүйесінің жасалуы,жобаның қаржылау жоспарының жасалуы,басқарма учетімен қаржылану жүйесінің ортақ жасалынуы.
3.Адамдық рессурстарды дамыту бойынша кеңесінің саласында: «ЗУБР» КО мамандары комиссияның нақты сұрақтары бойынша (әлеуетті – психологиялық климаттың,көшбасшылық әлеуеттің, басқару құрамының басқару стилін, мотивацияларын, лояльность және т.б) кадрлық диагностикасын,кәсіпорынның корпоративтік мәдениет қалыптастырылуы, әріптестердің материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесінің жасалынуы, оқытудағы талап етілетін талдау,ішкі оқу жүйесін/ оқытудың ішкі орталығының құрылуы,кадрлық басқарма (жоспарлау,оқыту және дамыту,мотивация және т.б) саласындағы саясат пен үлгіқалпының жасалынуын өткізеді.
4. Шекараның әлеуметтік-экономикалық дамуының басқарудың әртүрлі технологияларының енгізілуі мен жасалынуы: шекара дамуының мемлекеттік басқармасы жүйесінде стратегиялық жоспарлауы;шекараның спецификасынын қосқанда әлеуметтік бағдарламалармен мемлекеттік бағдарламалармен басқару және жасалу технологиясы;Әлеуметтік бағдарламалардың/жобалардың бағалануы мен мониторингі, қоғамдық сараптама; бағдарлама мен жобалардың әлеуметтік тиімділігінің бағалануы;әлеуметтік жобалар конкурсының өткізілу технологиясының бейімделуі; біріккен жоспарлау процессіне халықтың қатысу технологиясы; шекара дамуында,коалиция құруда әлеуметтік серіктестіктің әртүрлі түрлері;ұйымдар мен қоғамдық сараптаманың өткізілуі.
5. Коммерциялық емес ұйымдардың дамуы сұрақтары бойынша оқыту және кеңес беру: – ұйым дамуының кешенді талдауының өткізілуі,мықты және әлсіз жақтардың анықталуы,тәуелсіз кеңестер мен кепілдемелердің тапсырылуы;жобалардың жасалынған кезінен бастап,қаржылық көмекке үндегенне қостап,табысты іске асырумен қорытынды қағазбен дайындауымен аяқтайды,қоамдық ұйымдарда салықтық қорытынды жайлы және бухгалтерлік учеттің енгізілуі бойынша бухгалтерлік кеңес беру;гранттар бойынша қорытынды енгізілуі.
Біздің оқытушылар өздеріне ашық және корпоративтік бағдарламаны қосады:
• Кәсіпорынмен стратегиялық басқару;
• Персоналмен басқару:тиімді басшының әдеті;
• Уақытпен тиімді басқару;
• Әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларды жүзеге асырудағы конкурстық механизмі және жобалық жақындаумен басқару;
• Жобамен басқару;
• Бизнес-жобаның жасалуы мен бағалануы;
• Басшылар үшін қаржымен басқару:шығындар анализі және шешімнің қабылдануы;
• Сатылыммен басқару: пайдаланушылар нарығы,сатып алушылар тәртібі және тұтынушыларға тиімді қызмет көрсету;
• Әкімшілдік шаралар;
• Аймақтың дамуын басқарудағы азаматтық қатысулар;
• Жергілікте азаматтар қажетіліктерінің бағасы;
• Азаматтық қоғам: азаматтық бастамалардың орыны мен рөлі,құрылымы;
• Жобаның бағалануы мен мониторингі;
• Әлеуметтік маркетинг. Әлеуметтік саладағы қызмет көрсету үлгіқалпының жасалуы;
• Әлеуметтік серіктестік. Коалициидің құрылуы;
• Әлеуметтік ұйымдастырушылар мектебі;
• Жаттықтырушылар үшін жаттығулар (екі деңгейлі; бастауыш және )
«ЗУБР» КО жаттықтырушылары өз тұтынушыларының сұрауларына өте тез сондықтанда оқытылатын бағдарламалардың тематикасы үнемі жаңартылады және кеңейтіледі.
1998- 2006 ж.ж. «ЗУБР» комерциялық бірлестігі әлеуметтік-экономикалық даму бойынша республикалық және облыстық жобаларды Казахстан-Сорос, Каунтерпарт Консорциум, Глобального Экологилық Қоры (ГЭҚ), Еуропалық Одақты, Халықаралық Банкті, Кордейд Қорын (Нидерланды), Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі, ҚР қоғамдық келісімнің ақпарат министрлігі, ШҚО Ішкі істер саясат Департаменті және т.б.

ҚҰРЫЛЫС КӘСIПОРЫНДАРЫ
«ВОСТОК-РОСС-КОМПЛЕКТ» ЖШС
«Восток-Росс-Комплект» ЖШС 2002 жылы құрылды.
Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жұмыстарды орындауға мемлекеттік рұқсат (№ 011264 08-МР).

Қолда бар рұқсат бойынша жауапкершілік деңгейі: жауапкершіліктің II- III-деңгейлеріндегі ғимараттар мен имараттар.

«Восток-Росс-Комплект» ЖШС құрылыс компаниясының негізгі қызметі - өндіріс және азаматтық ғимараттар құрылысы, құрылыс материалдары өндіру және көпір ғимараттарын, автожолдарды, Өскемен және Қазақстан Республикасының басқа да қалаларында инженерлік және магистралді желілерді салу.

Аталған қызмет түрі бойынша жұмыс өтілі: 4 жыл.
Қазіргі уақыта компания ШҚО ірі құрылыс компаниясы болып табылады.
Жұмысшылардың жалпы саны 1220 адамды құрайды.
Орташа айлықақы: 29 748 теңге.

Өндіріс базасы және жылына өндіру қуаты:

«ҚҚЦ» - құрылыс құрылымдарының цехі

Темірбетон құрылымдарының, тауарлық бетонның әртүрлі маркаларының, құрылыс ерітіндісінің, арматура мен металл құрылымдарының кең түржиынын шығарады:
- бетон зауыты – қуаты жылына 30 мың текше метр;
- ерітінді түйіні – қуаты жылына 10 мың текше метр;
- құрамды темірбетон мен бетон дайындау зауыты - қуаты жылына 20 мың текше метр;
- механикалық цех – металл құрылымдарын шығару зауыты - қуаты жылына 300тонна;
- ТБҚ мен тауарлық арматураларға арматураларды дайындау цехі - қуаты жылына 117 000 тонна;
- металл-пластик терезелер мен есіктерді дайындау бойынша арматуралық цех;
- столярлық және слесарлық цехтар;
- кіші сәулеттік нысандарды өндіру цехі.

«ММЦ» - машиналар мен механизмдер цехі:

Жұмыстар мен автокөлікті механикаландыру базасы жүк көтергіш, құрылыс және жер қазатын машиналардан (барлығы 150 бірлік) тұрады, сондай-ақ келесі учаскелерден тұрады:
- ауданы 624 шаршы метр болатын жер қазатын машиналарды жөндеу және қызмет көрсету цехі;
- ауданы 668 шаршы метр болатын жүк көтергіш машиналарды жөндеу және қызмет көрсету цехі;
- ауданы 2076 шаршы метр болатын күрделі жөндеу бас корпусы;
- ауданы 1098 шаршы метр болатын қосалқы бөлшектер қоймасы;
- ауданы 2700 шаршы метр болатын құрылыс машиналарын жөндеу және қызмет көрсету профилакториі;
- 1080 шаршы метр болатын тұрақ боксі;
- тұрмыстық бөлмелер;
- электр цехі;
- жуу бөлмесі.

«Кірпіш зауыты»

М 125, М100, М 75, М 50 маркалы қыш кірпіш шығарады.

Өндіріс базасының құрамына кіреді:
- кірпіш шығару цехі – қуаты айына 1 500 000 дана;
- механикалық цех;
- көлік цехі;
- материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі;
- энергетикалық бөлім;
- өту жолы (өлшеу бөлмесі);
- дайын өнім қоймасы.

«Құрылыс зертханасы» - өлшеулер (сынаулар) жүргізуге құқылы, материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау және жұмыстарды өндіру үрдісінде құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындау барысын бақылау (3.06.03-85 ҚНмЕ талаптарына сәйкес).

«№ 1 және № 2 құрылыс учаскелері» - тұрғын, қоғамдық және өндіріс ғимараттарының құрылыс-жинақтау жұмыстарының толық кешенін орындайды – жер жұмыстарынан бастап әрлеу жұмыстарына дейін.

Бірінші топтағы дизайнерлер мен сәулетшілер жинақтаған сәулет-жинақтау бюросы.
Біздің кәсіпорын облыста бірінші болып тұрын үй құрылысын бастады.

Төмендегідей нысандарды салынды:

• Өскемен-Семей автожолындағы Таврия ауылында Песчанка өзені арқылы өтетін көпір
• Қызыл қырандар жағалауы, 141 мекенжайы бойынша орналасқан Өскемен қаласындағы бірінші таңдаулы 12 қабатты «ПРЕМЬЕР» тұрғын үйі;
• М.Горький, 21/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Real Estate Commerce» ЖШС ғимаратына «ТұранӘлембанкі» АҚ тұрғындарға қызмет көрсету орталығын орналастыруға жапсаржай құрылысы;
• Ленин даңғылы, 77 мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты 70 пәтерлі тұрғын үй;
• Комсомол көшесі бойындағы 43-позициядағы 5 қабатты 119 пәтерлі тұрғын үй (тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы бойынша);
• Тоқымашылар даңғылы бойындағы 16-позициядағы 7 қабатты 42 пәтерлі тұрғын үй (мембағдарлама);
• Комсомол көшесі бойындағы 44-позициядағы 10 қабатты 120 пәтерлі тұрғын үй (мембағдарлама);
• Өскемен қаласының 14-тұрғын ауданы, 1-шағын ауданындағы 16-позициядағы 10 қабатты 119 пәтерлі тұрғын үй (мембағдарлама);
• Славский атындағы жағалау, 64 мекенжайы бойынша орналасқан жайлылығы арттырылған 12 қабатты 120 пәтерлі «ПРЕСТИЖ» тұрғын үйі;
• Өскемен қаласындағы 14-тұрғын ауданы, 5-6 шағын ауданындағы сорғы су құбырының станциясы;
• Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы тегеурінді кәріздік коллекторды қайта құру;
• Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы КНС-19-дан КНС-13-на дейін тегеурінді кәріздік коллекторды қайта құру;
• Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы КНС-17-ден дюкерге дейін тегеурінді кәріздік коллекторды қайта құру;
• Өскемен қаласындағы 14-тұрғын ауданы, 1 шағын аудан, 16-позиция, 5-6 шағын ауданы, 43-позициядағы тұрғын үйлерге квартал ішіндегі инженерлік желілерді салу.

Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізілуде

• Комсомол көшесіндегі 40-позициядағы 10 қабатты 80 пәтерлі тұрғын үй;
• Комсомол көшесіндегі 41-позициядағы 10 қабатты 80 пәтерлі тұрғын үй;
• Комсомол көшесіндегі 46-позициядағы 10 қабатты 120 пәтерлі тұрғын үй;
• Өскемен қаласындағы 14-тұрғын ауданы, 5-6 шағын ауданы 40, 41, 46-позициялардағы тұрғын үйлерге квартал ішіндегі инженерлік желілерді салу;
• Тоқымашылар даңғылындағы ТК-6-дан Тоқымашылар даңғылындағы Северная магистралі қиылысындағы камераға дейін жылу желілері;
• ШҚО Өскемен қ. 14-тұрғын ауданы, 5-6 шағын ауданы Северная магистралінан ЖСС-57-ге дейін жылу желілері;
• Өскемен қ. 5-6 шағын аудан, 14-тұрғын ауданы 46-позициядағы тұрғын үй аумағында ЖСС-57 жылу сорғы станциясының құрылысын аяқтау;
• Өскемен қ. 5-6 шағын аудан, 14-тұрғын ауданы 14-позициядағы тұрғын үй аумағында ЖСС-56 жылу сорғы станциясының құрылысын аяқтау;

өз бағдарламасы бойынша

• Ленин даңғылы,77 мекенжайы бойынша орналасқан 8 қабатты 64 пәтерлі тұрғын үй.

Төмендегі нысандар бойынша құрылыстар дайындау сатысында:

Ертіс жағалауы, 20/1 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй – геологиялық ізденістер жүргізілді; СЖТ алынды, жалпы пайдалы ауданы 5000 шаршы метр болатын «Де Люкс» класындағы 5 қабатты таңдаулы тұрғын үйді жобалау жргізілуде. Үйдің қасбеті эркер, терасса, бағана, дөңгелекотау, әртүрлі кіші сәулеттік нысандар пайдаланылуымен жасалады. Құрылысты 2007 жылы бастау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, біз Алматы қаласында кең көлемді тұрғын үй құрылысын бастау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!