Қаржы | Коммерциялық банктер операциялары

Қаржы | Коммерциялық банктер операциялары

Банктердің пассив операциялары
Пассив операциялары- олар өз қарауына әр түрлі салымдары тартып басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с басқа да қаражат тарту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
• салым қабылдау (депозиттер)
• клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент- банктерге) ашу және оларды жүргізу;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару( облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары;
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
• репо операциялары;
• еуровалюталық несие алу;
Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған қаражаттардан құрылады.Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі.Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді,дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі өз мөлшерін бекітеді. Батыс елдерінің коммерциялық банктерінің жарғылық капиталы 10-15 млн ЭКЮ болады. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің дивидендтері жәнке пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын шығын дарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты процентпен белгіленеді.
Бөлінген пайда шоты деген- ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөқлу төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі коммерциялық банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10 % шамасында.
Коммерциялық банктердің өзгешелігі- олардың өзгенің қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90%- ке жуығы тарылған қаражат.Тартылған қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтардан құрылады.


2.Банктің депозиттік операциялары
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялары- банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент- банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Салым (депозит)- ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған қша қаражаты. Ол қолма- қол ақша несие ақшаның қолма- қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп аталады. Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының жүргізудің негізгі ресурсы.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді.
Пассивті депозиттік операциялар- бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар кеөмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер
- жинақ салымдары
- бағалы қағаздар
Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шармына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
- тағы басқалар;
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар жеке акционерлік қоғамдардың шоттарына ;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер- бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма- қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражакттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражат қалдықтары;
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
Үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шорттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі- бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынандай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
- банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозиттер- бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары. Бұл салымның ерекшелігі- талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- Меншікті- мерзімді депозиттер;
- Алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті- мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттердің мынандай ерекшеліктерібалады:
- есеп айырысу үшін пайдалынылмайды,әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттарға қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Жинақ салымдары- олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезнде жинақ кітапшасын көрсетуге қажет.Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша,мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.Жинақ салымдар жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық бакктік тәжірибеде жекет тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынандай түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар;
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзім белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады.Мерзімді жинақ салымдарға басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар- бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымдар білдіреді.Ағымдық жинақ салымдар, негізінен,жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді.Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыцз төленеді.
Депозиттік және жинақ сертификаты- бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк- эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мәлімдеуші сертификаттар;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарды салым иесінің аты- жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.Депозиттік сертификат- ол белгілі бір ірі соманы банкке салғандығы туралы берілетін жазбаша куәлік.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай 2 түрі бар:
- аударылатын
- аударылмайтын
Аударылатын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?