Дінтану | Араб халифаты құқығы

Дінтану | Араб халифаты құқығы

Араб халифаты құқығы
Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.)) билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер династиясының билігі (750-1258 ж.ж.).
VI! ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өндеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — "жер бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі" басында тұрған теократиялық мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.
VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа бірігуі аяқталды.
Омейядтардың басқару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл Сол.түстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар жерлеріне де қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. 751 жылы бүкіл Орта Азияны өздеріне бағындырды. 712 жылы Үндістанға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испанияны өздеріне бағындырды. Арабтармен жаулап алынған ұланғайыр аумақта халықаралық тіл болып араб тілі танылды. Ислам құқығы — шариғат жергілікті әдет-ғұрып нормалары мен институттарына еніп, оларды да өзінің бойына сіңіре бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы дінге айналды.
Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік орталықтандырылған сипатта болатын. Мемлекет басында жоғарғы діни (имамат) және мемлекеттік (эмират) билікті жүзеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті:
1) диуан-әл-джунд — әскерді қаруландыру мен жабдықтау бойынша ведомствосы;
2) диуан-әл-харадж — қаржылық-фискальдық (салықтық) ведомствосы;
3) диуан-әл-барид — жол және пошта бойынша ведомствосы.
Жоғарғы шенеунік болып уәзір табылды, ол тек халифтің алдында ғана есеп беретін болған. Провинцияларды әмірлер басқарған. Кезкелген империя сияқты халифатқа да бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінуге тура келді, оған сонымен қатар халифаттың тұрғылықты халықтарының үздіксіз көтерілістері де әсер етті. Жергілікті әмірлер қол астындағы әскери күштерін нығайтып, өздерін дербес басшы ретінде жариялауға тырысты. Мұндай жағдай Хорасандағы (Иранның бір бөлігі) тахиридтарда, Орта Азиядағы саманидтарда, Египеттегі тулунидтарда, Армениядағы және Грузияның бір бөлігіндегі багратидтарда, Ирандағы буидтарда кездесті. X ғасырдың басында Аббасидтердің қолында тек Араб Ирагы мен орталығы Бағдаттағы Батыс Иран ғана қалды, мұның алдында, VIII ғасырдың аяғында Испаниядағы Кордова әмірлігі (астанасы Кордова қаласы) бөлініп шықты. Нәтижесінде Аббасид халифтері саяси биліктен айырылды, оларда тек қана діни билік сақталып қалды.
Халифаттың құқығы. Шариғаттың діни ережелер жиынтығы екенін ескере отырып, шариғатты құқық пен діннің тоғысуы ретінде түсінуге болады. Шариғаттың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылған:
Құран — діни-моральдық ережелерден құралған, мұсылмандардың басты қасиетті кітабы;
Сүннет — Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен жүріс-тұрысы туралы хадистердің (аңыздардың) жиынтығы, мұнда отбасылық мұрагерлік және сот құқығының ережелері көрініс тапқан, ол. белгілі бір дәрежеде сот прецедентіне ұқсас болып келеді, яғни, Мұхаммед пайғамбардың белгілі бір істерге қатысты шығарған шешімдері кейінгі соған ұқсас істерге үлгі ретінде қолданылатын;
Иджма — беделді ислам заңгерлерінің шығарған шешімдері, ол жоғарыда аталған қайнар көздер қамтымай өткен мәселелерге қатысты шығарылатын, бұл жағдайда судьялардың (иджтихад) дербес қалауы қолданылатын.
Фетва — қоғамдық өмірдің жекелеген мәселелеріне қатысты ақсүйектер билігінің шығарған шешімдеріне қатысты беделді жоғарғы дінбасыларының жазбаша қорытындысы.
Шариғаттың ережелері жеткіліксіз болған жағдайда, әдет құқығын (әсіресе. бағындырылған жерлерде) немесе исламға қайшы келмейтін басқа да жергілікті заңдарды қолдануға рұқсат етілетін. Мұсылманның әрекеттері төмендегідей болып бөлінетін: қатаң міндетті (орындауға міндетті діни рәсімдер және ережелер); қалаулы (діни тұрғыдағы жағымды жүріс-тұрыс); рұқсат етілген (мысалы, исламның жауларын өлтіру); қалаусыз, алайда жазаланбайтын (мысалы, әйелін ұрып-соғу); тыйым салынған және қатаң жазаланатын (діни нанымға қарсы және дінге қарсы басқа да қылмыстар). Исламның басты құндылықтары болып дін, өмір, сана, жеке меншік және отбасы табылған.
Жауапкершілік сипатына қарай барлық қылмыстар шартты түрде үш топқа бөлінген:
1) дінге, отбасына, жеке меншікке және мемлекетке қарсы қылмыстар, олар үшін қылмыскер дене жазаларымен немесе өмірімен жауап беретін. Мысалы, ұрлық қолды шабумен жазаланатын; әйелдің зинақорлығы, құдайға күмән келтіру —,; өлім жазасымен жазаланатын. Мұндай қылмыстар үшін нақты жазалар — хадд қолданылған;
2) жекелеген тұлғаларға қарсы қылмыстар, бұлар үшін әдетте айыппұл немесе құн төлеу (қан үшін төлем) түріндегі жазалар қолданылатын. Қылмыстардың бұл түріне, ең алдымен, қасақана және абайсызда адам өлтіру, дене жарақаттары мен зақым келтіру жататын. Қан үшін кек алу рұқсат етілетін, бірақ, аса кең қолдау таппаған — бұған қарағанда құн төлеу жөн деп саналатын.
3) жазасы соттың қарауымен тағайындалатын (тазир) қылмыстар мен құқықбұзушылықтар.
Шариғатта міндеттемелік құқық жақсы дамыған. Шарттан шығатын міндеттемелер екі топқа бөліп карастырылды: бірінші топқа — затты біреудің пайдалануына берумен байланысты міндеттемелер, оған айырбас, қарыз, сыйға беру, жалға алу, сату-сатып алу шарттары жатады; екінші топқа — затты біреудің пайдалануына беру міндеті жоқ шарттар жатады, ол сақтау, серіктестік және тапсырыс шарттары.
Исламдағы меншік құқығының өз ерекшелігі бар. Мұнда меншік иесінің мүлікті пайдалану және билік ету құқығы бар, ал иелік ету құқығы тек құдіретті құдайға ғана берілген.
Отбасылық қатынаста шариғат еркек пен әкенің билік жүргізуін толық қолдаған. Ер адамдарға заңды некемен төрт әйелге дейін және саны шектелмеген некеден тыс әйелдерді алуға рұқсат берілген. Мұрагерлік қатынаста мұра беруші мүліктің тек үштен бір бөлігімен билік еткен, сонымен катар, мұрагерлерге мұра қалдырушының міндеттері емес, тек құқықтары ғана беріліп отырған, яғни, қайтыс болған адамның мүлкі барлық қарыздары өтелген соң ғана берілетін. Сонымен, мұраның үштен екі бөлігі заңға сәйкес мұрагерлікке (заңды мұрагерлеріне) және үштен бір бөлігі мұра берушінің тілегі бойынша (өсиет бойынша) берілетін.
Жердің құқықтық режимі де мәртебесінің әр түрлілігімен ерекшеленетін:
1) хиджаз — Мұхаммед пайғамбар өмір сүрген жерлер, ол жерде тұратын мұсылмандардан ондық салық алынатын;
2) вакуф — діни мұсылман ұйымдарына тиесілі жерлер;
3) мүлік — мұсылмандардың жеке жерлері;
4) икта — қызметі үшін уақытша берілген жерлер, бұл жерлерді пайдаланғаны үшін халықтан салық алынатын.
Сот өндірісі кәсіби судьялармен — кадилармен жүргізілетін. Судья қатаң іс жүргізушілік ережелерін сақтамайтын. Исламдық іс жүргізуде прокурор мен адвокат болмаған. Судья барлық істерді өзі дербес шешетін. Осыған сәйкес кассациялық және апелляциялық инстанциялар мұсылман құқығында орын алмаған. Дәлелдемелердің ішінде ант беру, куәлардың көрсетулері мен айыпталушының мойындауы ерекше маңызға ие еді. Куә ретінде әдетте ер адам ғана қатыса алатын, әйелдер мен басқа дін өкілдері куә ретінде көрсету бере алмайтын, үкімнің айыптылығын анықтауда ұқсастық бойынша талқылауға рұқсат етілетін. Анттар қасиетті кітапты ұстай тұрып берілетін, және әдетте шынайы болып табылатын, себебі, бұл жерде мұсылмандардың құдайдан қорқумен сипатталатын дүниетанымы мен түсінігі көрініс табатын.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!