Реферат: Биология | Естен тану

Реферат:  Биология | Естен тану казакша Реферат:  Биология | Естен тану на казахском языке

Естен тану



Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.

Естен танудың бастапқы сатысында зардап шегушіде қысқа уақытты қозу сипатталады. Ол есіне келгенде тынышсызданады, өзінің ауыр халде екенін сезіне алмайды, секіреді, қашуға ұмтылады, айғайлайды, жұлқынып сөйлейді, көздің қарашықтары ұлғаяды, өңі бозарады, жиі тыныс алады және тамыры жиі соғады.

Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.

Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:

- жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;

- зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;

- қан кетуді тоқтату;

Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;

- тыныс алу жолдарын босату;

- тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;

- ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);

- жылумен қамтамасыз ету;

- зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;

- жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;

Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.

Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Естен тану туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Естен тану на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat, реферат Естен тану туралы реферат биология казакша на казахском реферат Естен тану на казахском языке биология скачать бесплатно биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat, Реферат: Биология | Естен тану реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы