алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ әдебиеті | Халифа Алтай

Қазақ әдебиеті | Халифа Алтай

Алтай Халифа (1917 – 2003) – 18 желтоқсанда Шығыс Түркістанда туған. Дін және қоғам қайраткері, жазушы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 — 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.[1] 1940 ж. Алтай Халифа және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.[2] Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкстанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 — 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген. 1991 ж. Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды. 1995 ж. "Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді. 1995 — 2000 ж. Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған "Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды. Халықаралаық "Алаш” сыйлығын алды.
Арабша білім алған.
1934 жылы Алтай аумағынан ауып, содан Гансу, Шанхай өлкелеріне, одан Үндістан, Пәкістан жеріне, 1953 – 1954 жылдары Түркияға өткен. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған.
«Қазақ түріктерінің шежіресі», «Естеліктерім», «Ата жұрттан Анадолияға дейін», «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген.
«Құран Кәрімді», «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
[3]
Пайдаланған әдебиет

«Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
”Қазақ Энциклопедиясы” 9 том
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы