Қазақ әдебиеті |Есберді батыр

Қазақ әдебиеті |Есберді батыр

Есберді батыр шамамен XVII - XVIII ғасырда Абылай ханның сенімді серігі Әбілпейіз сұлтан тұсында өмір сүрген. Руы - Найман, Қожанбет, Егізқара атасына жатады. Ата қоныстары Бөкенбай тауының оңтүстік етегі, Қалжыр өзенінің бойында. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел-жұртына қамқорлық танытады. 1770 - 1776 жылдары найман елі Әбілпейіз және Көгедай сұлтандардың билігінде болады. 1776 жылы Әбілпейіз ордасы Қалжыр өзенімен Күршім өзені аралығында болған. Бабатілеу, Қабырғатал арасына хан ордасын тіккен. Көгедай Әбілпейізұлы ордасын Зайсандағы Жеменей өзенінің бойына ауыстырады. Хан ордасы кейіннен Ластыға ауысады. Себебі, бұл жер Қытаймен сауда қатынастарына қолайлы болды. Бұл кезде Шәуешекте жәрмеңке ашылады.
1726 жылы Ордабасы тауының маңында бүкілқазақтық құрылтай болды. Осы құрылтайға Қазақ хандығы жеріндегі хан - сұлтандар, атақты батырлар қатысады. Есберді батыр өз жасақтарын бастап құрылтайға қатысады. Есберді батыр Бұланты, Аңырақай шайқастарына қатысады. Бірде Көгедай төре Есберді батырды дереу Ластыға, Әбілпейіз ордасына шақырады. Бір түнде кешікпей жетсін дейді. Есберді батыр бірнеше жолдасымен Қара Ертістегі жалғыз өткел Түйетастан зорға өтеді. Батыр Түйетас арқылы бір жарым күнде Ластыға Көгедай төре алдына барады.
- Айтылған мерзімнен кешігіп келгені үшін Есберді батырдың басын алыңдар, - дейді Көгедай төре. - Алдымен төренің басын мен алармын, содан кейін менің басымды сендер аласыңдар, - дейді Есберді батыр. - Батырым кеудең асыл екен, бөксең жасық екен депті төре. Соңыңа ерген әскерің жоқ деген мағынада айтқан болса керек. Осыдан кейін төре ойланып батырды жазадан босатады. Төренің аузы уәлі болғаныма Бәйтелі ұрпақтарынан Есбердіден кейін қол бастаған батыр шықпайды. Есберді батыр қайтыс болған соң Қалжыр өзенінің бойындағы Диірмен деген жерге жерленеді. Көгедай төре батырдың зиратын көріп : "Есберді батыр адам еді, батыр денесі етекте жатпау керек. Оны көтеріңкі биік жерге жерлеп, "Есберді нұрасы" деп атаңдар" дейді. Батырдың ұрпақтары Есбердінің денесін орнынан алып, орнына қара қой көміпті. Себебі, қазақ халқының дәстүрі бойынша жерленген адамның денесі орынынан алынса, мәйіттің орны бос қалмауы керек болған. Батырды Қалжыр өзенінің оңтүстік - батысына биік жерге құрметпен жерленген. Күйдірілген қышпен қоршалған төрт бұрышты зираты осы күнге дейін тұр. Зират белгіні жұрт "Есберді нұрасы" деп атайды. "Есберді нұрасы " көп жылдар бойы жалғыз оқшау тұрады. 1966 жылы Қожанбет , Егізқара Дөсет атасына жататын Меңдібаев Ғұмар қария "Есберді нұрасына" жерленеді. Осыдан кейін "Есберді нұрасында бейіттер көбейіп кетеді. "Есберді нұрасы" күні бүгінге дейін көп бейіттер арасында тұр. Батыр туралы деректер аз. Есберді батырдың қандай ұрыстарға қатысқаны, әскерінің саны қанша болғаны туралы жазбаша деректер жоқтың қасы. Дегенмен қазақ халқының интелектуалдық деңгейінің жоғарылығының арқасында батыр туралы деректер ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып, біздің өмір сүріп жатқан кезеңімізге дейін жетті. Батыр туралы деректердің ұмыт қалмай, жиналып бірізділікке салынуына Марқа өңірінің беделді ұстазы, зерттеушісі Мешелева Мәкеннің үлесі қомақты. Мешелева Мәкеннің "Қарт Алтай аясындағы ару Марқа" атты кітабында батыр туралы жинаған материалдарды, Марқа өңірің атақты адамдары туралы мәліметтер келтірді. Өзге тарихи кітаптардың бірде бірінде Есберді батыр туралы деректер келтірілмеген.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі