Қазақ әдебиеті | Иван Алексеевич Щепетков

Қазақ әдебиеті | Иван Алексеевич Щепетков

Иван Алексеевич Щепетков (1910, Алматы қаласы - 16.11. 1941, Ресей, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково туған жылы айырмасы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, атқыш. Орыс. Мектептің 7-сыныбын бітірген соң Түрксіб темір жолында құрылысшы, кейіннен Сталинград трактор зауытында жұмысшы, соғыс алдындағы жылдарда Алматы қаласындағы циркте артист болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың маусымында шақырылды. Майдандағы әскерге 1941 жылдың қыркүйек айында барды. Ол Алматы қаласында құрылған 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2- батальонының 4-ротасында ұрыстарға қатысты. 1941 жылдың 16 қарашасында саяси жетекші В.Клочков басқарған танкіні жойғыш топ құрамында Дубосеково айырмасы жанында жау танкілерімен бетпе-бет шайқасты. ¥лы Отан соғысы кезінде Мәскеу қаласы түбінде тарихта 28 гвардияшы- панфиловшылар атымен белгілі топта болған Щепетковқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.07. 1942). Волоколам ауданының Нелидово селосында бауырластар зиратында монумент, Алматы қаласында 28 гвардияшы-панфиловшыларға мұражай салынып, мемориал орнатылған. Қаланың бір көшесіне Щепетков есімі берілген


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі