Тамақтану рационы. Aзық-түлік өнімдердегі органикалық заттар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар тағам өнімдіерінің суреттері бейнеленген карточкалар көмегімен топтарға бөлінеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында «Тағам құрамы» кестесін толтырады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар тағам құрамында су және энергия бар екендігін анықтаулары қажет. Алдымен тағам құрамында су және энергия бар екендігін және тағам өнімдерінің құрамындағы заттарды қалай анықтауға болатындарын болжайды. Содан кейін тағам құрамында энергия және су бар екенін тәжірибе арқылы көрсетеді және азық-түліктер құрамын тексеру үшін әртүрлі ерітінділерді белгілі бір сынамаға қосқанда түстің өзгеруімен танысады. Тиісті ерітінділерді пайдаланып, азық түлік өнімдерінің құрамын анықтайды Топтық жұмыс барысында әр топқа белгілі бір затты зерттеуді ұсынуға болады: нәруыз, май, крахмал және қант. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы – «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі бойынша рефлексия жасауы қажет. Мүмкіндігінше әр оқушының пікірлерін тыңдауға болады.
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?